Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер



бет2/4
Дата11.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#7422
түріСабақ
1   2   3   4

Дүниетану. 02.12.15. 4 «Б»сынып

Тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты: Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы жайында түсінік беру. Ой-өрісін, тіл байлығын , ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға , еңбексүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтүрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, шөлді дала мен далалы жер туралы диск.(деректі фильм),карта.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

ІІІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Кіріспе:

-Дала мен шөлді жердің ұқсастығы бар ма?

-Жылдың қай мезгілінде дала мен шөл далада ұқсастық байқалады?

Балалар пікірін тыңдап, жаңа сабаққа көшу.

Карта боынша еліміздегі жазықты алқаптарды еске түсіру.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының топырағы ылғалды, құнарлы келеді.Сондықтан арнайы суармай-ақ ол жерлерден бидай ,сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Жауын-шашын аз жылдары ғана арнайы қондырғылар пайдаланады. Арамшөбі тазаланып, егістік күтіледі. Ал қуаң далалар мен шөлдерді арнайы қазылған арық –тоғандар арқылы суландырады.Оларда әр түрлі дақылдар, бау—бақшалар егіледі.

Суармалы жерлерде күріш,мақта,жүгері,жүзім,қауын,қарбыз өсіріледі. Бұлар күнді және суды көп керек ететін өсімдіктер.Әр өсімдікке суреттерін көрсетіп отырып, жеке түсінік беру.Картадан осы өсімдіктер өсірілетін жерлерді көрсету.

Еліміздегі мал шаруашылығының ең бастысы –қой,мүйізді ірі қара шаруашылықтары.Бұлардан басқа жылқы ,ешкі, түйе, бұғы, құс шаруашылығы да бар.Шөл, шөлейт аймақтарда негізінен қой ,сиыр,жылқы,түйе шаруашылығы жақсы дамыған.Еділбай қойы, қазақтың арқар –мериносы,ақбас сиыр жылқы,түйе ,бұғы, құс өсіру дала мен шөлді аймақтардың негізгі шауашылықтары боп есептеледі.Суреттерін көрсету және картадан оларды өсіретін аймақтарды көрсету.

Деректі фильмді көрсету.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Өздеріне түсінгені бойынша әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:86-91-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге сиыр сүтінен қаншатағам түрлерін әзірлеуге болатынын,мал терісінен қандай бұйымдар жасайтынын жазып келу. 2. Бағалау

Дүниетану. 12.12.15. 4 «Б»сынып

С
4. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды
в) дала, шөл
с) қала, ауыл
5. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс Қазақстан облысы
в) Қызылорда облысы
с) Талдықорған облысы


абақтың тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнеролик.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шөл өсімдіктері мен жануарлары.

ІV: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Бейнеролик. (Шөл дала.)


Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады.
Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер. Ол --- шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.
Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді
Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді7
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.
Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық - өсімдіктері.
Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан - жануарлары.
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.
VII. Сергіту сәті.
VІІI. Бекіту кезеңі:
Тест.
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр
в) арқар
с) кесіртке
2. Дала өсімдігін ата.
а) селеу
в) жусан
с) қарағай

  1. Улы өсімдікті белгіле.
    а) боз
    в) бетеге
    с) сарғалдақ
    IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 82 - 86 - беттерді оқу, мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.



Дүниетану. 15.12.15. 4 «Б»сынып

Тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру. Олардың адам баласы үшін пайдасын ұғындыру.Теориялық ойын,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Сұлулыққа,әдемілікке ,тазалыққа тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм дискісі.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Орман пайдасы ,оны қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау,дәптерлерін аралап тексеру, оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: -Орманды ,тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды?

- Орман-тоғайдың адам үшін қандай маңызы бар? -«Қызыл кітап»деген не?

- Қазақстан жерінде қанша қорық бар?

-Қорықтарды ұйымдастырудың қандай маңызы бар ?

- Қандай мамандар орманның пайдасы үшін өз пікірін ортаға салды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.



V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Кіріспе: Су туралы, ондағы өсімдіктер мен жануарлар туралы не білесіңдер?Өздерінің көргендері туралы әңгімелету.

2.Картадан қазақстандағы өзендерді тауып көрсету.Көлдерді табу.

