Сабаққа өзіндік талдау жасау Мектеп: «Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп мдош» мкм мұғалім



бет4/7
Дата05.03.2023
өлшемі58,94 Kb.
#171159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сабақты өзіндік талдау Гулшат

Тиімділігі: оқу мақсатының орындалуына әсер етті.


Табыстылығы:Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.



8


Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс


болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?



Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.Сабақтың әр кезеңінде СТО әдіс - тәсілдермен, ойындар өткіздім.

9


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды?


Сабақтағы пайдаланылған әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.



Сабақты бастаған кезден ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, саралаудың жіктеу тәсілі арқылы оқушылар «flippity» әдісі арқылы
3- топқа бөлінді.
Миға шабуыл.Тақтадан «Ой шақырыу » сұрақтар қою арқылы ой толғаймыз.Қойылған сұрақтарға оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу, жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылды.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты хабарланады.
Зерттеу және талдау.Жаңа сабақты түсінуде оқулық мәнінін пайдалану көр арқылы өзара талқылау жүргізеді. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойу арқылы түрлі пікірлері айтылады.
1 тапсырма.Тақырып мазмұнын ашатын «Карталар сөйлейді » әдісі бойынша кесте, карта таратылады. Берілген мәліметтерді қолдана отырыпхалықтардың географиялық орнын анықтайды топ ішінде талқылайды, нақты сұраққа жауап бере алады;
2 тапсырма.«Диаспора сыры » әдісі арқылы қазақ диаспорасы көп шоғырланған елдерді тауып кескін картаға түсіреді. Карта бойынша топта талқылайды.
3 тапсырма. «Вен диаграммасы» әдісі арқылы Дүниежүзіндегі әлемдік үш діннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра сипаттады.
Сабақты қорытындылау. «Wordwoll» платформасымен ойын онату арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімдері қорытындыланып, тақырып бекітілді.

10


Оқушымен жұмыстың қандай түрлері болды





Сабақта оқушылармен жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері болды.
- Кестемен картамен жұмыс жасау барысында әр оқушы топта талқылап жұмыс жасады.
- Кескін картамен жұмыс барысында жұппен жұмыс (ЖАДА) сәтті жүргізілді.
- сабақ барысында жеке оқушыларға «Қазақстан халқының кестесі» әдісі бойынша кестемен жұмыс берілді .
- «Вен диаграммасы» тапсырмасында жеке жұмыс жүргізіліп ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау арқылы әр оқушы өзінің тақырыпты меңгеру барысында қай сатыда тұрғандығын анықтауға мүмкіндік туындады.
Сынып ішіндегі ерекше назарда Азербайжан Ұлан,Асқар Балнұр,Қартабай Аружан осы оқушылар ерекше назарда болып болып, оларға барынша қолдау көрсетіліп, жұппен жұмысты ұйымдастыруда да, тапсырмаларды орындауда көмек көрсетіліп отырды.



11

Саралау тәсілі болды ма?

Сыныптағы барлық оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі саралау тәсілдері қолданылды.
- алдымен сабақтың мақсатын саралау;
- тапсырмаларды саралау («Миға шабуыл», кескін картамен жұмыс);
- тапсырмаларды орындау барысында қолдауды қажет ететін оқушыларды барынша көмек көрсете алатын оқушылармен топтастыры, жұппен жұмыста да (ЖАДА) саралау жүргізілді;
- үй тапсырмасын беруде де саралау жүзеге асырылды, яғни міндетті барлығына тапсырма және ерікті түрде орындауға ұсынылған қосымша тапсырма күйінде берілді.



12

Формативті бағалау жүргізу

Формативті бағалау сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізілді. Мысалы, оқушыларды ынталандыру, қателерін дер кезінде түзету мақсатында формативті бағалаудың:
-эмоционалдық аспектісі«Бас бармақ» әдісі бойынша. Әр тапсырмадан кейін жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзара және өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына (асықпен қызығушылықтарын арттыру) жағдай жасалды.
- әлеуметтік аспектісі«Еркін микрафон » әдісі негізінде және өзін-өзі бағалау тәсілі қолданылды. Оқушыларға өз-өзін бағалауда тақтада анық көрініп тұрған, сабақтың өн бойында «Смартфон» бойынша оқушылардың жұмыстарына бағалау жүргізілген тәсіл алдыға ұмтылуға итермелеуші күш ретінде қызметін сәтті жүзеге асырылды.
-үш аспектісінің ішінде ең сәтті шыққаны танымдық аспект. Оқушыларға тапсырмалар бойынша берген бағалау критерийі мен дескрипторлар дұрыс қадамдарын көрсету арқасында оқушыларға мақсатқа жету өте тиімді болды.



13

Үй тапсырмасын беру

Үй жұмысы сараланып берілді, яғни мақсаттан бастаған саралау үйге берілген тапсырмаға дейін жалғасын тапты.



14

Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Жоспарлаған жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар оқу мақсатында көрсетілген картамен жұмыс жасауды, этно әлеуметтік құрылымын анықтауды және алған білімдерін қолдана алды. Барлық оқушылар Қазақстанның ұлттық және діни құрамын анықтап талдай алады, қазақ этносына өз көзқарастарын білдіре алады деген үміттемін. Сабақтың жоспарланған уақытта жүргізіліп, уақытты тиімді пайдалана білдік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет