Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
«Ыстық орындық» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ән айту арқылы пысықтайды.
Мағынаны тану
Татар халқы-өте өнерлі халық.Кезінде ұлы Абай татар халқының әндерін,гармонь(сырнай) аспабында ойналатын әуендерін және көңілді билерін ұнататын.Татар халқының аспаптарының түрлері мынадай: Курай(флэйта тәрізді үрлеп ойнайтын аспап) т.б
Ұйғыр халқы –өте өнерлі халық.Ұйғыр музыкасы өзбектің, тәжіктің музыкасына өте ұқсас.Ұйғыр халқ музыкасы көп тармақты:тарихи,тұрмыс-салт әндері,санамдар мен дастандар,т.б.Ұйғыр халық музыкасының ең үлкен бөлігі-мұқамдар.Мұқамдар деп аспапта музыка мен жеке ән қоса орындалатын шығармалар тізбегін атайды.