3. Құрлық суына өзен,көл, жер асты сулары жатады. Бұдан басқа ірілі-ұсақты су қоймалары, бөгеттер бар. Су қоймасының ылғалы мол,кейде батпақты жағасында шөптекті өсімдіктер : қалың құрақ, шоқ-шоқ қоға, қамыс өседі. Сары тұңғиық,аққугүлді де көруге болады.Ал балықоттың тамыры су түбіне жетпей, су бетінде тарамданып кетеді. Бақа сукөрігі, суқұмық та өседі. Су өсімдіктерінің тамыры жақсы жетілмеген. Су өсімдігі суда еріген қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді.Кейбір су өсімдіктерінің тамыры су астындағы лайға немесе тасқа ілініп ,бекініп өседі, Су қоймасы жануарлар әлеміне де бай.Инелік—торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік. Инелік—қомағай, пайдалы жәндік. Суаршын , сазқұндыз,кәмшат,құндыз,сияқты шағын денелі аңдар су қоймасында тіршілік етеді. Сүңгуір қоңыз, тоспа ұлу, алабұға, мөңке де осы арада тіршілік етеді. Олар туралы толықтыра түсінік беріледі.

4.Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.5.Деректі фильмді көрсетіп отырып,түсіндіру.



VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларының қандай пайдасы бар екенін 4 оқушыдан топтасып,әр топ өсімдік немесе жануар түрінің бірін алып ,сол туралы не білетіндерін жазып ,қорғайды.(Бірін-бірі қайталамуы тиіс)



VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Су қоймасының қандай түрлері болады?Су жағалауында,су ішінде өсетін өсімдіктер туралы не білдік?Тіршілігі сумен байланысты жануарды ата. Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?



VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын оқу,мазмұны.Дәптерге өз жеріңдегі су қоймасы туралы жазу.ІХ. Бағалау
Дүниетану. 19.12.15. 4 «Б»сынып

Тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер, деректі фильмге байланыысты диск.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау,жинақтау, көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1.Мазмұнын сұрау.Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы.

2. Дәптерлерін тексеріп, оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: орман-тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді ?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті,топырағы құнарлы,ылғалы мол,топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды.Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар. Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі.Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде ,топырағы құнарлы,ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат,долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл,балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек.қарағай,шырша ,қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа »енген.Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.



Суреттер бойынша түсіндіру.

Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында ,кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек,тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты ,бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт,қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл,жасылдау болады.Сілеусін, борша тышқан, тиін—жануарлары, тоқылдақ,көкқарға, шымшық, жапалақ—орман қамқоршылары.Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік,қасқыр,түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.



Суреттерін көрсетіп түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар?Өз ойларын әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?

- Тоғайда әсіресе не көп өседі?

-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 93-95-беттерді оқу, мазмұны, дәптерге 95-беттегі тапсырманы орындау.

Дүниетану. 23.12.15. 4 «Б»сынып



Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру.

Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы мазмұнын сұрап, үй жұмысын тиянақтау.Дәптердегі жұмысын тексеру.



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?

-Инелік туралы не білдің? Жетісу бақатісін не үшін аулайды екен?

-Құрып бара жатқан қандай балық туралы білдіңдер?

-Ол уылдырығын қайда шашатын еді?



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешіңдер.

1. Жасыл ине киімім, 2. Түрі шар сияқты,

Жайлаймын тау биігін. Түсі қып-қызыл.

Жаңа жылды тойласақ, Дәмі бал сияқты.

Төріңдемін үйіңнің.

Мұғалім түсіндірмесі

Картадан таулы жерлерді көрсету.Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы,құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады. Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы,итмұрын сияқты бұталар , арасында шалғындар бар.Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша,қарағай,арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз. Биік тауда барыс, сілеусін,арқар бар.Ұлар,қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр,шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Алтайда бұға шаруашылығы да жақсы дамыған.

Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де –ел дәулеті,табиғат көркі.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Жануарлар мен өсімдік суреттері бар үлестірмелерді таратып беру, топ бойынша. Әр топ сол сурет бойынша қандай жердікі екенін табады.Оны қорғайды.



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары неге алуан түрлі болады?

-Тау етегінен құздарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?

-Өзендер қалай пайда болады екен? - Жануарларының қандай пайдасы бар?

-Ең биік тасты құзда тіршілік ететін қандай құс?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 105-108-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге тау өсімдіктері мен жануарларын жазу. ІХ. Бағалау.


ІІ нұсқа
1. Дала өсімдігін ата.
а) селеу в) жусан с) қарағай
2. Улы өсімдікті белгіле.
а) боз в) бетеге с) сарғалдақ
3. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл
4. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы
5. Шалғын жануары.
а) бөдене в) жапалақ с) шымшық
6. Даланың неше түрі бар?
а) 4 в) 2 с) 3
7. Жылқы сүті қалай аталады?
а) қымыз в) шұбат с) көже
8. Күн сәулесі көп түспейтін орманды тап
а) кайыңды орман в) көктеректі орман с) шыршалы орман
9. Топырағы ылғалды әрі құнарлы өлке.
а) Солтүстік в) Оңтүстік с) Батыс
10. Шөл жануары
а) қосаяқ в) бартоғай бұғысы с) жаман сары
(тест жауабы)
І нұсқа 1с. 2а. 3в. 4с. 5а. 6с. 7с. 8в. 9а. 10с.
ІІ нұсқа 1в. 2с. 3с. 4в. 5а. 6с. 7а. 8с. 9а. 10а.





Өзіңді тексер.
І нұсқа
1. Суға тапшы аймақ.
а) дала в) шабындық с) шөл
2. Ормансыз тегіс алқап.
а) дала в) шөл с) құм
3. Шалғын қандай жерлерде өседі?
а) тау етегінде в) өзен аңғарларында с) жазық жерде
4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады?
а) шөл в) дала с) шабындық
Орман құсы.
а) шымшық в) бұлдырық с) бөдене
6. Алматы облысы Шелек өзені бойын мекендейтін жануар
а) елік в) доңыз с) бартоғай бұғысы
7. Суыр төмешігінің аумағын көрсет.
а) көлденеңі 1-5м, биіктігі 1м. в) көлденеңі 5-10м, биіктігі 1,5м.
с) көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м.
8. Мақта өсірілетін аймақ.
а) Солтүстік Қазақстан в) Оңтүстік Қазақстан с) Шығыс Қазақстан
9. Даланың неше түрі бар.
а) 3 в) 2 с) 4
10. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр в) арқар с) кесіртке

Дүниетану. 09.01.16. 4 «Б»сынып



Тақырыбы: Еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы
Мақсаты: Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы жайында түсінік беру. Ой-өрісін, тіл байлығын , ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту.

Табиғатты қорғауға , еңбексүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтүрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, шөлді дала мен далалы жер туралы диск.(деректі фильм),карта.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

ІІІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Кіріспе:

-Дала мен шөлді жердің ұқсастығы бар ма?

-Жылдың қай мезгілінде дала мен шөл далада ұқсастық байқалады?

Балалар пікірін тыңдап, жаңа сабаққа көшу.

Карта боынша еліміздегі жазықты алқаптарды еске түсіру.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының топырағы ылғалды, құнарлы келеді.Сондықтан арнайы суармай-ақ ол жерлерден бидай ,сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Жауын-шашын аз жылдары ғана арнайы қондырғылар пайдаланады. Арамшөбі тазаланып, егістік күтіледі. Ал қуаң далалар мен шөлдерді арнайы қазылған арық –тоғандар арқылы суландырады.Оларда әр түрлі дақылдар, бау—бақшалар егіледі.

Суармалы жерлерде күріш,мақта,жүгері,жүзім,қауын,қарбыз өсіріледі. Бұлар күнді және суды көп керек ететін өсімдіктер.Әр өсімдікке суреттерін көрсетіп отырып, жеке түсінік беру.Картадан осы өсімдіктер өсірілетін жерлерді көрсету.

Еліміздегі мал шаруашылығының ең бастысы –қой,мүйізді ірі қара шаруашылықтары.Бұлардан басқа жылқы ,ешкі, түйе, бұғы, құс шаруашылығы да бар.Шөл, шөлейт аймақтарда негізінен қой ,сиыр,жылқы,түйе шаруашылығы жақсы дамыған.Еділбай қойы, қазақтың арқар –мериносы,ақбас сиыр жылқы,түйе ,бұғы, құс өсіру дала мен шөлді аймақтардың негізгі шауашылықтары боп есептеледі.Суреттерін көрсету және картадан оларды өсіретін аймақтарды көрсету.

Деректі фильмді көрсету.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Өздеріне түсінгені бойынша әңгімелету.



VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?



VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:86-91-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге сиыр сүтінен қаншатағам түрлерін әзірлеуге болатынын,мал терісінен қандай бұйымдар жасайтынын жазып келу. 2. Бағалау

Дүниетану. 13.01.16. 4 «Б»сынып



Тақырыбы: Адам егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары.

Сабақтың тақырыбы:   Адамның  егін  және  мал  шаруашылығын  дамыту үшін  жасалатын  жағдайлар.

Сабақтың  мақсаты: Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Қоршаған ортаны аялауға баулу. Төрт түлікті күтуге сезімталдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.(Барша тіршілік иелеріне сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастайық)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет