Академик И.О. Байтулиннің ойынша қазіргі кезде Қазақстанның көптеген региондарындағы экологиялық жағдай нашар. Шөлге айналу процесі кең масштабта жүруде. Соның нәтижесінде табиғи ресурстар экологиялық деградацияға ұшырап ол биологиялық өнімділіктің жоғалуымен қатар жүруде. Қазақстандағы шөлге айналған жерлер ауданы бүкіл Қазақстан территориясының 59,9% шамасында. Жерлердің мұндай масштабта деградацияға ұшырауының себебі ССРО-да дамудың негізгі идеологиялық принципі ол адамға табиғатты бағындыруда басымдық экологияға емес экономикаға берілді. Табиғаттың қулдырау (деградация) процесі одан әрі күшеймеу үшін ең алдымен жалпы мемлекеттік деңгейде Республикалық экологиялық саясатты анықтау керек. Онда қоғамның дамуындағы экономика және экология мәселелерін сәйкестендіру мемлекеттік дәрежеге шығарылуы керек. Сосын ұлттық экологиялық бағдарлама жасалып ол бағдарлама қоғамның даму стратегиясының құрамалы бөлігі болуы керек. Әр облыстың және ауданның өзінің региондық табиғатты қорғау стратегиясы болуы керек. Ол стратегия ұлттық экологиялық бағдарламаның бөлігі болуы 69 керек. Тек осындай табиғатты қорғауға келісілген әдістеме болғанда ғана табиғатты қорғау қоғамның даму жоспарына қайшылыққа келмейді. Әр облыс және район үшін қорғауды қажет ететін өсімдіктер және жануарлар түрлерінің экосистемалардың және басқада табиғат обьектілерінің тізімі жасалуы керек, олардың ғылымдағы және практикадағы бағалығы және экосистемадағы мәдениеттегі және тарихтағы ролі көрсетілуі керек. Әсіресе этолондық экожүйелерді, әртүрлі өсімдіктер және жануарларға бай эндемизм орталықтарын, мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының жабайы туған туыстарының таралған жерлерін, реликті сирек және жоғалып бара жатқан өсімдіктер және жануарлардың басқада бірегей табиғи обьектілерді өзгеруден немесе модификациядан сақтандыратын шаралар жасалуы керек. Әрбір жоба (проект)- кішкентай немесе үлкен жалпы мемлекеттік жергілікті немесе мекемелік, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек және міндетті түрде экологиялық экспертизадан өтуі керек. Әскери базалар территориялары толық масштабты экологиялық тексеруден өтуі керек. Бұл базалар қоғамның бақылауынан тыс қалған және өте жиі олар ластанудың таралуының ошағы болып табылады. Жоспарлайтын жобалайтын өндірістік және ғылыми мекемелердің жұмыстарының басы бірікпеушілігі көптеген региондарда халықтың ауруына жүйелі санақтың жоқтығы экологиялық ситуацияға ғылыми тұрғыдан баға беруді қиындатады.