Алдыңғы меңгерілген білім
|
Оқушылар қазақтар мен жоңғарлардың арасында ең алғашқы ірі және маңызды шайқастарының бірі 1643 жылы болған Орбұлақ шайқасы екенін және осы кезде қазақтардың жоңғарларға қарсы күресін Жәңгір ханның басқарғанын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың қезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс - әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
10 мин
|
М «Жоңғар хандығы» бейнефильммен (видео) жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бейнефильмді көрсетіңіз. Бұған дейін оқушыларға бейнежазбаны тыңдау арқылы жауап беруге тиісті сұрақтарды беріңіз.
Сұрақтар:
Жоңғарлар деген кім?
Олардың саяси тарихы қандай?
Қазақстан аумағына қандай себеппен басып кірді деп ойлайсыз?
Жоңғар әскерінің ерекшеліктері қандай?
|
Жоңғар хандығы
https://www.youtube.com/watch?v=6N8u-wm80HY
|
Ортасы
20 мин
|
Зерттеу және талдау
Т Дереккөздермен жұмыс
Дереккөздермен жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылар мәтіндермен жұмыс істейді (Қосымша 1) және ақпараттық органайзерді толтырады (Қосымша 2).
Топтарда жұмыс істеу барысында оқушылар оқылған мәтіннің негізгі тармақтарын айқындайды:
Негізгі тарихи фактілер
Ежелгі тарихи тұлғалар
Негізгі кілтті түсініктер
Елеулі географиялық орындар, орын атаулары мен шайқастар.
|