Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен таныстыру.
Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: төрт түліктің суреті ,ауылдың әуені ,тақта,
Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелеу,тақтамен ,ойын т.б.
Түрі: Ашық сабақ.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгін біздің оқу іс- әрекетіміз ерекше болады.Бізге қонақтар келді. Сәлем - сөз анасы демекші балалар, төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?
Ендеше айдай арайлап, күндей жайнап, жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.
Балалар барлығымыз орнымызға отырып көзімізді жұмайық, ауыл дыбысын тыңдайық.
Біз жаңа нелердің дыбысын естідік?
Олардың барлығын бір сөзбен «үй жануарлары» деп атаймыз. Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі.
Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы үй жануарлары жайында тоқталамыз.
Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!
Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
Түйенің баласын-бота дейміз.
Жылқының баласын -құлын дейміз.
Қойдың баласын-қозы дейміз.
Ешкінің баласын-лақ дейміз.
Балалар мен сендерге қоржын әкелдім оның ішінде мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма лар әкелдім, егер тапсырмаларыңды жақсы және дұрыс орындасаңдар менің сендерге сыйлығым бар.
1-тапсырма.
«Өз мекенін тап»
Үй жануарлары мен жабайы аңдарды бір-бірінен ажыратып, бөліп қою және олардың аттарын айтып беру. Екі бала кезек пен кезек, айтады.
2-тапсырма.
Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын шешіп көріңдер. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең көлік, сүті дәрі, еті ем.(Жылқы)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)