Сабақ Тәрбиеші: Хасенова М. Б. 2016-2017 оқу жылы Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта Бөлімі



Дата21.07.2017
өлшемі69,12 Kb.
#21777
түріСабақ



Ашық сабақ

Тәрбиеші: Хасенова М.Б.

2016-2017 оқу жылы

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

  • Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен таныстыру.

  • Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;

  • Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: төрт түліктің суреті ,ауылдың әуені , тақта,

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелеу, тақтамен ,ойын т.б.

Түрі: Ашық сабақ.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгін біздің оқу іс- әрекетіміз ерекше болады.Бізге қонақтар келді. Сәлем - сөз анасы демекші балалар, төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?

Ендеше айдай арайлап, күндей жайнап, жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.

Балалар мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауа жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

  • Балалар барлығымыз орнымызға отырып көзімізді жұмайық, ауыл дыбысын тыңдайық.

  • Біз жаңа нелердің дыбысын естідік?

  • Олардың барлығын бір сөзбен «үй жануарлары» деп атаймыз. Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі.

  • Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы үй жануарлары жайында тоқталамыз.

Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!

  • Сиыр мөңірейді;

  • Жылқы кісінейді;

  • Түйе боздайды;

  • Қой,ешкі маңырайды;

Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?

  • Сиырды-аухау-аухау дейміз.

  • Түйені-көс-көс дейміз.

  • Жылқыны-қырау-қырау дейміз.

  • Қойды-пұшайт-пұшайт

  • Ешкіні-шөре-шөре дейміз.

Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?

  • Сиырдың баласын-бұзау дейміз.

  • Түйенің баласын-бота дейміз.

  • Жылқының баласын -құлын дейміз.

  • Қойдың баласын-қозы дейміз.

  • Ешкінің баласын-лақ дейміз.

  • Балалар мен сендерге қоржын әкелдім оның ішінде мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма лар әкелдім, егер тапсырмаларыңды жақсы және дұрыс орындасаңдар менің сендерге сыйлығым бар.

  • 1-тапсырма.
    «Өз мекенін тап»
    Үй жануарлары мен жабайы аңдарды бір-бірінен ажыратып, бөліп қою және олардың аттарын айтып беру. Екі бала кезек пен кезек, айтады.

  • 2-тапсырма.

Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын шешіп көріңдер.

  1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
    Мінсең көлік, сүті дәрі, еті ем.(Жылқы)


  2. Кезікті бір жануар,
    Үстінде екі тауы бар.(Түйе)


  3. Кішкентай ғана бойы бар,
    Айналдыра киген тоны бар. (Қой)


  4. Екі найзасы бар, екі айнасы бар

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар (сиыр)

  1. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Адам емес бірақ,

Иегінде сақалы бар. (ешкі)

  • 3-тапсырма.

Үй жануарларының төлдерін тап.
Мен сендерге сурет таратып беремін ,соны орындаймыз.


4-тапсырма.Сергіту сәті:

Қарлығаштар қанатын,

Самғап, самғап қағады.

Қозы мен лағымыз

Ытқып- ытқып шабады


5-тапсырма.

Кім үй жануарына байланысты тақпақ айтады?

  • 6-тапсырма.
    жануарларды
    дауысынан таны.

  • 7-тапсырма
    «Жануарларды вагонға орналастыр»

  • 8- тапсырма

« Не артық»

  • 9 – тапсырма

Венн диаграмасы: Енді балалар мына үй жануарлары мен

жабайы аңдарды салыстырайық.
Үй жануарлары Айырмашылығы Жабайы жануарлар





Төрт аяқты,шөп жейді,

су ішеді,сөйлей алмайды,далада мекендейді.



Сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар және тақпақтарды жақсы айттыңдар.

Қорытынды:


  • Біз оқу іс-әрекетінде туралы өттік?

  • Үй жануарларына нелер жатады екен?

  • Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?

  • Жануарлар қалай дыбыстайды?

  • Жануарларды қандай ертегілерден кездестіруге болады?




  • Жарайсыңдар балалар бүгін барлықтарын өте жақсы қатыстыңдар.Мен сендерге сыйлығымды берейін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет