№ 13 дәріс тақырыбы: Сүтқоректілердің ресурстық түрлері және оларды қорғау
Табиғаттың аса маңызды байлығының бірі- жануарлар дүниесі. Ол өнеркәсіптік, техникалық, дәрі – дәрмектік шикізат, тағамдық өнімдері және адам қажетін қанағаттандыратын басқа да материалдық байлықтар алу үшін пайдаланылатын табиғи ресурс болып табылады. Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар үшін маңызы зор.
Қазақстан жерінде құнды тері, дәмді ет, дәрі – дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері тіршілік етеді. Мұнда біздің елімізде кездесетін 1244 түрлі омыртқалы жануарлардың (балықтардан басқа) жартысына жуығы тараған.Бұларға сүт қоректілердің 158 түрі, құстардың 485 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 52 түрі және қос мекенділердің 12 түрі жатады.Жер бетінде тараған омыртқалы жануарлардың арасында халық шаруашылығына аса маңыздыларының біріне терісі бағалы аңдар мен кәсіптік тұрғыдан ауланатын жабайы тұяқты жануарлар жатады.
Қазіргі кезде Қазақстан бойвнша жыл сайын 700 – 800 мың сомның бағалы жабайы аң терісі дайындалады. Өлкемізде таралған барлық сүтқоректілердің ішінде 50 – ге жуық түрі әр түрлі маусымда терісі үшін ауланатын аңдардың қатарына жатады.Негізгі ауланатын хайкандарға ондатр, ақтиын, суыр, зорман, кәдімгі саршұнақ , қызыл түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян (3 түрі). Күзен (2-3 түрі) сияқты аңдар жатады.Сирек кездесетін, бірақ терісі аса бағалы бұлғын, құндыз, сілеусін, қара және сары күзен сияқты аңдарда бар.Сонымен қатар ауыл шаруашылығына зиянды су тышқаны, бұзаубас, ұшар, аламан сеікілді ұсақ кеміргіштер де ауланады.
№ 14 дәріс тақырыбы: Ерекше қорғалатын аймақтар мен Қызыл кітаптың ресурстық түрлерді қорғауда алатын орны
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО- ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |