Сабақ тақырып атауы: Бастауыш кезеңдегі сөйлеуге үйрету


Мəтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі314,3 Kb.
#95816
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 прак сабақ

Мəтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.

  • Мазмұнын түсіну.

  • Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.

    Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру жəне тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-əрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, əр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нəрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет жəне əр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады.
    «Warming up» жаттығуы. «Do you know?»
    What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London?
    Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі. Əдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады жəне жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың əдістерімен қорытындыланады. Əңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мəтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап беру жəне сурет бойынша əңгіме құрастыру, əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады 
    Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын əдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады (1-кесте).
    Кесте № 1.Төмендегі мəтінді мысал ретінде алуға болады:
    My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
    Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» əдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас əңгіме құрастыру, оны əңгімелеп айту болып табылады (2-кесте).
    Кесте № 2. «Brainstorming» 2 əдісі.
    Бұл əдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:

    • Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,

    • Think of as many things as you can that are

    • How many methods of travel can you think of?

    • What if you were caught in an avalanche?

    • What if tobacco wasn’t brought to Europe?

    Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б. (3-кесте).
    Кесте № 3. «Spring is green» əнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]
    is green, spring is
    is bright. Summer is 
    Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады (4-кесте).
    Кесте № 4. Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау: 

     Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.

    Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тіл дамытуға болады (5-кесте). Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б. (5-кесте).
    Кесте № 5. Ойын арқылы ауызша сөйлеу қабілетін дамыту:

    1. «What’s in the bag?» «Сумкада не бар?» ойыны.[http://www.correctenglish.ru/]

    Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды: Балалар, сумкада не бар? Балалар ішінде дəптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолдануына болады. Əсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданған тиімді. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Содан соң оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды былай сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі.

    1. «Whose birthday is today?» ойыны.

    Мұғалім оқушыларға «One of you has a birthday today. Guess who she is».
    Оқушылар: What colour is her hear? What colour are her eyes?
    What is her nose like? What is she wearing?
    What is her hobby? — деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл жұмыс түрі де оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
    Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Қазіргі замандағы мұғалімдер ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін «Interview» («Интервью») ойынын қолдану өте тиімді деп есептейді. Сұрақ–жауап жұмыстарында ойындарды қолдану да өте қызықты деп саналады.
    Қорыта айтқанда, қазақ мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді əдістерді пайдаланып, əр түрлі жаттығулар орындатудың маңызы зор.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет