Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Бөлім: Сынып сағаты
|
Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»
|
Күні: 28.09.21
|
Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан
|
Сынып: 7 «г»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«1 қазан- Қарттар күні» ЖЖЕ
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
7.1.1.5 – Оқушыларға үлкенді сыйлауға баулу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Өлеңді мәнерлі оқуға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
|
Жаңа сабаққа дайындалады
|
|
|
Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут
|
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас — көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 — қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді
Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата — анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт — береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата — ана әр кезде де бақытты.
міне, балалар, біз өзіміздің ата — әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің.
|
|
|
Презентация
|
Сабақты бекіту
20 минут
|
Ата-әжелері туралы айту.
|
|
|
|
Соңы
5 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |