Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет38/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Аммонификациятопырақтағы азотты органикалық қосылыстардың аммиаққа дейін ыдырауы.
Аммонификация аэробты және анаэробты микроорганизмдердің (бактерия, саңырауқұлақтар, актиномицеттер) көмегімен жүреді. Аммонификация құбылысы барлық топырақтарда жүреді. Процесс топырақ температурасы +5ºC-н жоғары болғанда басталады. Аммонификация құбылысы аэробты және анаэробты жағдайда, ылғалдылықтың кең диапазонында, ортаның әр түрлі реакциясы болғанда жүре алады. Бірақ, анаэробты жағдайда орта реакциясы күшті қышқылды немесе күшті сілтілі болса, процесс баяулайды. Құбылыс нәтижесінде пайда болған аммонийлі азот немесе аммиак әр түрлі өзгерістерге ұшырайды:
Нитрификация – аммиактың нитраттарға дейін тотығуы.
Нитрификация үшін ыңғайлы жағдайлар: жақсы аэрация, топырақ ылғалдылығы 60-70%, топырақ температурасы 25-320С, рН 6,2-8,2.
Топырақтағы пайда болатын нитратты азот топырақпен сіңірілмейді, өйткені нитратты азот топырақта қиын еритін тұздарды пайдаланбайды. Нитраттар теріс зарядталған топырақ коллойдтарымен сіңірілмейді, сондықтан нитраттар топырақ ерітіндісінде кездеседі. Олар өте жылжымалы болып табылады. Нитраттың тез жылжымалғыштығынан суарылған және жайылған сумен, мол жауын-шашынмен топырақтың үстінгі қабаттарынан төмен қарай жылжиды және топырақтың бетіне қарай қозғалып тұрады. Нитраттың шайылуы ауа-райына, топырақты өңдеу жүйесіне, егістік алқабындағы өнімнің болуына, сүрі торабының болуына қарай өзгеріп тұрады. Сонымен қатар топырақтың механикалық құрамы да нитраттардың қозғалуына үлкен әсер етеді. Құмдақ топырақтарда нитраттардың шайылуы жоғары, ал саздақ әрі органикалық заттарға бай топырақтарда керісінше төмен болады. Сонымен қатар нитратты азот денитрификация нәтижесінде жоғалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет