Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет10/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Өсімдіктің қоректенуі - өсімдіктің қоршаған ортамен зат алмасуы. Бұл ортадағы (топырақ, ауа) заттардың өсімдік ұлпаның құрамына, күрделі органикалық қосылыстардың құрамына ауысу және кейбір заттарды бөліп шығару.
Өсімдік қоректік заттарды жапырақтары және тамырлары арқылы қабылдайды. Осыған орай оның қоректенуінің екі түрі: ауа арқылы және тамыр арқылы қоректенуі болады.
Өсімдік ауа арқылы қоректенуде өзінің жасыл жапырақтарының көмегімен, атмосферадағы көмірқышқыл газын ассимиляциялайды. Ал, тамыр арқылы қоректенуде топырақтағы суды, минералдық тұздардың иондарын және өте аз мөлшерде органикалық қосылыстарды сіңіреді. Таңбалы атом әдісін қолданған зерттеулер қоректенуді ауа арқылы және тамыр арқылы түріне бөлу шартты болатынын көрсетті. Өйткені өсімдіктер кейбір заттарды тамыр арқылы да жапырақ арқылы да сіңіре алады. Мысалы, көмір қышқылы өсімдікке жапырақ және тамыр арқылы енеді. Күкірт өсімдікке тамыр арқылы күкірт қышқылы тұздары түрінде енеді. Сонымен қатар өсімдіктер ауадан жапырақ арқылы күкірт оксидтерін (SO2, SO3) сіңіре алады.
Өсімдікке қоректік элементтердің жер бетіндегі мүшелер арқылы енуін оның тамырдан тыс қоректенуі дейді. Өсімдіктер тамырдан тыс қоректену жолымен көмір қышқыл газының 95%- ын қабылдайды және сулы ерітінділерден күл элементтерін, күкірт пен азотты сіңіре алады.
Өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі - өсімдіктің жасыл жапырақтарының көмегімен атмосферадағы көмірқышқыл газын ассимиляциялау.
Фотосинтез - өсімдіктегі органикалық заттарды пайда қылатын негізгі процесс.
Өсімдік күн энергиясын жапырақтағы хлорофилл пигментінің қатысуымен сіңіріп, оны химиялық энергияға айналдырады. Нәтижесінде азотсыз органикалық зат (глюкоза) және оттек пайда болады.
Жалпы алғанда фотосинтез реакциясының жиынтық теңдеуін былайша өрнектейді:
6СО2 + 6Н2О + 674 ккал  С6Н12О6 + 6О2
Өсімдік фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген оттектің шамалы бөлігін тыныс алуға пайдаланады, ал көбі атмосфераға ұшып кетеді. Глюкоза күрделі көмірсулар мен белок, май, органикалық қышқылдардың синтезделуіне қатысады. Фотосинтетикалық аппараттың қызметі өсімдік түріне, жапырақ жасына, күн сәулесінің құрамына, өсімдіктің азот элементімен қоректену деңгейіне т.б. жағдайларға байланысты.
Жалпы өсімдік құрамындағы заттарды талдағанда олардың 90-95% -зы фотосинтез процесінің арқасында түзілетіні анықталды. Демек, өсімдікте фотосинтез неғұрлым қарқынды өтетін болса, түсім соғұрлым жоғары болады.
Өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі оның тамырмен қоректенуімен тығыз байланысты. Соның арқасында табиғатта ұдайы ауа алмасуы болып тұрады.
Өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі - өсімдіктің тамырларымен топырақтан су және қоректік заттарды сіңіру.
Өсімдіктің қоректік заттарды сіңіруі туралы бірнеше теориялар бар:
1. диффузиялық-осмостық: Дютроше (1837), Сакс (1867), Пфеффер (1886), Де-Фриз (1885, 1889), Майер (1898);
2. липоидтық: Овертон (1897);
3. ультрафильтрациялық: Траубе (1867), Руланд (1919), Драверт (1941);
4. адсорбциялық: Дево (XX ғ. басы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет