Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
П дыбысы мен әрпі
|
Мақсаты
|
Білімділік: П дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Жаңа сөздер үйрету.Сөздерге дыбыстық , буындық талдау жасату.
Дамытушылық: жеке сөздерді оқуға, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
-Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.
1. Әріп дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Әріптің жазба түрі қайда жазылады?
4. Дыбыс дегеніміз не?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр./ пияз /
Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
П дыбысы жауыссыз дыбыс.П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.
-Қане айтып көрейікші
П әрпінің үлкен әрпімен таныстыру.
П әрпі үш элнметтен тұрады.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Сиқырлы кітап. Суреттерді сөйлету, буынға бөлгізу.
Бүлдірген, мектеп, доп, қолғап, шапан, кітап т.б
6. Шығармашылық жұмыс: Авторлық орындық.
Алма алып бара жатқан кірпіге өз жанынан әңгіме құрастыру.Авторлық орындыққа отырып айтып беру.
Ой толғаныс. Біз не білдік?
Кубизм әдісі. Кубизмнің әр қырындағы әріптерге сөздер ойлап табу.
Сыңарын тап ойыны. Әр фигураның ішіндегі сөздердің жартысын тапқызу оны қосып оқыту.
|
Үйге тапсырма
|
Шапан, шопан, кірпі, апта, сынып, мектеп сөздерін оқу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Н дыбысы мен әрпі
|
Мақсаты
|
Н дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, нан және нан өнімдері, нар, анар, науа суреттері, слайдтар мен флипчарттар, «Наубайхана» туралы видео.
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықтың 42-бетіндегі нан сөзіне дыбыстық талдау жасатып, н дыбысының орны және дауыссыз дыбыс екені анықталады.
Баған түріндегі буындарды, сөздерді оқушыларға дауыстап оқытады.
Мұғалім оқушылардың суретке қарап, белгілі бір жүйемен әңгіме құрауларына басшылық жасайды. Мұнда да нанның қайдан келетіні жөнінде әңгіме болады.
«Наубайхана» туралы видео көрсету.
─ Наубайханада не дайындалады?
─ Наубайханада жұмыс жасайтын адамды қалай атайды?
─ Нан дастарханға қалай келеді?
II. Оқушылар жазу дәптерінің 39-бетіндегі н әрпінің жазба және
баспа түрлерімен танысып, қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмысын
орындайды. Олар үлгі бойынша н дыбысының кіші әрпін жазып шығады.
Нан сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзді берілген жолға көркемдеп жазады. Осы әріпке құрастырылған басқа да сөздерді оқушылармен бірге талдауға көп көңіл бөлінуі тиіс.
III. Оқулықтың осы бетіндегі «Нан» тақырыбындағы шағын
мәтінмен талдау-жинақтау әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі.
Буындардан сөз құрауға үйренеді.
IV. Жазу дәптерінің 40-бетіндегі қолды еркін жазуға жаттықтыру
жұмыстары орындалады.
Н дыбысының бас әрпінің элементтерін мұқият игере отырып, оқушылар өз бетімен жазуға дағдыланады.
Жазу дәптерінің тапсырмаларына икемделіп қалған оқушылар жаңа әріпті үлгідегідей өздері жазуға тырысады. Мұғалім мұндай кезде ұйымдастырушы, көмекші рөлін атқарады.
V. Оқулықтың 42-бетіндегі «Ас атасы - нан» атты мазмұнды суретпен шығармашылық жұмыстары жүргізіледі. Мұнда оқушылардың еркін сөйлеуіне, өзіндік көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасау керек. Берілген суреттер оқушылардың сөздік қорын молайтуға, тілін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге арналған. Сондықтан әңгіме құрауда оқушыларды топқа бөлген жөн. Олар түрлі нұсқадағы әңгіме құраулары мүмкін. Мұғалімнің міндеті олардың тақырыпшаларын анықтап беру, өз беттерінше тақырып таңдауына көмектесу. Мәселен, бір топ жануарлар беретін тағамдар, бір топ киім-кешек, бір топ тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнінде әңгіме қозғауы мүмкін.
|
Сергіту сәті
|
Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Шарлардың топтамасындағы буындардан сөздер құрау.
Сергіту сәтін өткізу.
Кәне, қанат қағайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Қайта отырып жазайық!
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Дәптердегі Н әрпінің баспа түрін бастырып жазу және толтыру. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау. Оқулықтағы баған түрінде берілген сөздерді жазба түрінде көшіріп жазу.
Сабақты қорытындылау.
─ Бүгін қандай әріппен таныстық?
─ «Нанды қадірлеу» дегенді қалай түсінесің?
─ Нан өнімдерін ата
|
Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |