Сабақтың мақсаты: оқушыларды ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының рухани мәдениетін, соның ішінде бейнелеу өнері, ақындық өнері мен сазгерлік өнерінің даму барысымен, оны дамытуға үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті:
Сабақтың көрнекілігі:Кестелер, семантикалық карта.
Психологиялық ахуал
Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесің? Кесенені кім салдырды, қандай мақсат көзделді?
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мұғалемнің түсіндірмесі: Мәдени – өнер мұралары жее өнер адамдары ой – сезімінің жемісі екені рас . Бірақ оларды жаауға қаншама адам қол еңбегімен көмектескенін ұмытпау керек . Ерте дәуірлерде дүниеге келген тарихи–мәдени ескерткіштер–осындай еңбектің жемісі . Кейінгі ұрпақтар қаншама уақыт өтсе де , сол шеберлердің өнеріне , еңбегіне сүйсініп , оны тамашалауда . Мұндай тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың , ұлттың рухани – мәдени , ақыл – ойы деңгейін көрсететін өлшемге айналды . Мысалы , біздің жеріміздегі «Алтын адам» , «Ахмет Йассауи кесенесі» т. б. тарихи мәдени ескерткіштер қазір ЮНЕСКО – ның есебіне алынып , адамзат мәдениетінің озық үлгілері ретінде әлемге әйгілі болды . Мәдени – тарихи өнер мұралары әр елде мемлекеттік заңмен , ал оның кейбір озық үлгілері халықаралық ережелермен қорғалады . Біздің лімізде 1953 жылдан бастап тарихи құрылыс ескерткіштері мен өнер мұралыры есепке алынып келеді .Олардың бұзыла бастағандарын қалпына кеіру , әрі қарай бүлінуден сақтайды . Оларды халықтың мәдени – рухани қажетіне пайдалану жұмыстары үздіксіз жүргізілуде . Еліміздегі Ахмет Йассауи ,Айша бибі , Жошы хан күмбездері , Бескүмбез мазары , Арыстан баб кесенесі сияқты көптеген тарихи ескерткіштер жөндуден өтіп , қалпына келтірілді . Жыл сайын жүздеген саяхатшылар болып , сол жерді тамашалайы .
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған
Ой толғаныс
«Сөзжұмбақ» станциясы. Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру.
1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам. (Темір).
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс.(Монша).
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала. (Отырар).
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы.( Арыстан баб).
5. Кесене сөзінің синонимі. (Күмбез).