САБАҚ ЖОСПАРЫ/ ПЛАН ЗАНЯТИЯ
Күні:
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: ӨКІЛДІК, СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ТАЛАПАРЫЗ ҰҒЫМЫ
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап алмасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаңа білімді меңгерту мақсатында өкілдік, сенімхат, талапарыз ұғымдарын түсіндіре отырып, оның белгілеріне тоқталып, сонымен қатар әр бап бойынша толық мағлұмат беру, ұғындыру
Дамытушылығы: Әдебиеттерге сүйене отырып, студенттердің танымдық жүйесін
дамыту, теориялық білімін жетілдіру
Тәрбиелілігі: Пән арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу
Көрнекі құралдар ОТҚ: Лекция материалдары, ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), сызбалар, құжат үлгілері.
Сабақ құрылымы / Структура занятия
1.Сабақ ұйымдастыру: Студенттермен амандасу, аудиторияның тазалағы мен дәріс өткізуге қолайлылығын тексеру, студенттердің сабаққа қатысын түгендеу, олардың зейінін сабаққа аудару, сабақты бастау
2.Өткен материалды қайталау: Пән бойынша студенттердің білімін тексеру және жаңа тақырып бойынша пікірлерін тыңдау
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Өкiлдiк туралы жалпы ережелер
Өкiлдiктiң пайда болу негiздерi және түрлерi
Сенiмхат
Талапарыз үлгілері
Өкiлдiк ұғымы. Азаматтық құқык субъектiлерi өздерiнiң бiрқатар құқықтарын және мiндеттерiн өкiлдер деп аталатын тұлғалардың жәрдемiне сүйенiп атқара алады. Осындай тұлғалардың iс-әрекеттерi оларды объективтiк құқық және субъ-ективтiк құқық тұрғысында қарастырғанда өкiлдiк деп аталады.
Бұл жерде балама орын алады. Азаматтық құқықтық қаты-настардың субъектiлерi өкiлдiң көмегiне жүгiнбей-ақ мүлiктiк айналымға өз бетiнше қатыса алады. Бiрақ, егер өкiлдiктiң алғы себептерi орын алып тұрса, онда, әрине, мүдделi тұлға өкiлдiң қызметiн пайдалануы да мүмкiн.
Жалпылама алғанда азаматтық айналымда өкiлдiк институты кеңiнен тараған деп айтуға болады. Қазiргi заман жағдайында өкiлдiк бұрынғыдан гөрi көп қолданылады.
Бұл орайда екi себептi бөлiп шығаруға болады. Бiрiншiден, уақыт тапшылығы орын алады, бiрқатар тұлғалар әрекеттердi өздерi жасаудың орнына оларды басқа тұлғаларға тапсыруды өздерiне ынғайлы деп шешуi мүмкiн. Екiншiден, қазiр субъектiлердiң әр түрлi қызмет салаларында мамандануының дәрежесi де жоғары болып келедi, сондықтан өкiл көмегiнсiз көптеген жағдайда тұлға қалайтын нәтижеге жету ауырға түсуi мүмкiн.
Азаматтық құқықта бiр адамның (өкiлдiң) екiншi адамның (өкiлденетiн тұлғаның) атынан мәмiлелер немесе басқа заңды әрекеттердi (мысалы, сотқа екiншiнiң атынан барып iс-жүргiзу iс-қимылдарын жасау) жасауға мүмкiндiктi қамтитын азаматтық құқықтық қатынастар, егер өкiл жасайтын iс-әрекеттер тiкелей екiншi тұлға үшiн азаматгық құқықтар мен мiндеттердi туғызатын, өзгертетiн немесе тоқтататын болса өкiлдiк деп аталады.
Мүлiктiк айналымда өкiлдiк айтарлықтай кең қолданылады, бiрақ оның қолданылуында кездесетiн ерекшелiктердi атап көрсету қажет. Өкiлдiң өзi ғана жасай алатын мәмiлелерде, не олардың өкiл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмiлелерде өкiлдiк қолданылмайды. Өсиет қалдыруды өкiл арқылы жасауға тыйым салынған мәмiленiң мысалы ретiнде аталуы мүмкiн. Егер өсиет қалдырушы қандай да бiр себеппен өсиетке қол қоя алмаса, оңда оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы өзге лаузымды тұлғаның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерiн көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Бұл жағдайда қол қойған адам өсиет қалдырушының өкiлi болмайды, өсиет қалдырушы тұлға өсиет мәмiлесiне өзi қатысады.
Бiрқатар мәмiлелер немесе заңды әрекеттердi, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмiр бойы асырауда ұстау шартын жасасуға қатысты заңнамада өкiлдiктi пайдалануға тiкелей тыйым салынбағанның бұл әрекеттер өзiнiң мәнiсi(некеге қатысты отбасылық заңнама нормаларына сәйкес) бойынша оларды жасайтын тұлғаның жеке өзi қатысуын талап етедi, сондықтан оларды өкiл арқылы жасау мүмкiн болмайды.
Өкiлдiк кейбiр жағдайларда өкiлденетiн тұлғаның атынан нақ-ты әрекеттердi жасауды болжауы мүмкiн. Мысалы, өкiл өкiл-денетiн тұлғаның атынан оған тиесiлi жүктi қабылдап алады. Өкiл өкiлденетiн тұлғаның сай келетiн заңды әрекеттер жасауы тиiс(әрине осындай нақты әрекеттердiң заңды мәнi де болады). Басқа кездерде өкiлдiк нақты емес тек заңды мәнi бар әрекеттердi жасауға мiндеттi болады. Осындай екi жағдайда өкiл барынша өкiлденетiн тұлғаның мүдделерiн сақтауы тиiс. Бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 163-бабы нормаларының мазмұнынан көрiнiп тұр.
Заңды әрекеттердi жасау кезiнде тек өкiлденетiн тұлғаның еркi iске асып қоймайды, аздаған шамада өкiл өзiнiң дербес шешiмдерiн қабылдап та өкiлденетiн тұлғаның мүддесiнде әрекет етедi. Әрине, өкiлдiң бұндай әрекеттерi өкiлденетiн тұлғаның еркiнен тыс болмауы керек, өкiл өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнен шығып кетпеуi тиiс.
Өкiл өкiлденетiн тұлға үшiн әрекеттердi оның атынан және есебiнен жасайды. Өкiл жасаған әрекеттер тiкелей құқықтар мен мiндеттердi өкiлденетiн тұлға үшiн тудырады. Өзге тұлғаның мүдделерiнде жасалатын әрекеттер кейбiр жағдайларда өкiлдiк теп танылмауы мүмкiн, себебi сол әрекеттер өкiлденетiн тұлғаның үшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарында ол үшiн құқықтар мен мiндеттердi тудырмайды, сондықтан заңды мәнi де болмайды. Мысалы, өкiл өкiлденетiн тұлғаның атынан мәмiле жасамайды, мәмiле жасауға көмектеседi (шарт мәтiнiң дайындайды, келiссөз өткiзедi). Сол сияқты, азаматтық-құкықтық шарт болып есептелмейтiн ниеттену хаттамасына қол қою да өкiлдiкке жатпайды.
Егер, заңды тұлға жұмысшысының әрекеттерi тiкелей оның лауазымдық мiндеттерiне кiретiн болса, онда, бұндай жағдайда да бiз өкiлдiк туралы айтпаймыз, жұмысшы жасайтын әрекеттер тiкелей заңды тұлғаның өзiнiң әрекеттерi болып танылуы мүмкiн.
Өкiлдiк қатынастарының субъектiлерi. Өкiлдiкте өкiл (сенiм алушы), өкiлденетiн тұлға (сенiм бiлдiрушi) және үшiншi тұлға (тұлғалар) араларында қатынастар туыңдайды. Әрқашан олар өкiлдiң және өкiлденетiн тұлғаның өзара қатынастарына сүйенiп iске асады.
Өкiлдiктiң көмегiмен жасалған мәмiле бойьшша құқықтық қатынастардың пайда болуы үшiн үш тұлғаның бiрлескен және үйлесiмдi еркi болуы қажет. Өкiл өкiлденетiн тұлға үшiн құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге өз еркiн қалыптастырады. Өкiл әрекеттерiн ерiктi жасайды, яғни, өкiл бiр немесе өзге өкiлдiк шеңберiнде жасалуы тиiс әрекеттердi жасауға мәжбүрленуi мүмкiн емес.
Үшiншi тұлға да өкiл әрекеттерi арқылы өкiлденетiн тұлға үшiн олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн қалыптастыруға еркiн бiлдiредi. Үшiншi тұлға бұған тыйым салынбайтын жағдайларда өкiлдi мойындамауы да мүмкiн. Үшiншi тұлғаның(тұлғалардың) ықыласы өкiлдiк қатынастары iске асуына мүмкiншiлiк бередi.
Өкiлдiк қатынастарында бастапқы рөл өкiлденетiн тұлғаның еркiнде болады. Өкiлденетiн тұлға өз атынан мәмiле жасауға келiсiмдi алдын ала немесе мәмiле жасалғаннан кейiн беретiң болса ғана өкiлдiк iске асуы мүмкiн. Егер өкiлденетiн тұлғаның оңды еркi қалыптаспаса, онда өкiлдiктiң құқықтық негiзi жойылады.
Өкiл мен өкiлденетiн тұлға араларындағы кұқықтық қатынас өкiлдiктiң өзi болады, оны өкiлдiктiң iшкi қатынасы деп атайды. Өкiл мен үшiншi тұлға арасындағы қатынас өкiлдiктiң сыртқы қатынасы болады. Мұнда өкiлдiк бойынша өкiлеттiктер жүзеге асады.
Бiр қатысушысы өкiл болатын мәмiледе өкiлденетiн тұлға мәмiле бойынша пайда болатын құқықтар мен мiндеттер иесiне (субъектiсiне) айналады. Үшiншi жақ үшiн өкiл кiм болып келетiндiгiнiң мәнi болмайды, өйткенi үшiншi жақ өкiл арқылы тiкелей өкiлденетiн тұлғамен құқықтық қатынас орнатады.
Құқықтар мен мiндеттер субъектiсi өкiл емес, өкiлденетiн тұлға болатындықтан, онда соңғының тиiстi азаматтық құкық қабiлеттiлiгiнiң болуы талап етiледi.
Мысалы, қазiр Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi лицензиялау тәртiбi өзгердi. Егер, сөз турагенттiң әрекеттерi жөнiнде болса, онда олардың азаматтарды сапарларға апаруға лицензиялары болуы талап етiлмейдi. Турагент болып келетiн тұлғалар азаматтарды сапарларға апаруға құқығы бар субъектiлер – туроператорлар атынан туристiк қызмет көрсету бойынша шарттарды жасасады.
Туроператорлардың лицензия негiзiнде пайда болатын арнайы құқық қабiлеттiлiгi болуы тиiс. Ондай құқық қабiлеттiлiк болама, онда олардың атынан турагенттер жасаған шарттардың да заңды мәнi болмай шығады.
Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның кез келген субъектiсi – заңды тұлға немесе әрекет қабiлеттiлiгiнiң күйiне қарамастан, жеке тұлға өкiлденетiн тұлға бола алады. Керiсiнше әрекетке қабiлетсiз жеке тұлғалар өз беттерiнше мәмiлелер жасауға құқықсыз болатындықтан, азаматтық құқық қабiлеттiктерi бола тұра, өкiл бола алмайды. Осымен қатар осындай тұлғалар өз ерiктерiмен бiреулерге олардың атынан өкiл болуды тапсыра алмайды.
Өкiлдiктегi сыртқы қатынас, атап айтқанда, өкiлденетiн тұлға мен мен үшiншi жақ арасындағы қатынас өкiлдiк қатынасымен тығыз тұйысады. Бұндай қатынасты бағалау әрқашан жанама түрде өкiлдiң әрекеттерi арқылы болуы мүмкiн.
Өкiл мәмiле жасау арқылы өкiлденетiн тұлғаның атынан және өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде өзiнiң еркiн бiлдiретiн болғасын, ол шарттарда тiкелей контрагент орнында көрiнедi (шын мәнде шарт тарабы өкiлденетiн тұлғаның өзi болып келетiнiне қарамастан).
Сондықтан өкiл арқылы жасалған мәмiленiң салдарын зерттеуде, мысалы, сенiм бiлдiрушi мен үшiншi жақ арасында туған даулар бойынша салдарды зерттеуде (атап айтқаңда, алдау, зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тануда) сенiм бiлдiрушiнiң емес, өкiл еркi қалай қалыпасты соған назар бөлу қажет.
Мысалы, сатып алу-сату шартын жасау кезiнде сатушы сатып алу-сату объектiсiнiң кемiстiктерi жөнiнде өкiлге ескертпе-гендiктен, бұл мән-жай жасалған мәмiленiң салдарына ыкпал ететiн болады, өкiлге сатып алу бағасын тиiсiнше кемiтудi, залалдың орнын толтыруды жөне т.с.с. талап етуге құқық бередi.
Өкiлдiң өз еркiн бiлдiруi талап етiлетiндiктен, жалпы азаматтық әрекет кабiлеттiлiгi бар тұлға өкiл ретiнде әрекет ете алады, яғни заң бойынша шартқа қатысуға тыйым салынбаған тұлға ғана өкiл бола алады. Сондықтан сот арқылы әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтар өкiл бола алмайды.
Кәмелетке толмағандар, әрекетке қабiлетсiз және әрекет кабiлеттiлiгi шектеулi азаматтар өздерi дербес жасай алатын мәмiлелер бойынша ғана өкiл болуға құқылы.
Өкiлдiң өкiлеттiктерi.
Өкiл жасауына рұқсат етiлетiн мәмiлелер мен өзге заңды әрекеттер ауқымын өкiлеттiк деп атайды. Өкiлеттiк өкiл үшiн ғана емес, сондай-ақ өкiл өкiлденетiн тұлғаның атынан құқықтык қатынастарға кiрiсетiн тұлғалар үшiн де маңызды болып келедi. Егер заң әрекетiң жасау сәтiнде өкiлдiң тиiстi өкiлеттiлегi болмаса, жасалған заң әрекеттерiн өкiлденетiн тұлға мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкiлеттiгi жоқ немесе өкiлеттiлiгi жеткiлiксiз өкiлдiң әрекеттерi заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкiлдiң өкiлеттiлiгiн үшiншi жақ тексере алады.
Өкiлдiн өкiлеттiгi, өкiлдiкке негiз болған зандық фактiнiң мазмұнынан туындайды. Филиал басшысын немесе заңды тұлға өкiлдiгiн тағайыңдауға негiзделген өкiлдiкте заңның талаптарына қарай өкiлдiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн басшыға сенiмхат берiлуi қажет. Бұл жағдайда өкiлдiң өкiлеттiктерi сенiмхатта көрсетiледi.
Оқиғаларға немесе соттың шешiмiне негiзделген өкiлдiкте өкiлдiң өкiлеттiгi тiкелей заңнама нормаларымен анықталады. Мысалы, баланың туылуы оқиғасына байланысты өкiлдiк пайда болса бала өкiлдерiнiң – ата-аналарының өкiлеттiгi өзгелермен қатар 14 жасқа дейiнгi көмелетке толмағандардың мәмiле жасау тәртiбiн қарастыратын Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 23-бабының нормаларымен анықталады.
Соттың шешiмiмен азамат әрекетке қабiлетсiз деп танылса өкiлдiң өкiлеттiгi әрекетке қабiлетсiз адамның мәмiле жасау тәртiбiн қарастыратын Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 26-бабымен анықталады.
Өкiлдiк мәмiледен туындайтын жағдайда өкiлдiң өкiлеттiгi мәмiле шарттары арқылы бекiтiледi. Мысалы, тапсырма немесе коммерциялық өкiлдiкке қатысты шарт жасалса өкiлдiң өкiлеттiгi не шартта, не сенiм бiлдiрушi немесе коммерциялық өкiл беретiн сенiмхатта көрсетiледi.
Өкiлеттiк кейде өкiл жасайтын әрекеттер жағдайынан көрiнуi мүмкiн. Мысалы, дүкендегi сатушы, бөлшек сауда бойынша мәмiле жасайтын болса, банк кассасы бөлмесiнде ақша қабылдауға, беруге жөне ақшалай есеп айырысудың өзге де түрлерiн жасауға қатысты әрекеттердi кассир жасаса. Мұндай жағдайларда өкiлдiң өкiлеттiктерi лауазымдық мiндеттерден туындайды және оларды сенiмхатпен куәландыруды қажет етпейдi.
Мәмiле жасау кезiнде өкiл бiр уақытылы екi тұлғаның атынан әрекет етсе, сенiм бiлдiрушi болып келетiн тұлғалардың (олардың бiреуiнiң) мүдделерiн қорғау мақсатында өкiлге өкiлденетiн тұлғалардың екеуiне де қатысты немесе бiр жағынан өкiлдiң өзiне қатысты мәмiлелердi жасауға жол берiлмейдi.
Өкiлдiктiң пайда болу негiздерi және түрлерi
Өкiлдiк пайда болуының негiзi болып заң немесе шарт келедi. Заң арқылы пайда болатын өкiлдiк занды немесе ықтиярсыз өкiлдiк деп аталады. Шарттың негiзiнде пайда болатын өкiлдiк шарттық немесе ерiктi өкiлдiк деп аталады. Белгiлi бiр адам кемiстiктерiнiң немесе әрекетке қабiлетсiз-дiгiнiң орнын толтыру қажет болатын жағдайларда занды өкiддiк пайда болады. Әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғандарға (есi ауысқан, нашақор, маскүнем және т.с.с. науқастарға) кәмелетке толмағандарға тағайындалған қамқоршылық (қорғаншылық) заңды өкiлдiк жағдайларына жатады. Заңды өкiлдiктiң пайда болу жағдайлары заңдарда баянды етiлғен. Заңнамада заңды өкiлдiктiң пайда болуына қажеттi заңдық фактiлердiң белгiлi бiр құрамы көрсетiлген.
Заңды өкiлдiк мүлiктiк айналымда кең таралған. Ол әрекетке қабiлетсiз адамдарға қатысты туындайды. 14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар және қорғаншылықа алынған жеке тұлғалар толығымен әрекетке қабiлетсiз болып танылады.
Қорғаншылықты белгiлеудiң шарттарын, тәртiбiн отбасылық заңнама нормалары қарастырады. 14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар және қорғаншылықка алынған азаматтар, сөзсiз, азаматгық құқық субъектiлерi болып келедi, олардың жалпы құқық қабiлеттiлiгi бар.
Сонымен бiрге, 14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар және қорғаншылықка алынған азаматтар өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын болғасын азаматтық құқық мұндай тұлғалардың өз әрекеттерiмен құқықтарға иеленiп, мiндеттер атқару мүмкiндiгiн танымайды. Яғни, олар әрекет қабiлетсiздер болып келедi
Осы себептен заңнама мұндай адамдардың әрекетке қабiлеттiлiгiнiң орын толықтыру үшiн заңды өкiлдiктi қарастырады.
14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн мәмiле жасайтын ата-аналар, асырап алушылар немесе қорғаншылар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтар үшiн мәмiле жасайтын қорғаншылар олардың заңды өкiлдерi болып табылады. Бұл жағдайда өкiлеттiк белгiлi бiр фактiнiң пайда болуына, мысалы, оқиғаға (баланың туылуы), соттың шешiмiне (азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану) байланысты өкiлдiктiң пайда болуына қатысты заң негiзiнде туындайды және ресiмдеудi керек етпейдi.
14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағаңдар үшiн және әрекет қабiлеттiлiгi шектелген жеке тұлғалар үшiн заңды өкiлдiк елеулi шектелген мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл аталғандай тұлғалардың өздерiнiң дербес әрекет қабiлеттiлiгi болуымен түсiндiрiледi. 14 жастан 18 жасқа дейiн кәмелетке толмағандар және әрекет қабiлеттелiгi шектелген тұлғаларға олардың азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға тиiсiнше ата-аналары, асырап алушылары немесе тағайындалған қамқоршылары көмектеседi (iшiнара жүзеге асырады).
Занды өкiлдер, әдетте, олардың қамқорлығындағы адамдар жасай алатын мәмiлелердiң барлығын немесе өзге де заңды әрекеттердi жасауға құқылы. Сонымен бiрге заңнама занды өкiлдер өкiлденетiндердiң атынан жасайтың әрекеттерiнiң белгiлi бiр санаттарына қатысты өкiлеттiктерге белгiлi дәрежеде шек-теулер қоюы мүмкiн.
Мысалы, қорғаншылар өкiлденетiн тұлғаның мүлкiн кепiлге салу, тұрғын үйiн айырбастау, оған қорғаншылық етiлетiн адамның құқықтарынан бас тартуы, мұрадан бас тартуы сияқты кейбiр мәмiлелердi жасау үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келiсiмiн алуы қажет.
Ата-аналарының заңды өкiлдiгi болатын жағдайларда да, атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалар меншiк иелерi болып табылатын жекешелендiрiлген пәтерге билiк ету кезiнде де аталған әрекеттердi жасау үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келiсiмiн алу қажет.
Коммерциялық өкiлдiк. Құқықтық реттелуiнде елеулi ерек-шелiктер бар коммерциялық өкiлдiк ерiктi өкiлдiктiң ерекше түрi болып табылады, оның құқықтық реттелуiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 166-бабында ұсталынады.
Коммерциялық өкiлдiктiң манызды ерекшелiгi – өкiлдiк қатынасында коммерциялық өкiлдiң қатысуында болып келедi.
Өкiлденетiн тұлғамен еңбек қатынастары жоқ, онымен қатынастарын жазбаша түрде жасасқан шарт негiзiнде құратын, өзiнiң қызметi үшiн сыйақы алатын және өзiне берiлген тапсырманы орындауда кәдiмгi кәсiпкердiң ыждағаттылығын көрсетiп әрекет етуге мiндеттi кәсiпкерлiк қызмет саласында шарт жасасуда кәсiпкерлердiң атынан ұдайы және өз бетiнше әрекет ететiн тұлға коммерциялық өкiл деп танылады.
Коммерциялық өкiлдiк кәсiпкерлiк қызметтiң дербес түрi болып табылады. Өкiлденетiн тұлғаға қатысты алғанда, коммерциялық өкiл қашан да бөгде адам болып саналады. Лауазымдық немесе еңбек қатынастарға байланысты заңды тұлға үшiн өкiлдiктi коммерциялық өкiлдiкке жатқызуға болмайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 166-бабының 2- тармағына сәйкес, коммерциялық өкiлдiң бiр мезгiлде өзiнiң қатысуымен жасалатын шарттың түрлi тараптарының мүдделерiн бiлдiре алуға қабiлетi коммерциялық өкiлдiктiң тағы бiр ерекшелiгiне жатады.
Кәсiпкерлiк кызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар да, жеке тұлғаларда да коммерциялық өкiлдер бола алады. Мысалы, өкiлденетiн тұлға (сенiм бiлдiрушi) кәсiпкерлердiң атынан және тапсыруы бойынша қор биржасында ұзақ мерзiмдi мәмiлелердiң негiзiнде мәмiлелердi жасасатын брокерлер және бағалы қағаздар рыногының өзге де кәсiби қатысушылары, шарт бойынша клиенттiң бағалы кағаздар пакетiне басшылықты жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, шарттың негiзiнде сенiм бiлдiрушiнiң атынан оның ақша қаражатына және өзге мүлкiне басшылықты жүзеге асыратын сенiмгер бас-қарушылар, оның iшiнде клиенттiң атынан сенiм операцияларын жүзеге асыратын банктер де коммерциялық өкiлдер болып келедi.
Коммерциялық өкiл кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратыңдықтан, оған заңда көзделген, кәсiпкерлiк қызметтi реттеудегi барлық ерекшелiктер таралады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi баптарының кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау туралы, кәсiпкерлiк қызметке байланысты ортақ мiндеттемелердi орындау туралы, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру барысыңда мiн-деттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған адамдардың жауапкершiлiгi туралы, борышқордың үшiншi тұлғалардың әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi үшiн жауапкершiлiгi туралы нормалары таралады. Аталғандарға байланысты коммерциялық өкiл өзiне шарт бойынша алынған мiндеттеменi бұзғаны үшiн кiнәсына қарамастан жауап бередi.
Коммерциялық өкiлге сыйақы төлеу тәртiбiн, мөлшерiн және тапсырманы орыңдау барысында онын шеккен шығындарының орнын толтыру тәртiбiн, коммерциялық өкiлдiктi қарастыратын шарт анықтайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 166-бабының 4-тармағында коммерциялық өкiл өзiне белгiлi болған сауда мәмiлелер туралы мәлiметтердi өзiне берiлген тапсырманы орындағаннан кейiн де құпия сақтауға мiндеттi екенi туралы айтылған. Бұл норма заңнамада коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпияны құрайтын мәлiметтер тiзбесiн белгiлеу мүмкiндiгiн көздейтiн коммерциялық құпия туралы заңдар ережелерiн одан әрi дамыту болып келедi.
Коммерциялық құпияны сақтау туралы талаптарды орындамау коммерциялық өкiлдiң коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпияны жария ету арқылы келтiрген залалының орнын толтыру түрiндегi жауапкершiлiгiне негiз болып табылады.
Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларындагы коммерция-лық өкiлдiктiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 166-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленуi мүмкiн. Атап айтқанда, банк зандарыңда сенiм операцияларын жүзеге асыру ерекшелiктерi, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi көзделедi.
Өкiлеттiксiз өкiлдiк. Өкiлдiк берушiнiң еркiмен, заң, сот шешiмi немесе әкiмшiлiк актпен белгiлеген шектегi уәкiлеттiгi бар тұлға өкiл ретiнде әрекет ете алады. Сонымен бiрге, бiр тұлға ешқандай заңды негiзсiз, заңды өкiл болмай тұра, немесе сенiм бiлдiрушi өзi берген тиiсiнше рәсiмдеген өкiлеттiгiсiз (сенiмхат-сыз) екiншi тұлға атынан және оның мүддесiне мәмiлелер жасайтын көптеген өмiрлiк жағдайлар кездеседi.
Осындай әрекеттердiң себептерi болып оларды жасайтын тұлғаның әрекеттер оның мүддесiнде жасалатын тұлғамен туыстығы, дос болуы, олар бiрлесiп кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және т.с.с. келедi.
Өкiлдiктi белгiлеу туралы мәмiленiң заң талап ететiн нысаны бұзылғанда да осындай жағдай пайда болады. Сенiмхаттың жазбаша не нотариаттық түрi бұзылғанда өкiлдiктi белгiлеу туралы мәмiле не сенiмхат жарамсыз деп танылады және бұл жағдайда тиiстi өкiлдiк жүзеге асырылуы туралы айтуға болмайды.
Тиiстi уәкiлеттiлiк берiлген адам өкiлдiктi жүзеге асыруда өзiне берiлген өкiлеттiк көлемiнен шығып кететiн жағдайлар да болуы мүмкiн, мысалы, ол үй жалдауға өкiлеттi бола отырып , сатып алу-сату шартын жасайды.
Өкiлеттiгi жоқ тұлғаның немесе өкiлеттiлiгi жеткiлiксiз тұлғаның әрекеттерi өкiлеттiксiз өкiлдiң немесе нақты өкiлдiк деп аталады. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 165-бабына сәйкес, мәмiле жасауға өкiлеттiлiк берiл-меген тұлғаның басқа тұлғаның атынан жасаған мәмiлесi тұлға осы мәмiленi кейiннен мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық, құқықтар мен мiндеттердi туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Бұл ереже тұлға басқа тұлғаның пайдасында мәмiленi (заңды әрекеттi) өкiлеттiгiн асырып жасаған кезде де қолданылады.
Өкiлеттiгi жоқ немесе өкiлеттiгi жеткiлiксiз тұлғаның жасаған заңды әрекеттерi әрекеттер оның мүддесiнде жасалған тұлғаның тарапынан қолдау таппаса, онда мұндай әрекеттер соңғы тұлға үшiн құқықтық салдар туғызбайды және өкiлдiк болып келмейдi. Құқықтар мен мiндеттер бұл жағдайда әрекеттердi өкiлеттiксiз жасаған тұлғаның өзi үшiн туындауы мүмкiн. Бiрақ бұндай жағдайда жарамсыз мәмiлелер туралы ережелер қолданылуы мүмкiн екендiгi жөнiнде ұмытпау қажет.
Өкiлдiк құқықтық қатынас болғандықтан, оған сәйкес белгiлi бiр тұлға өкiл баска өкiлденетiн тұлғаның мүддесiнде мәмiле немесе өзге де заңдық маңызы бар әрекеттер жасайтын болса және оған қатысты әрекеттер жасалатын үшiншi тұлға осы туралы бiлсе, онда болашақта сол тұлға өкiлеттiксiз жасалған әрекеттерге қатысты өз наразылығын бiлдiруi мүмкiн болмайды. Өкiлденетiн тұлға кейiн мәмiленi қолдайтын болса, онда, сондай үшiншi тұлға өкiлдiң өкiлеттiгi болмағаның себеп етiп, өзiне
алынған мiндеттерден жалтаруға құқысыз болады.
Жасалған мәмiленi мақұлдау түрлi нысандарда, мысалы, жазбаша құжат түрiнде, өкiл жасаған мәмiленiң нәтижелерiн қабылдау (яғни нақты әрекеттермен), мысалы, өнiмдi қабылдау, келiп түскен ақшаны есепке алу және т.б. түрде жүргiзiлуi мүмкiн.
Өкiлеттiгi жоқ немесе өкiлеттiгi жеткiлiксiз тұлғаның басқа тұлғаның атынан жасаған мәмiлелер немесе зандық маңызы бар өзге де әрекеттердi кейiннен мақұлдау жасалған мәмiленi және заңдық маңызы бар өзге де әрекеттердi жасалған кезден бастап жарамды етедi.
Мысалы, мәмiле ағымдағы жылдың қаңтар айында жасалған болса, ал мәмiле оның мүддесiнде жасалған тұлға оны наурыз айында мақұлдаса, осыған қарамастан мәмiле бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерi қаңтар айынан бастап пайда болған деп есептелiнедi.
Бұның өз кезегiнде тараптардың есеп айырысуы үшiн мәнi болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда шарттың тарабы оған мүлiк нақты берiлуiне, қызмет көрсетiлуiне, жұмыс орындалуына қарамастан шарт бойынша тиесiлi ақыны төлеуге мiндеттi болады. Егер қаласа мәмiле оның мүддесiнде жасалған тұлға шарт бойынша өзiне тиесiлi мүлiктi игiлiктi ала алар едi. Себебi онымен мәмiле жасаған үшiншi тұлға әрқашан сол тұлғаның талабы бойынша мүлiктi пайдалануды қамтамасыз етуге, қызмет көрсетуге, жұмыс орындауға дайын болған едi.
Сенiмхат
Сенiмхат дегенiмiз бұл – бiр тұлғаның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi (сенiм бiлдiрiлген) тұлғаға берген жазбаша өкiлеттiгi (ҚР АК 167-баптың 1-тармағы).
Бұған дейiн айтып өткенiмiздей, өкiлеттiктер жеке құжат – сенiмхатта, сондай-ақ өкiлдiктi белгiлеу туралы шарт – тапсырма беру шартында, коммерциялық өкiлдiк шартында және ұқсас басқа шарттарда қарастырылуы мүмкiн. Өкiлеттiк шартын талапттарынан көрiнiс табатын реттерде шарт сенiмхат орнына қолданылуы мүмкiн. Мұндай шарт заңнама осындай түрлi шарттарға қоятын барлық талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Бөлек жазбаша құжат – cенiмхат бiржақты мәмiле болып табылады. Сондықтан сенiмхатқа мәмiле жөнiндегi азаматтық заңнамада қарастырылған барлық ережелер қолданылуы мүмкiн.
Сенiмхат беру бiр тұлғаның – сенiм бiлдiрушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде екiншi тұлғаның – сенiм бiлдiрiлген тұлғаның (өкiлдiң) бiрiншi тұлғаның атынан ерiктi әрекеттер жасау мүмкiншiлiгiне әкеледi. Басқаша айтқанда сенiм хат беру азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге бағытталған мәмiле.
Сенiмхат беру бiр жақты мәмiле болып келетiндiгiне қарамастан сенiм бiлдiрушiнiң де сенiм бiлдiрiлген тұлғаның да құқықтық жағдайын өзгертедi. Болашақта сенiм бiлдiрiлген тұлға ерiктi заңды манызы бар әрекеттердi жасауы қарастырылатын болғасын сенiм бiлдiрушi мен қатар сенiм бiлдiрiлген тұлға да толық әрекет қабiлеттi болуы тиiс. Сенiм бiлдiрушi де немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға да әрекет қабiлеттiлiктiң болмауы немесе шектеулi болуы сенiмхаттың жарамсыздығы үшiн негiз болып келедi.
Сенiмхат жазбаша құжат ретiнде өкiлдiк қатынастарының қажеттi элементi болып табылады. Сенiмхат беру фактiсiн өзi ғана өкiлдiктi туғызбайды. Өкiл өкiлдiк берушiнiң атынан сенiмхаттың негiзiнде заңдық маңызы бар әрекеттердi жасаған кезде өкiлдiк туралы айтуға болады.
Сенiмхаттың нысаны, түрлерi. Заң мәмiленiң ерекше түрi сенiмхат үшiн оның мiндеттi жазбаша нысаны болуын көздейдi. Жалпы ереже бойынша, сенiмхат, жай жазбаша түрде жасалуы тиiс. Мүлiкке билiк жасауға және нотариатты куәландыруды талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхат, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариатты куәландыруға тиiс (ҚР АК-нiң 167-бабы 2-тармағы). Заңнамада қарастырылған сенiм-хаттың нотариалды жазбаша нысанына қойылатын талаптан ауытқу заңды тұлға атына берiлетiн сенiмхатқа қатысты болып келедi.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 167-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi.
Осы баптын 7-тармағына сәйкес ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 167-бабының 3-тармағына сәйкес, нотариалды куәландырылған сенiмхаттарға:
1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар;
2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары;
4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке тол-ған әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi.
Бiрқатар жағдайларда сенiмхат үшiн нотариалды куәландырылу бойынша талаптар қойылмайды. Мұңдай жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 167-бабының 4-тармағында аталған. Хат-хабар, соның iшiнде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенiмхатты сенiм бiлдiрушi тұратын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) әкiмдерi, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, сондай-ақ әскери қызметшiлерге сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң командованиесi куәландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куәландырады.
Сенiм бiлдiрiлген тұлғаға сенiмхаттың берiлуiн жеңiлдету және тездету үшiн, кажет болатын кезде, сенiмхатты телеграфпен немесе өзге де ресми байланыс құралдары арқылы беруге рұқсат етiледi. Мысалы, кейбiр жағдайда сенiмхатты тез арада ұсыну қажет болады, ал сенiм бiлдiрiлген тұлғамен сенiм бiлдiрушi әртүрлi қалаларда тұрып сенiмхатты шабарман немесе пошта арқылы жеткiзуге мүмкiндiк жоқ. Сенiмхат осындай жолмен берiлсе байланыс оргаңдары сенiмхатты қосымша куәландыруы тиiс.
Сенiмхатты ресми байланыс арналарын пайдаланбай да беруге, мысалы факс арқылы беруге болады. Бұл жағдайда оған қатыс-ты сенiмхат берiлген үшiншi жақ та сенiмхаттың жалған еместiгiн тану немесе танымау құқығы болады. Үшiншi жақ мұндай сенiм-хаттың жалған еместiгiн мойындаған жағдайда сенiм бiлдiрушi адам сенiмхаттың нысанына қойылатын талаптардың сақталмауын сылтау етiп, осындай сенiмхат негiзiнде жасалған мәмiленiң нәтижелерiнен бас тартуға немесе мұңдай мәмiленi жарамсыз деп танылуын талап етуге құқысыз болады.
Сенiмхаттың мерзiмi. Сенiмхат мерзiмдi мәмiле, яғни әрқашан сенiмхат қолданылу мерзiмi анықталуы тиiс. Сенiмхатгың қолданылу мерзiмi, әдетте, сенiмхаттың өзiнiң мәтiнiнде көрсетiледi. Заңнамада сенiмхат берiлетiн ең ұзақ шектi мерзiм қарастырылған, ол үш жылды құрайды.
Сенiмхаттың өзiнде үш жылдан ұзақ мерзiм көрсетiлсе де сенiмхат күшiнде болуы үш жылмен шектеледi.
Сенiмхат мерзiмдi мәмiлеге жатканымен, оның мәтiнiнде қолданылу мерзiмiнiң көрсетiлмеуi оны жарамсыз етпейдi, өйткенi заңда, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 168-бабында осы жағдайды толықтыратын нормалар көзделген. Аталған нормаға сәйкес сенiмхатта оның қолданылу мерзiмi көрсетiлмесе, онда мұндай сенiмхат толтырылған күнiнен бастап бiр жыл мерзiмге берiлген деп есептеледi.
Сенiмхаттың берiлген күнi мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс және ол сенiмхаттың жарамдылығы үшiн маңызды болады. Сенiмхат-тың берiлу күнiнiң көрсетiлмеуi оны жарамсыз етедi. Сенiмхат-тың шектi қолданылу мерзiмiнiң көрсетiлуi оның берiлген күнi көрсетiлмегендiгiнiң орнын толтыра алмайды. Яғни, сенiмхат бұл жағдайда да, егер, оның берiлу күнi көрсетiлмесе, жарамсыз болып қала бередi.
Сенiмхаттың берiлу күннiң көрсету жөнiндегi талаптың қарапайымдылығына қарамастан, тәжiрибеде берiлген күнi көрсе-тiлмеген сенiмхатар кездесiп турады.
Сенiмнiң ауысуы. Жалпы ереже бойынша сенiм бiлдiрiлген тұлға өзiне оларды жасауға өкiлеттiлiк берiлген әрекеттердi өзi жасайды. Бұл сенiм бiлдiрушi мен сенiм бiлдiрiлген адам арасындағы қаытнастар сенiмгерлiк сипатта болуына байланысты.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 169-бабына сәйкес, сенiм бiлдiрiлген адам өзiне сенiмхатпен берiлген өкiлеттiлiктi екi жағдайда ғана басқа тұлғаға сенiп бере алады: бiрiншiден, сенiмхат бойынша өкiлеттiктерiн сенiп тапсыру құқығын сенiмхаттың өзi беретiн жағдайда, екiншiден, сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiне қауiп төнетiн жағдайда сенiм бiлдiрiлген тұлға сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау үшiн сенiмдi ауыстыруға мәжбүр болса.
Бұндай жағдай кенет пайда болады сенiм бiлдiрiлген тұлға өзiне тапсырылған әрекеттердi жасау мүмкiншiлiгi болмай тұрып, сенiм бiлдiрушi тұлғамен байланыса алмай қалады, ал шұғыл шараларды қолданбау сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiне қауiп төн-дiредi.
Аталған бiрiншi жағдайда сенiм бiлдiрiлген тұлғаның үшiншi тұлғаға өзi жасауы тиiс әрекеттердi сенiп тапсыру құқығы өзiне берлген сенiмхатта тiкелей көрсетiлуi тиiс.
Екiншi жағдайда сенiмхатта сенiм бiлдiрiлген тұлғаның сенiмдi ауыстыруға құқығы қарастырылмайды және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның осындай әрекеттерiн сенiм бiлдiрiлген тұлға мақұлдаған жағдайда ғана олардың құқықтық мәнi болады.
Сенiм ауысу бойынша құқықтық қатынастар өкiлдiктiң негiзгi құқықтық қатынастарынан туындайды. Сондықтан өкiлеттiктi басқа тұлғаға сенiп тапсыру бойынша сенiмхаттың мазмұны ал-ғашқы негiзгi сенiмхаттың мазмұнына қайшы келмеуге және оның қолданылу мерзiмi негiзгi сенiмхатпен қолданылу мерзiмiнен аспауы тиiс.
Өкiлеттiлiктi басқа (үшiншi) тұлғаға беру жөнiндегi сенiмхат-тың мазмұны негiзгi сенiмхаттың мазмұнына қарағанда әлдеқайда қысқа болуы мүмкiн, себебi сенiмдi ауыстыратын сенiм бiлдiрiлген тұлға үшiншi тұлғаға өзiне тиесiлi кейбiр өкiлеттi-лiктердi ғана беруге құқылы.
Өкiлеттiктердi басқа тұлғаға беру жөнiндегi сенiмхат алғашқы сенiмхаттан қысқа мерзiмге де берiлуi мұмкiн, оның мерзiмi аяқ-талған соң бұрынғы сенiм бiлдiрiлген тұлға қайтадан өкiлдiк қатынастарына тiкелей қатысуы мүмкiн. Негiзiнен алғашқы сенiм бiлдiрiлген тұлға өзi үшiншi тұлғаға берген сенiмхатттың мерзiмi аяқталмай ақ өкiлдiк қатынастарында өзi де қатысуы мүмкiн.
Өз өкiлеттiлiгiн басқа бiреуге тапсырған сенiм бiлдiрiлген тұлға бұл жөнiнде сенiм бiлдiрушiге дереу хабардар етуге және оған сол үшiншi тұлға туралы, оның тұрғылықты жерi туралы қажеттi мәлiметтердi сенiм бiлдiрушiге хабарлауға тиiс (ҚР АК 169-бабының 4-тармағы).
Сенiм бiлдiрiлген тұлға сенiмнiң ауысуы туралы сенiм бiлдi-рушiге дер кезiңде хабардар етiп, оған жаңадан сенiм бiлдiрiлген тұлға және оның тұрғылықты жерi туралы хабарлаған соң өзiн алмастырған тұлғаны дұрыс таңдау үшiн ғана жауап бередi. Басқаша айтқанда алғашқы сенiм бiлдiрiлген тұлға жаңадан сенiм бiлдiрiлген тұлғаның iскерлiк касиеттерiнiң тапсырыс сипатана сай келуi үшiн ғана жауап бередi, ал соңғы тұлғаның әрекеттерi үшiн жауап беру мiндетiн өзiнен алып тастайды.
Сенiмхаттың түрлерi. Сенiм бiлдiрiлген тұлғаға берiлетiн өкiлеттiктiң көлемi мен мазмұнына қарай сенiмхаттың түрлерiн ажыратады. Сенiмхат мыналарды жасау үшiн берiлуi мүмкiн:
а) заңдық маңызы бар белгiлi бiр әрекеттi жасау үшiн, мысалы, белгiлi бiр мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу үшiн; б) ЖШС қатысушыларының бiр жиналысында ЖШС қатысушысының құқықтарын жүзеге асыру үшiн; в) белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр әрекеттердi жасау үшiн, мысалы, заңды тұлға жұмыскерi жүктердi көлiк ұйымынан мерзiм-мерзiмiмен алып тұруы және жүктердi көлiк ұйымына тапсыруы үшiн; г) ұзақ кезеңде сенiм бiлдiрушiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң тұтас кешенiн жүзеге асыру үшiн, мысалы, сенiм бiлдiрушiнiң мүлкiн басқару, филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерiнде заңды түлғаның мүдделерiне өкiлдiк ету жөне т.с.с.
Айтылғандарға байланысты сенiмхаттар бiр жолғы, арнайы немесе бас(жалпы) сенiмхаттар болып жiктеледi.
Сенiмхаттың тоқтатылуы. Сенiмхат кейбiр сенiмхатқа қатысты мiндеттемелер тоқтатылуының жалпы негiздерi бойынша, сондай-ақ, заңнамада сенiмхат үшiн көзделген, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 170-бабында қарастырылған негiздер бойынша тоқтатылады.
Сенiм бiлдiрiлген тұлға сенiмхатта көзделген әрекеттердi жүзеге асырғанына немесе асырмағанына қарамастан, оның мерзiмiнiң аяқталуы сенiмхаттың қолданылуын тоқтату негiздерiнiң бiрi болып келедi.
Сенiмхат белгiлi бiр мәмiлелердi немесе зандық маңызы бар әрекеттердi жасау үшiн берiледi. Сондықтан сенiм бiлдiрiлген тұлғаның мақсатқа жетуi өкiлдiк бойынша құқықтық қатынастарды тоқтатады және тиiсiнше сенiмхаттың қолданылуын тоқтатады.
Осылармен қатар сенiмхат тоқтатылады егер.
– сенiмхатты берушi тұлға оның күшiн жойса;
– сенiмхат берiлген тұлға одан бас тартса;
– оның атынан сенiмхат берiлген заңды тұлға тоқтатылса;
– атына сенiмхат берiлген заңды тұлға таратылса;
– сенiмхат берген жеке тұлға қайтыс болса, ол әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылса;
– сенiмхат берiлген жеке тұлға қайтыс болса, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылса.
Сенiмхатты берген тұлға сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.
Сенiмхат берушi сенiмхаттың күшiн жойғандығы туралы (ҚР АК-нiң 170-бабы) сенiмхат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң алдында өкiлдiк ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi. Сенiмхат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 170-бабының 5 және 7-тармақтарында көрсе-тiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған реттерде дәл сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да жүктеледi.
Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге дейiн немесе бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған әрекеттерi нәтижесiнде пайда болған құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшiн үшiншi жақтарға қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды.
Сенiмхат берiлген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенiмхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиiс.
Сенiмхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенiмхат бойынша басқа адамға өкiлеттiк беру де (сенiм ауысуы) күшiн жояды.
Талапарыз ұғымы.
Талапарыз жазбаша түрде беріледі. Арыз ішінде міндетті түрде келесі ақпарат болу керек:
Арыз беріліп отырған соттың атауы
Талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе талапкер заңды тұлға болатын болса, оның орналасқан жері. Егер арыз өкілмен берілетін болсы, онда оның атауы мен тұратын жері.
Жауапкердің атауы, тұратын жері (заңды тұлғаға оның орналасқан жері)
Талапкер өз талаптарын негіздейтін жағдайлр және талапкер жазған жағдайларды растайтын дәлелдер.
Талап-арыздың мәтіні
Егер талап-арыз бағалауға жататын болса, онда оның бағасы
Арызға қоса тіркелген (қосылып берілетін) құжаттардың тізбесі.
Арызға талапкердің өзі немесе өкілі қол қоюы тиіс. Егер талапарызды өкілі беретін болса, онда оның өкілеттігін растайтын сенімхат талапарызға қосылып тігіледі.
4. Білімді бекіту/Закрепление знаний:
1. Өкiлдiң өкiлеттiктерi.
2. Өкiлдiк қатынастарының субъектiлерi.
3. Занды өкiлдер
4. Коммерциялық өкiлдiк
5. Сенiмнiң ауысуы
6. Сенiмхаттың нысаны, түрлерi
7. Сенiмхаттың тоқтатылуы
5. Үйге берілген тапсырма/Домашнее задание: Өкілдік және сенімхат тақырыбын толықтыра отырып,сабақты ауызша баяндауға дайындалу. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) баптарды талқылау. Тақырып бойынша сенімхат үлгілерін жинақтау және сол үлгілер бойынша құжаттарды дұрыс толтыру.
6. Бағалау/ Оценивание
Достарыңызбен бөлісу: |