Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны Барлығы (с.)


№ 11 дәріс тақырыбы: Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың табиғатта және адам өміріндегі алатын орны. Оларды есепке алу әдісі



бет6/17
Дата30.09.2023
өлшемі85,2 Kb.
#183130
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
4893170511434 Қазақстан биоалуантүрлілігі силлабус

№ 11 дәріс тақырыбы: Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың табиғатта және адам өміріндегі алатын орны. Оларды есепке алу әдісі


Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы.
Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар(Lepospond ylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады.
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.
Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.

№ 12 дәріс тақырыбы: Құстар ресурстарының түрлері және оларды орғау. Құстарға санақ жұмыстарын жүргізу.

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға биімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы.


Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері:
а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларға биімделіп, мінез – қылықтарын өзгертеді.
б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан,
в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, өрмелеу қабілетін жоймаған,
г) көбею біршама жетілген жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі.
Қаз тәрізділер Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, оларды тері жарғақтарымен қосылған. Әдетте олардың тұмсығын жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Тұмсығының сырты жұқа терімен қапталған, тұмсығының ұшында мүйізді бөлімі болады, оны «тырнақша» деп атайды. Тұмсығының үстіңгі бөлімінің ішкі жағында мүйізді пластинкалары бар. Кейбір түрлерінде (крохалдарда) жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.
Еркектерінің шағылыс оргындары болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүние жүзінде 200 – дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрі кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан үй құстарының көптеген түрлері шығарылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет