Сабақ: Тіл дамыту Cабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»



Дата25.08.2017
өлшемі31,85 Kb.
#26654
түріСабақ
Білім беру саласы: Қатынас

Сабақ: Тіл дамыту

Cабақтың тақырыбы: «Менің отбасым».

Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы туралы әңгімелеу, диалогті түрде сөйлесе білуге, грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық ойын


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Үйде нешеу екенбіз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым папам

Балалан үйрек апам

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Кішкентай бөбек сен.



Балалар мұғаліммен бірге саусақтарын көрсете отырып қайталау

Ұйымдастыру-іздестіру.
Әліппе-дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс:

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойыны

Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші суреттер арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу

-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-Отбасы мүшелері қайда тұрады?

нағашы ата-анаңның әкесі,


Нағашы әже-анаңның анасы

Немере-ұл-қыздарынан туған бала.

-Балалар менің айтқанымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

Өзі мейірімді, әрқашанда қатық-майы, ірімшігі, қант-кәмпиті дайын. Ол кім?

Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Балалармен бірге осы суреттер арқылы мақал-мәтел құрастырылады.

-Әке, ана, бала сөздерін талдау, сөйлем құрастыру
Атам жылқы бағады,

Ағам пішен шабады.

Жеңгем сиыр сауады,

Әжем киіз қағады.



-Жазбаша жұмыс.

-«Кімнің заты тап»

Шарты: балалар назарларына отбасы мүшелері және олардың қолданылатын заттарының суреттері беріледі. Сол суреттерді кімнің заттары екенін табу керек



Отбасы мүшелерін атау

Отбасы мүшелері бір шаңырақ астында, яғни үйде тұрады


Ата

Апа

Әке-асқар тау,

Ана-етегіндегі бұлақ

Бала-жағасындағы құрақ


Әке-з дыбыс, з әріп, 2 буын, мен әкемді жақсы көремін
Әженің көзілдірігін сызық арқылы қосу

Рефлексиялық коррекциялаушы

-Отбасы мүшелерін атаңдар?

-Отбасы мүшелері бір-бірімен қалай тұру керек?




Ата, әже, әке, ана, аға, іні

Отбасы мүшелері бір-бірімен тату тұру керек




Күтілетін нәтиже

Нені біледі: отбасы мүшелері

Қандай түсініктерді игерді: нағашы, ата, әже, немере

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: сөз жұмбақ шешу, суретті мақал мәтелдер құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет