Сабаққа өзіндік талдау жасау Мектеп: «№17 орта мектебі»



Дата25.08.2017
өлшемі53,88 Kb.
#27632
Сабаққа өзіндік талдау жасау
Мектеп: «№_17 орта мектебі»КММ____Мұғалім:_Қапасова Гульжан Қамбарқызы

Күні_24.02.2017_сынып_11__оқушы саны_14_сабаққа қатысқаны______

Пән:_Қазақ әдебиеті_Тақырыбы:_Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы

Бұл сыныпта 2жыл сабақ беремін, Оқушылардың оқуға деген талпыныстары жақсы. Жауапкершіліктері мол, Сыныпта 12 оқушы. Оқушылардың білім сапасы орташа.



I.Сабақтың тақырыбы. Орта мерзіміді сабақ жоспарындаС.Мұқанов тақырыбына екі сағат берілген,өтілген сабақ- бірінші сағаты. яғни, екінші өтетін тақырыппен тығыз байланысты.

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгерлердің бірі- Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы жайында әр қырыннан мағлұмат беру,

Дамытушылық: оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, тілдік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік: жазушы өмірін өнеге ете отырып, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, өз елінің тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге баулу.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Балалар бір – бірін оқыта отырып, орындалған тапсырмаларды тексереді.Оқушылардың ой-өрісін дүниетанымы кеңейеді,көркем сөзді өз сөздік қорларын пайдалана алады,ауызша сөйлеуге дағдыланады,шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.Қаламгер өмірімен таныса отырып, адамгершілікке, білімге, өз елінің ұлттық құндылғын танып, құрметтеуге баулиды.
Негізгі идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы презентация , моделдеу әдісі арқылы оқыту жүзеге асады. Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.



Сабақта Қанипа Бітібаеваның жаңа тақырып бойынша алдын ала тапсырма беріп, оны сабақта қолдану тәсілін , ойлану, ойлау,ой салу ,АКТ технологиясын, және моделдеу,түртіп алу, презентация қорғау, оқушылардың бірін-бірі бағалау, оқытудың немесе компьютерлік технологияны қолдана отырып, көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым.

II.Сабақ кезінде нақты іске асырылатын әрекеттер. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы презентация , моделдеу әдісі арқылы оқыту жүзеге асады. Мақсаты: Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді

Сабақты бастамас бұрын Ұйымдастыру кезеңіне назар аудардым: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, мотивациялау мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргіздім және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым.Қызығушылығын ояту, сабақ тақырыбын ашу мақсатында есеп сөзжұмбағы берілді. Оқушыларды сабақтағы жетістік критерийлерімен таныстырдым.

III.Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік, т.б, мақсаттары.

Cабақ барысында оқушыларды жаңа білімді өз беттерімен алып, бірін –бірі оқытуға бағыттадым ,іздену, зерттеу, салыстыру, түйінді ой шығарып, пікір білдіргенге үйреттім, Өз елінің әдебиетін , тілін білуге баулыдым.

IV.Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:

1.Сабақтың түрі. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Жаңа сабақ материалдары бойынша алдын-ала үйге тапсырмалар беріліп, ізденуге, зерттеуге, бір-бірін оқытуға бағыттадым. Бұл сабақта оқушылар бір-бірін оқытып, топпен моделдеу жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды.

2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақтың жаңа білімді меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Оқу кабинетіндегі құралдарды сабақта тиімді пайдаландым және сабақта білім беруді ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым. Оқушыларға шығармашылық-ізденіс тапсырмалар бере отырып, Сәбит Мұқановты әр қырынан танытсам, келесі жұмыста проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлауға, өз ойларын дәлелдеп, пікір айтуға жұмылдырдым. «С.Мұқановты біз кімге теңейміз?»моделдеу жұмысын жасады.

3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым. Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны – проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым.

Сабақ беру әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаландым.

4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады. Кейбір оқушылардың сөздік қорының аздығына, қазақ тілде сөйлеу дағдылары төмендеу болғанына қарамастан нақты топпен жұмыс жасау кезінде белсене араласты, бірақ сөйлеуде қателіктер жіберді. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.
5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі. Оқушыларға үйге тапсырманы сыныпта орындалған жұмыстарына байланысты қайталау, дамыту мақсатында бердім. Онда үй тапсырмасын қалай орындау жолдарын, орындау барысында неге көңіл бөлу керектігін оқушыларға түсіндірдім. Үй тапсырмасында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына да мән бердім.Қызығушылықтарын арттыру мақсатында үй тапсырмасы «Ботагөз» романы бойынша түсірілген фильмнен үзінді көрсеттім.

V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Таңдалып алынған көрнекілік құралдар проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.

Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді нақтылай түсуім қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет