Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, ойын, сұрақ-жауап, деңгейілік тапсырмаларды орындау.
Көрнекілігі: кесте, сызба, суреттер.
Пәнаралық баланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау
(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).
2.Психологиялық дайындық № 13
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1 . Мақалдарды тексеру.
2. Карточкамен жұмыс
III. Қайталау
Ой қозғау:
1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2.Ауыз әдебиетінің түрлері?
3.Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
4.Мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?
5.Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні.
Оқулық мәтінімен жұмыс.
А) оқушылар мәтінмен өздері танысады.
Ә) мәтінде кездескен қиын сөздермен сөздік жұмысы ұйымдастырлады:
Б) сөздік бойынша тапсырма:
«НЕ?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен сөйлем құрастыру.
3.Мәтін мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастыру:
Мақал-мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.
Еңбектің көзін тапқан,
***
Байлықтың өзін табады.
***
Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
***
Ердің атын еңбек шығарады.
***
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
***
Бақыт кілті еңбекте.
***
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
***
Көп еңбегі көңілді.
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |