Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Лл дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Суреттер
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
|
Топқа бөлу
|
Құстардың түрлеріне қарай 3-топқа бөлу.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
|
Қызығушылықты ояту
|
тілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын «сөз ойла - тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.
Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті
Жеті лақ ертегісін ала келіпті.
Сендер лақты көрдіңдер ма?
Лақтың анасының аты кім?
Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.
Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші.
Қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру.
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра - ра келді ұшып ара
Ла - ла араның үсті ала
Сурет бойынша әңгіме.
Суретке ат қоямыз.
сурет бойынша әңгімелеу
|
Мағынаны тану
|
Л дыбысын ауа арқылы жазу.
Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс
Сөздерді оқу.
Ойын «Кім тапқыр»
1 - ші себетке Л дыбысы бар суретті салу.
2 - ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу
Бүгін бізге кім келді?
Қандай ертегі ала келіпті?
Л - дыбысы қандай дыбысқа жатады?
|
Сергіту сәті
|
Армысың аспан ата
Армысың жер ана
Армысың алтын күн
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Ұстаздарды құрметтеп
Бас иеміз біз.
|
Ой толғаныс
|
А. Т. Н. Р.
Алма, тауық, нан, радио
Жеті лақ ертегісі
Ешкі
Ертегі кейіпкерлерімен танысты.
Л дыбысы
Л дыбысы кедергі арқылы айтылды.
Дауыссыз
Лаура, лақ, балық, гүл
Лаура мен лақ дос.
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Л Л Л
Ала, тал, ла, ал.
Тал, алдар көсе, гүл, телефон
Аю, банан т. б.
Жол дорба
Жеті лақ
Дауыссыз дыбы
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Уу дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
У у дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқып жаттығу.
Сабақтың міндеті:
1.У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.
|
Топқа бөлу
|
Түрлі-түсті карындаштар арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
|
Қызығушылықты ояту
|
ІІ. Кеспе әріптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жеке әріптерден буын құратып үйрету.
Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдалана отырып, буын, сөз құрату.
Құраған сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
Т – қатаң, дауыссыз дыбыс
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
III. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
1)р дыбысы қандай дыбыс?
-р дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
-р әрпіне берілген сөздерді оқыту.
Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
Ойлаған сөйлемді сызба арқылы көрсет
2) 1 буынды сөздерді тапқызу
жар, тар
|
Мағынаны тану
|
Ойын «Жасырынған буынды тап»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тексеру. Қалып қойған буындарды тапқызу арқылы ойлану қабілеттерін дамыту.
... – ға ... – на
Па - .... та - ...
Ар - ... пар - ....
V. Мағынаны тану
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру
- У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
- А уа, ау, на уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату
- У дыбысының емлесіне түсінік беру
- У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а - у, та –у
- У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады. Мысалы: н – у, т – у
VI. Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге, қатесіз оқи білуге дағдыландыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру
1)Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету.
Сөйлем неше сөзден тұратындығын анықтату
2)Берілген а-уа, ау, ну, на-уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту.
VII. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: Көркем және сауатты жазу дағдыларын дамыту
- Ауа, науа, тау, Алатау сөздерін тақтаға жатқа жаздыру
- Сөздердегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстарға ажыраттыру
|
Сергіту сәті
|
Жел уледі ,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты
|
Ой толғаныс
|
X. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: У у әрпінің элементтерінің жазылуымен таныстыру, У у әрпін жазуға және басқа әріптермен байланысуын үйрету, сауатты жазу дағдыларын дамыту
1) У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
2) У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
3) У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
4) Буындық диктант жаздырту: уа, ау, ауа, тау, анау, ну, ту, туу, науа
XI. Кері байланыс
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс – түсіндім
Сары түс – әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс – түсінген жоқпын
Сигналдық карточкамен жұмыс
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Уу дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Мақсаты: У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, үйрету.
|
Топқа бөлу
|
Түрлі-түсті карындаштар арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!
|
Қызығушылықты ояту
|
Ерте - ерте, ертеде орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең - зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті. Құс кетіп, біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңдеріне құрт - құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні - түні көмек сұрап, зарлай береді екен. Оның дауысын естіп, бір күні көгершін ұшып келеді.
Мән - жайды түсінген соң мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп келейін деп көгершін ұша жөнеледі.
- Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?
- Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық. Алдымен мына тапсырманы орындап жіберейік.
І. Суреттер көрсету. Суреттегі заттардың атын атау.
У әрпі қандай дыбыстан кейін келіп тұр, оның дауысты, дауыссыз екенін түсіндіру.
Тауық ------------ у дыбысы дауыссыз сауысқан
уық --------------- у дыбысы дауысты қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.
- Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. «Кешір, көгершін, мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра», - дейді. Олай болса, бұлбұлдың тілегін орындап бір сергіп алайық.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім?... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады... (құлын)
3. Бата алмас түлкі
Үсті тікен... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы... (арыстан)
|
Ой толғаныс
|
У дыбысы бар сөздерді айту У дауысты ма, дауыссыз ба, ажырату.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да «ағаштарды емдей көр» деп өтініш айтады. Сонда аққу:
- Мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл - кеңес сұрайды. Осы тоғайда үйсіз - күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, сен солардың біреуін тауып, өтініш айт. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар, - дейді. Кәне, көгершінге ілесіп, мына тапсырманы орындайық.
Көгершін аққудың ақылын тыңдап, орманды аралайды. Онда бос жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, орманға келіп, ағаштарды емдеп құрт ауруларынан жазған екен дейді.
- Ол қандай құс болуы мүмкін, сендер қалай ойлайсыңдар?
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ - тоқ - тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ, жоқ, жоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ,
Тоқ - тоқ - тоқ.
Міне, балалар, ақымақ ағаштар тоқылдақтың пайдасын түсінбей, орманнан қуып жіберіп, өздері құрып кете жаздады. Тоқылдақтың кешірімді, ақылдылығының арқасында ағаштар құрт ауруынан құлан - таза айықты. Қазір орман жайқалып өсіп тұр дейді.
Дәптермен жұмыс
Сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы У дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.
Өткен дыбыстармен у дыбысы қатыстырылып буын, сөздер оқытылады. Ауызша хормен қайталанады.
Дәптердегі үлгі бойынша У дыбысының кіші және үлкен әріптерін үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Қайталау
|
Мақсаты
|
Осы кезге дейін өткен тақырыптарды қайталау,бекіту. Жаңа сөздер,әріптер үйрену. Топпен және деке жұмыс жасауға дағдылану.
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
-Оқушылар қандай дыбыстарды білесіңдер?
-Дауысты дыбыстарды атаңдар.
-Дауыссыз дыбыстарды атаңдар.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Шығармашылық тапсырма:
1-топ Аңдар мен жануарлар коллаж жасау
2-топ Көліктер пазл құрастыру.
3-топ Жеміс-жидектер Ермексаздан жасау
|
Үйге тапсырма
|
Жазу дәптерімен жұмыс
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ии дыбысы мен әрпі 2-сағат
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру
2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
|
Топқа бөлу
|
Пазл арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
- Оқушылармен амандасу
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткен сабақты еске түсіру
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.
|
Қызығушылықты ояту
|
III. Мағынаны тану
1) Жұмбақ жасыру
- Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік)
- Тұмсығына жібін байлап
Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (ине)
- Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- И дыбысынан басталып тұр
- И дыбысын айтып көрейік
- И - и - и
- Қалай айтылады?
- Созылып айтылады.
- Созылып айтса қандай дыбыс болады?
- Дауысты дыбыс.
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл түсті текшемен.
- И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі?
- Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?
- Й әрпімен таныстық
- И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.
2) Кітаппен жұмыс
- И дыбысына байланысты сөздерді оқыту
3) Топтау
И
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үш бұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
|
Ой толғаныс
|
4) Мәтінмен жұмыс
- «Ит» мәтінін оқыту
Ит – адамның досы. Олар иесін қорғайды. Балалармен ойнайды. Мал бағады. Аң да аулайды. Итке иесі – қамқоршы.
- Мәтін не туралы?
- Ит туралы
- Ит не істейді?
- Ит мал бағады, аң аулайды
- Мәтінде неше сөйлем бар?
- Мәтінде 6 сөйлем бар
5) Тақтамен жұмыс
- «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру
- Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату
- Екінші сөйлемді жаздырту
- Сөздерді буынға бөлдіру
6) Дәптермен жұмыс
- И әрпін ауада жазып көрсету
- И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету
- Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Йй дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. Білімділік: Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сөздік, сұрақ-жауап.
|
Топқа бөлу
|
Есеп шығару арқылы топқа бөу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
|
Қызығушылықты ояту
|
- Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын. Кім жылдам шешеді екен?
Ти десем, тимейді,
Тиме десем, тиеді.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс.
Қосымша тапсырма.
Й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау.
Й әрпі.
Бұл Й-дың сөз басында,
Болмайды көп керегі.
Йог пен йодтың расында,
Алдында тек келеді.
Соңында ол айдың да,
Соңында ол тайдың да.
Тұрады ол ортада
«Айбын» менен «Айдында».
- Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз?
- Й қандай дыбыс?
Тіл ұстарту: Й дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту.
Мысалы: ой-на, ой-ла, Сай-ран, Ай-ман, ой-лан.
Оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
|
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
|
Ой толғаныс
|
Ребустағы сөзді сурет бойынша оқыту.
Ай гүл
Тапсырма бойынша үстел үстіндегі әр түрлі суреттерге қарап, тақтаға шыққан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады.
Ойын: «Кім көп сөз ойлайды?»
- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, «Й» әрпінің баспа түрін жазамыз.
Қорытынды.
- Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?
- Й дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай-дын, ай-на, ай-ла, Ай-ша.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |