1.Сабақтың түрі. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Жаңа сабақ материалдары бойынша алдын-ала үйге тапсырмалар беріліп, ізденуге, зерттеуге, бір-бірін оқытуға бағыттадым. Бұл сабақта оқушылар бір-бірін оқытып, топпен моделдеу жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды. 2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақтың жаңа білімді меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Оқу кабинетіндегі құралдарды сабақта тиімді пайдаландым және сабақта білім беруді ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым. Оқушыларға шығармашылық-ізденіс тапсырмалар бере отырып, Сәбит Мұқановты әр қырынан танытсам, келесі жұмыста проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлауға, өз ойларын дәлелдеп, пікір айтуға жұмылдырдым. «С.Мұқановты біз кімге теңейміз?»моделдеу жұмысын жасады. 3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері.Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым.Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны – проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым. Сабақ беру әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаландым. 4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады. Кейбір оқушылардың сөздік қорының аздығына, қазақ тілде сөйлеу дағдылары төмендеу болғанына қарамастан нақты топпен жұмыс жасау кезінде белсене араласты, бірақ сөйлеуде қателіктер жіберді. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.