САБАҚ: Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.1.4.1 – тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар Берілген жоспар бойынша монолог құрайды.
Көптеген оқушылар Етістіктің жіктелуін біледі.
Кейбір оқушылар: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Етістікті жіктейді.
Монолог құрайды.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
жаратылыстану.
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
|
Сөз таптары.
|
Жоспар
|
Басталуы
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-біріне тілек айтады:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Қазақ тілін оқуды бастаймыз!
.Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Қаламсап ортада» әдісі арқылы
Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
-Етістік дегеніміз не?
-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді
ҚБ: бармақ арқылы
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|
Ортасы
|
71-жаттығу. (Ұ) Мəтінді тыңдау.
Тырналардың неліктен өкінгенін болжау.
Жетекші сұрақтар:
– Мəтін не туралы?
– Қарт тырна неліктен балалары мен немерелерін шақырды?
– Қарттың түсі туралы не айтар едіңдер?
(ТЖ) Монолог құрау.
Берілген жоспар бойынша монолог құрау.
Мəтіндегі етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айту.
ҚБ: бармақ арқылы
72-жаттығу. (ЖЖ) Мəтін құрап жазу.
Дескриптор:
Тірек сөздерді қатыстырып, мəтін құрап жазады.
Сөйлемдерді жазу барысында көркем жазуға тырысады
ҚБ.Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
73-жаттығу. (Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуі: тырна.
ҚБ: бармақ арқылы
74-жаттығу.ауызша (Ө) Берілген сөздердің жіктік жалғаулы етістік екендігін дəлелдеу.
ҚБ: бармақ арқылы
|
№3 дəптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Тапсырма
ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
Аяқталуы
|
Рефлексия «Бір сөзбен...».
Сабақтағы көңіл күйін бір сөзбен белгілеу.
«Өзіңді бағала» тапсырмасы бойынша сабақтағы өз іс-əрекетіне рефлексия жасап, бағалау. Оқушылар үш түрлі бағыт бойынша сабақтағы өзінің іс-əрекетіне рефлексия жасап, өзін-өзі бағалайды. Əр қатардағы жауаптарды оқып, біреуін белгілейді. Парталас досына жұмысын көрсетіп, бағалау өлшемі бойынша өз ойымен бөліседі, дəлелдейді.
Үйге: 75-жаттығу Оқулықта берілген өлеңді оқып, қатесін түзеп көшіріп жазады. .
|
№3 дəптермен жұмыс
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
|
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.
|