Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
№ 7 дәріс тақырыбы: Шыны майлы өсімдіктер ресурстары және оларды пайдалану
Өсімдік түрлерінің 90 % жуығының тұқымдарында майлар болады, майлар өсімдіктің басқа мүшелеріндеде жинақталуы мүмкін. Қорға жиналған майлардың негізгі ролі ол олардың қорлық материалдар ретінде пайдалануында. Мысалы тұқым өніп өскенде ұрық дамығанда, оларға қосымша майлар өсімдіктің табиғатына қолайсыз жағдайларынан сақтайтын қорғаушы ролін атқарады, мысалы температура өте төмендеп кеткенде. Қыстайтын тұқымдардың жарнақтарында жиналған майлар күн суытқанда ұрықты үсіп кетуден сақтайды. Бірқалыпты климат жағдайында өсетін ағаштар тыныштық күйіне көшкенде олардың сүректеріндегі крахмал майға айналып өсімдіктің суыққа төзімділігін арттырады.
Табиғи майларда 200- ден астам әртүрлі май қышқылдары бар. Олардың көпшілігінде углеродтар атомы 8 ден 24 дейін. Өсімдіктердегі майлардың пайда болуы және жинақталуы организмдердің тіршілігімен тығыз байланысты жүреді. Ол белгілі өсімдік түрінің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, онтогенезінің кезеңдеріне және қоршаған ортаға, тіршілік ортасының ерекшелктеріне байланысты. Тұқымдардың немесå жемістердің пісіп жетілу процесінде майдың мөлшері және оның химиялық құрамы тұрақты емес тұқым немесе жемістің қалыптаса бастағанûíан толық піскенше көбейеді. Бұл процесте майлардың сапалық құрамы (қаныққан немесе қанықпаған) азды-көпті тұрақты болады.