«Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытамын
1.Қандай бұрыштарды білесіңдер? Сүйір, доғал, тік бұрыш
2.Тік төртбұрыштың қасиеттерін айт. Тік төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең болады
3.Шаршы дегеніміз не? Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш шаршы деп аталады.
4.Тік төрбұрыш дегеніміз не? Оның барлық бұрыштары тік.
5 Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
(тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, көпбұрыш)
6.Көпбұрыш дегеніміз не?
Көпбұрыш дегеніміз тұйықталған сынық сызықты айтамыз.
7.Көпбұрыштың нелері болады? (қабырғалары, төбелері)
8..Көпбұрыштың төбелері немен белгіленеді? (латын әріптерімен)
9.Көпбұрыштың ұзындықтарын қалай табуға болады? (барлық қабырғаларын қосу арқылы)
10.Көпбұрыштың периметрі дегеніміз не?
Есіңе сақта! Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары қосындысының мәні көпбұрыштың периметрі деп аталады.
11.Теңдеу дегеніміз не? - Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз
12.1 сағ неше минут бар? 60 мин
13.Уақыт бірліктерін ата. сағат, минут, секунд
14.1 тәулікте неше сағат бар? 24 сағат
15.Бір аптада неше күн бар? 7 күн
16. Бір ғасырда неше жыл бар? 100 жыл
17.Ұзындық бірліктерін ата. Дм, см, м
|