25 минут
|
Сыныптағы әрекеттер тәртібі. Топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу. «Кәмпит шашу» әдісі.4 түрлі қағазды кәмпит шашамын. Бір-біріне тілек айтып, алмасады. Түрлеріне қарай 4- топқа бөлінеді.
Ширату жаттығуы. «КОФЕ таяқшасы» әдісі.
1.Тапсырма: Интербелсенді тақта арқылы, қажетті сөздерді көп нүктенің орнына қойып мақал-мәтелді оқыңыз.
Ашынған ..... болар, Ашыққан .... болар
Ауызда жиек жоқ, Тілде .... жоқ.
Әдеп басы –.... . Әрбір халық өзінің ... ... ғана бақытты.
Бас кеспек бар, ... кеспек. Бал тамған ... у да тамар.
Балаға өз ... сөйлеме, өз тілімен сөйле.
Басқа пәле – ... .
Керекті сөздер:тілді, тиек, тілден, тілден, тіліңмен,тіл, ұры.
|
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс әрекет қолданады.
|
Мақал-мәтелдің мағынасын түсініп, қажетті сөздерді табады,орнына қояды.
|
ҚБ.Бас бармақ Мақал-мәтелдегі негізгі ой?
Тақырыпқа шығамын. «Болжам» әдісі
2.Тапсырма. Топтақо«Үш қадамдақ сұхбат» әдісі бойынша.
Тапсырма: Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқиды,мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алыңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер,постерге салып қорғаңыздар.
● Мәтінде негізгі ақпарат не туралы?
● Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген деп кімдерді айтып тұр? Неліктен?
● ХХ ғасырдың ұлы жемісі деп нені айтады?
● Халықты сыйлауды білдіретін қандай қосымша ақпарат бар?
● Мәтінге ат қой.
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. О, туған ана тілім! Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс ақпаратты табады.
|
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді.
-Салыстырмалы талдау жасайды. (Мәтіндердің өзектілігін бүгінгі өмірмен салыстырады).
| |