5. Сабақты жабдықтау
Слайд- «Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері», нұсқау карталары, плакатқа жазылған жұмбақтар, үлестірме карточкалар, технологиялар. Сабаққа керек заттарды жабдықтау, қажетті құрал-жабдықтардың болуын қадағалау. Пышақтар, табақтар, тақтайшалар, тазартқыштар, қоқысқа арналған ыдыстар.
5.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1.Г.Бесімбаева, Е.Бесімбаев: Аспаздық, Астана 2015ж;
2.Матюхина З.П., Королькова Э.П.: Товароведение пищевых продуктов, Москва 2011г;
3.Анфимова Н.А:, Татарская Л.Л.: Кулинария, Москва, 200ж;
4.Ермакова В.И.: Аспазшылық, Просвещение, 1993ж.
5.2 Техникалық құралдар, материалдар
Оқу әдістемелік кешен, сабаққа керек заттарды жабдықтау, қажетті құрал-жабдықтардың болуын қадағалау. Пышақтар, табақтар, тақтайшалар, тазартқыштар, қоқысқа арналған ыдыстар.
6. Сабақтың барысы
Біздін сабағымыздың тақырыбын білу үшін мен сіздерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр:
Жаздай інге тығылып
Жатқан қызыл түлкіні
Әкелді әжем бір күні
Құйрығынан суырып. (сәбіз)
Жер астында басы бар
Жер үстінде шашы бар. (қызылша)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)
Формасы бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ. (Картоп)
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері» оқытушының түсіндірмесі.
Сабақтың мақсаты: Түйнекжемісті және тамыржемісті көкөністерді өңдеуге және турау тәсілдеріне үйрету. Шикізатты үнемдеп және жабдықтауларды ұқыпты пайдаланып техника қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормаларды сақтауға, өздерінің қателерін талдап, үйренуге баулу. Таңдап алған мамандығын бағалай білуге, жауапкершілікке, жолдастарына көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Көкөністер адам ағзасы үшін зор пайдасы бар олар адам ағзасындағы асқорыту процесін жақсартады, қышқылды-сілтілік орта тепе –теңдігі мен сұйықтық алмасуды қолдап отырады. Бірден бір негізгі витамин көзі болуы мен қатар, олар көмірсуларға, минералға, хош иісті (ароматты) және тәтті заттарға бай. Көкөністер тағам ретінде, сонымен қатар балық, ет тағамдарына гарнир ретінде беріліп, олардан салаттар және тұздықтар дайындалады.
Картопты механикалық-аспаздық өңдеуді механикалық, химиялық және термиялық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Олардың ішінде көп тарағаны механикалық тәсіл.
Көкөністерді механикалық – аспаздық өңдеу келесі әрекеттерден тұрады:
Іріктеу
Сұрыптау
Жуу
Тазарту
Турау
Мөлшеріне қарай іріктеу механикалық өңдеу кезінде керексіз шығынды азайта отырып, белгілі бір тағамды дайындауға көкөністі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сұрыптау кезінде бөгде қоспалардан, шіріген және соғылып жаншылғандарынан тазартады, сапасы мен мөлшеріне қарай бөлу жұмыстары жүргізіледі.
Көкөністі жуу - көкөністі жуу машиналарымен немесе қолмен топырақ, құм қалдықтарынан тазарту әрекеті.
Көкөністі тазарту дегеніміз олардан қоректік (астық) бағалылығы төмен бөліктерін қолмен немесе көкөніс тазалағыш машиналар көмегімен тазалау.
Көкөністі турау - көкөністерді біркелкі жылу мен өңдеуден өткізуге көмектеседі және оларға әсемдік сыртқы көрініс беріп, дәмін жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |