Сабаққа дайындық сұрақтары Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда


Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі32,65 Kb.
#81350
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5 сабақ тарих
5 сабақ тарих, 9a6148f2-3a77-4f56-a3e0-9b772a9e4c01, 9a6148f2-3a77-4f56-a3e0-9b772a9e4c01
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыдыСемей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Ауыл шаруашылығы.Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды.Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
4.Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Жанейро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет