Мақсаттары:1.қала,ауыл ұғымдарымен, тәуелдік жалғаулары грамматика тақырыбымен таныстыру;
2.оқушылардың тіл байлығын,терең ой,сауатты жазу мен жауап беру ,шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3.мәдениеттілікке,әдептілікке,жол ережені сақтауға ,бір-бірінің пікірін сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:сабақтың ұраны,тапсырмалар жазылған карточкалар, семантикалық карта,Венн диаграммасы, кластер
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технология бойынша
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
І –топ:«Топтастыру» әдісі арқылы «Ауыл» сөзін топтау.
ІІ-топ: Венн диаграммасы арқылы «Ауыл өмірі мен қала өмірін» салыстыру.
ІІІ- топ: «Ауылда тұрған тиімді және тиімсіз» жақтарын толтыру.
ІҮ топ: «Бес жолды өлең» құрастыру.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Ж.Әбдірашев: «Ауыл -қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» -деген екен.
Ауыл -әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темір қазығы.Себебі, қазақтың салт –дәстүрі, қазақтың қаны мен жаны сол ауылдан басталады.Жоғарыда көрсетілген бейнелі көріністердегі еңбек арқылы біз қалаға шикізаттар дайындап береміз.Ал қала бізге сол шикізаттарды өңдеп қайтарып отырады.Оны өздеріңіз күнделікті дүкендердегі тауарлардан көріп-біліп жүрсіздер.
Сондай-ақ,өздеріміз оқып үйренгендей, жұрттың мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан.Сондықтанда елімізді көркейтуге осы бастан өз үлестерімізді қосуға тиіспіз.Біздің еңбегіміз қазіргі жағдайда сапалы білім алуымыз керек.Сіздердің ауыл еңбегіне деген үлестеріңіз осыдан басталады.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі адам еңбегінің суреттері, оқулық.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Адамға пайдалы өлі табиғат заттарын ата.
2. Адам, жануар және өсімдіктер тіршілігі үшін судың маңызы қандай?
3. Біз тұратын аймақтағы өзеннің қандай пайдасы бар?
4. Өз жерімізде қандай жануарлар қорғауға алынған деп ойлайсыңдар?
5. Оларды қорғауға біз қандай үлес қосуымыз қажет?
Психологиялық дайындық.
Сұрақ.
Адам не үшін еңбек етеді?
Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде, не күз мезгілінде еңбек етпесе ...» деп ойланып көрейік. Онда не болар еді?
Пікірталас.
«Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылады.Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арасында адамның көп жетістіктерге жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады.Еңбек адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды.
Қорытынды.
Адам төрт мезгілде еңбек етеді.
Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.
Көкөністер мен жемістерді өсіреді.
Баспаналарын жөндейді.
Малға азық дайындайды.
Қыска азық дайындайды.
Табиғатқа қамқорлықпен қарайды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
1. Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды және қарындашпен кестені толтырады. Мәтінді оқу барысында балалар білетіндерін түрті белгісімен, білгісі келетіндерін «?» белгісімен, жаңа ақпаратты «+» таңбасымен белгілейді. Содан кейін кестенің бөліктерін толтырады.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
2. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс.
а) Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтарда қандай еңбек атқарады?
ә) Ал күзде ше?
б) Бақшадағы күзгі жұмыс басқа жұмыстардан қалай ерекшеленеді?
3. Қорытынды. Еліміздің эконоимкасының өркендеуі үшін көптеген адамдар ауылда, қалада аянбай еңбек етеді. Сондықтан біз олардың еңбегін құрметтеуіміз керек.Біз де сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.