№
|
Ескертпелер
|
Мұғалім пікірі
|
1
|
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
|
Сабақта интерактивті тақта, презентация Қазақстанның физикалық картасы (сұрақтар, тапсырмалар мен бағалау критерийлері, дескрипторлар жазылған) пайдаланылды.
|
2
|
Сынып туралы қысқаша мәлімет:
|
Сынып:9«А» Оқушы саны: 24 Сабаққа қатысқаны: 24
Білім сапасы: 67%
Бұл сыныпта 5 жыл сабақ беремін. Оқушылардың оқуға деген талпыныстары жақсы.Сыныптың география пәніне деген ынтасы, қызығушылығы жоғары. Сыныпта түрлі деңгейдегі оқушылар бар, сондықтан тапсырмалар мен әдістерді қолдануда бұл жайт ескерілді.
|
3
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.Оқу –құралдарды дұрыс пайдалана алу ескерілді . Картамен жұмысты дұрыс жолға қойу ескерілді
|
4
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
|
Жаңа сабақ. Сабақта өткен тақырып бойынша «Сұрақтар қоймасы » әдісі бойынша сұрақтар қойып өткен білімдерін тексерді. «Шындық ,жалған » әдісі бойынша өткен білімдері қорытындыланды.Өткен сабақпен Өткен сабақ Ноосфераның қалыптасуындағы антропогендік факторлар тақырыбы бойынша алған білімдері жаңа сабақпен ұштасып отырды.. Екі тақырып арасындағы өзара байланысты сабақтың өн бойында қарастырылады.
|
5
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Сабақтың мақсаттары оқу мақсаттарымен келісілген, атап көрсетсем оқу мақсаттары – түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады;
Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандарын анықтайды
Физикалық карта бойынша физикалық –географиялық аудандардың географиялық орнынкартадан анықтап көрсетеді
Қазақстанның табиғи хоронимдерінің мағынасын жіктеп транслитерациясын үш тілде ұсынғанда функционалдық сауаттылық бойынша қолдану деңгейіне жатады сондықтан таңдап алынған әдіс–тәсілдері осы деңгейге сәйкес келеді.
Сабақ мақсаттары пәннің ерекшеліктеріне бағдарланған, оның дәлелі сабақ жоспарында ұсынылған оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып,
нәтижесінде мақсаттар оңтайлы және қол жетімді болып жүзеге асырылды деп ойлаймын.
Жаңа сабаққа кірген кезде оқушыларды сабақтың мақсатын қоюға бағыттап, өн бойында күтілетін нәтижеге бағыттап отырдым.
Мақсатқа қол жеткізудің үрдісі cабақтың барысында «Бағалау сызғышы» арқылы бағалап , ынталандырып отыруы тиімді болды.
|
6
|
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
|
Сабақта білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттер алға қойылды.
А) Білімділік Қазақстанның ірі физикалық –географиялық аудандары анықтап ,картадан географиялық орынын көрсетіп, тақырып бойынша алған ақпараттарды бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Дамытушылық міндеттер үшін ұқсастық пен айырмашылық, себеп пен салдар концептілерімен жұмыс жасау барысында географиялық тұрғыдан ойлай алу дағдыларын дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту
Б) Тәрбие компонентін іске асыруда туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған білімдері бойынша өз отанын тануға құрметтеуге тәрбиеленеді.
|
7
|
Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
|