Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет21/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жж дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттерғжалаушалар,кеспе әріптер т.б

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.  2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.  3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман  әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :  Тренинг сабақ
Сабақтың типі :  Жаңа білімді меңгерту.

Топқа бөлу

І Ұйымдастыру.
— Балалар, біздің бүгінгі Әліппе сабағымыз тренинг түрінде өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.
Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес » деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.

Ынтымақтастық атмосферасы

Қызығушылықты ояту

« Ой шақыру»
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.     (  Жапырақ )
— Жапырақ сөзі қай дыбыстан басталады?
Қазір біз Ж дыбысы мен әрпімен таныс боламыз.

Мағынаны тану


— Ж дыбысын дыбыстату.
— Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2. Ж дыбысымен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс.
3. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны
Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
4. « Жаңа буындар қонақта »
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА      ЖО     ЖУ
5. « Тез, әрі сауатты оқиық! »
Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып, әр сөзге түсінік беру.
жаға- сырт киім мен көйлек-көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.
жаса- бір нәрсені дайындап, істеп шығару.
жота- биік жер, төбе немесе малдың арқасы, жоны.
жантақ- түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.
жалау- матадан қиып тігілген арнайы ту секілді белгі.
жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.
— Балаларға хормен оқыту.
6. « Кім тез? » ойыны.
( Берілген сөздерге әр оқушы қолдарындағы түсті дөңгелекшемен дыбыстық талдау жасайды )  Жуа           жылан         жапырақ        жолбарыс
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
7. Ойын « Байланыстыр »
Сол жақ бөлігіндегі ж дыбысынан басталып тұрған суреттерді оң жақ бөлігіндегі сәйкес келетін суреттермен байланыстыру.

8. Оқулықпен жұмыс


— Мұғалім « Жусан »мәтінін оқып, түсіндіреді.
— Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
9. Көркем жазу.
— Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
— Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
— Ж әрпін ауада жазу.
— Ж әрпін дәптерге көркем жазу.

Сергіту сәті

Сергіту сәті.
11. « Ұйқасын тап! » ойыны.
— Іші тоған шәрбат,                                -Сырты қандай қатты,
Дәмі қандай әйбат,                                Дәні сондай тәтті,
Үзесің бірден жүзін,                             Шағып қара таңдап,
Оның аты- …( жүзім )                           Оның аты- …( жаңғақ )
-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты …(жолбарыс )
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
12. « Жақсы болу — өз қолыңда »
Суреттердегі жақсы және жаман әдеттер жайында оқушылар пікірі.

ЖАМАННАН ЖИРЕН                                        ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН



Ой толғаныс

— Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
— Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
— Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.

 Бағалау



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ұұ дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Керекті жабдықтар Суреттер топтамасы, төл дыбыстар, смайликтер, жұлдызшалар, гүлдер, құмыра, бағдаршам.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, «Бірге ойлаймыз», «Альтернативалық тест», сын тұрғысынан ойлау, АКТ.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты Балаларды Ұұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін және қолданылуын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже Ұұ дыбысының жазылуы мен айтылуын меңгереді, суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, сөздік қорлары молаяды.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Көздерің көруге дайын ба?
Құлақтарың тыңдауға дайын ба?
Тілдерің сөйлеуге дайын ба?
Саусақтарың жазуға дайын ба? Топтық ережені еске түсіру.
Бағалау түрін айту.
Балалар, сендердің қолдарыңда жасыл және қызыл түсті бағдаршам бар. Егер, сендер берілген жауаппен келісетін болсаңдар, жасыл түсті көрсетесіңдер, егер келіспейтін болсаңдар, қызыл түсті көтересіңдер. Кәне, жаттығып көрейік! Күннің түсі көк!
Мынау – аю.
Жақсы, осылай сабақ бойы бір-бірімізді бағалаймыз. Өткен сабақты қайталау.
-Балалар, біз қазақ тілінің төл дыбыстарын білеміз. Олар қандай дыбыстар? Кәне, осы дыбыстарға мысал келтіріп көрейік.
Амандасады.
Сынып іші тап-таза
Дайын екен тақта да
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға.
ЕРЕЖЕ:
Т-талқылаймыз
О-ортақ шешімге келеміз
П-пікірлесеміз
Т-тыңдаймыз
А-ақылдасамыз.
Бағалау түрімен танысады.
Балалар «иә» деп жауап беріп, сабаққа дайындықтарын көрсетеді. Балалар бағдаршамдарын шығарады.
«Жоқ!» деген сөздің орнына қызыл түсті көтереді.
«Иә!» деген жасыл түсті көтереді.
-Олар: ә,ұ,ү,і.ө,қ,ғ,ң,һ
Әже, әке, іні, қасқыр, тышқан, айдаһар, өрік, аң, үй, үйрек суреттерін өзіне тиесілі дыбыстың қасына қояды.

Қызығушылықты ояту

-Балалар, енді, тақтадағы суреттерге назар салайық. Не көріп тұрмыз? Енді, осы сөздердің барлығына ортақ қандай әріп бар?
Дұрыс айтасыздар, ұ дыбысы бар. Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ұұ дыбысы болмақ. – Ұлу, ұя, ұшақ, ұл, құс, тұз, ұн, алмұрт.
Олардың барлығында да ұ дыбысы бар.
Негізгі бөлім
25мин Ұ дыбысы қандай түске боялған? Иә, балалар, себебі, ол-дауысты және жуан дыбыс. Менің соңымнан қайталаймыз «Ұұ».
Ұ-ұ-ұ- ұлу
Ұш-ұш-ұш-ұшақ
Бұ-бұ-бұ-бұлақ
Құ-құ-құ-лақ
Тақтадағы өлеңге назар аударамыз.
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.
Сонымен, ұ дыбысы қай жерлерде, қалай жазылады?
Дәптермен жұмыс.

Мағынаны тану


Сергіту сәті

«Сенде не бар?» жұптық жұмыс.
Көршілес отырған оқушылар бір-біріне «Сенде не бар?» деп сұрайды.

«Бірге ойланамыз» әдісі.


Бұл не?
Тақтадағы суреттерді айту.
Ұ-Ү дыбысына сөздерді топтастыру.
Сөздер: ұшақ, бұлақ, ұл, ұн, тұз, үйрек, үй, үлкен, дүкен.

Ой толғаныс


Жаңылтпашты жаңылмай айт.
1-топ. Тұз мұздай
Мұз тұздай.
2-топ. Шалшық-балшық
Балшық-шалшық Қызыл түске.
Ұұ – дауысты дыбыс.
Мұғалімнің соңынан қайталайды. Тілдерін жаттықтырады.
Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында жазылады.
Сөздің соңында ұ дыбысын жазбаймыз.
Оқушылар дәптерлеріне Ұұ дыбысын бастырып шығады.
Оқушылардың алдарында түрлі суреттер тұрады. Сол сурет бойынша олар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Оқушылар тақтадан шыққан суреттерді көріп, бірге ойлана отырып жауап
Алдарындағы сөздердің ішінен І топ ұ дыбысы бар сөздерді, ал ІІ топ ү дыбысы бар сөздерді топтастырады.
береді.
Оқушылар топта жаңылтпашты қайталап, барлығы бірдей айтуға тырысады.
Қорытынды
5мин Альтернативалық тест.
– Ұ дыбысы дауысты ма?
– Ұ дыбысы сөздің соңында жазылады ма?
– Үй деген сөзде ұ дыбысы бар ма?
– Ұ дыбысы жуан ба?
– Алмұрт деген сөзде ұ дыбысы бар ма?
Жарайсыңдар, балалар!
Сабақтан алған әсерлеріңді, білімдеріңді бағалайтын сәт те келді. Тақтадағы құмыраны гүл шоғымен толтыру керекпіз. Егер де сабақ ұнады, бәрін жасадым, бәрін түсіндім десеңіз көк түсті гүлді таңдаймыз, егер де одан да жақсы жұмыстана алатын едім десеңіз, сары гүлді таңдаймыз, егер де көңілім толмады, бәрін жасап үлгермедім дейтін болсаңыз қызыл түсті гүлді алып құмыраға саламыз.
Балалар, мен сендердің барлығын да бүгін өте жақсы жұмыстанды деп есептеймін, сондықтан барлығыңызға да «Жарайсың!» деген смайлик сыйлап, алда да тек сабаққа осылай қатысып отырады деп үміттемін!



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ң дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер

ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.



Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, проблема туғызу,

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.

2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке ,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Домбыраның көмегімен топтарға бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді.

Би билейміз ырғақты, ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты , сабақты.



Қызығушылықты ояту

А) Суретпен жұмыс:

-Балалар, суретте не бейнеленген?

-Қасқыр.

-Түлкі.


-Аю.

-Тиін.


-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Аңдар.


-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?

-Орманда. Олар жабайы жануарлар.

-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)

-Жоқ.


ә)Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

-ң (қайталап айту).

б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

в)Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау

г)Сызбамен жұмыс: ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.



Мағынаны тану


Сергіту сәті

Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұқсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.



Ой толғаныс

Сұрақ- жауап:

-Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?

-Сөздерді ,мәтінді оқығанда.

- Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а)Оқулықпен жұмыс

аң аң шы таң жа ңа жаң ғақ

оң қам шы тоң жа ңа лық жаң быр

-Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?

-Жазу жаз.анда.

-Олай болса дәптерімізге бүгінгі жаң ң әрпін әдемі етіп жазайық.

Ң әрпінің жазба түрімен, әріп элементтерімен таныстыру.

ә)дәптермен жұмыс



ҮІ . Шығармашылық жұмыс:

Әр оқушы жаңғақ, аң ,жаңа сөздеріне текшелерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жасау.



 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ее дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, ешкі, есік, емен, есек суреттері, слайдтар мен мәтін жазылған флипчарттар
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;

Топқа бөлу

Гүлдердің түрлеріне сай топтарға бөліну

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Қызығушылықты ояту

Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. Ешкі)

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Оқулықтағы мазмұнды суретпен әңгіме жүргізіліп, оқушылардың ой-пікірі ортаға салынады.

Мұғалім жұмбақ шешуін оқушылармен талдай отырып, е дыбысына тоқталған кезде, оның әрпін көрсетеді.


Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп— теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Ой толғаныс

Е мен не ме ре ел жел

Е ден не ме не ер жер

Сөздерді буынға бөліп оқу.

Сөздегі е дыбысы буында естілетінін табу.



Дәптермен жарыс:

— Балалар біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.

Е- көркем жазу

Элементтерімен таныстыру

Үлгі дәптерге е әрпін жазу

Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)

Е қандай дыбыс болды? (дауысты жіңішке)

Қандай мықты ағашпын таныстық (емен)

Сабағымыздың соңында мен бір өлең оқимын. Не туралы екенін тыңдап отырыңдар.

Орманға бара жатқандар,


Тіршілік дәмін татқандар.
Орманды қорғаңдар,
Аңдар мен құстарды атпаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Өмірге деген тілек бар.
Өтінемін түгел бәріңнен,
Орманды өрттен сақтаңдар.

Сонымен балалар табиғатты, орманды, аңдарды қорғауымыз керек. Тоқылдақ құсап ерте тұрып еңбек етуіміз керек екен.

Бүгінгі сабағымызды «өте жақсы» қатынасқан оқушыларға тиіннің жинаған емен ағашының жаңғақтарын сыйға тартамын.


 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кк дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар,кесте

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Жаңа сабақты түсіндіру «К» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру «К» дыбысы сөздің барлық буынында келетінін қорытындылау. Дұрыс, ұқыпты оқуға, сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылығы: Дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен
тапсырмалар. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қанатымызды жаямыз,
Көбелек боп ұшамыз.
Жұпар иісі аңқыған,
Гүлге келіп қонамыз.
2. Қима суреттермен жұмыс
Құраған суреттерден қандай сөз шығатынын айту, дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрату.
3. Күз өлеңін сұрау
Жазу орталығы
Кк дыбысын, әрпін ауада жазу. Жазу үлгісін көрсету. Дәптермен жұмыс
Сөздік диктант
Еңбек, кеспе, ел, елу, кереге

Қызығушылықты ояту

Балалар, онда біздер осы К дыбысымен танысайық. К дыбысы дауыссыз, көк түспен белгілейміз.(әріп таңбасын көрсету)
- Балалар, К дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер? Атаңдар.
- Кілт, күн, көз, көзілдірік, көлеңке, көгершін, күз, көкек, көк, көрпе, көбелек, кірпі. Буынға бөлейік.

Мағынаны тану


Дәптермен жұмыс.
Сауат ашу дәптерлерімізді ашып, к дыбысының бас әрпімен кіші әрпін жазамыз.(44 - бет)
Қолдарына сергіту сәті:
1, 2, 3
Жинап алып күш.
Қаламсапты аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Балалар, мына буындарды оқиық.
- ке, ке, ке, кесе.
- ек, ек, бек, тек, лек.
- кел, кем, кем, кемел
- керек, келбет.
Ойын.
Ал, енді ойын ойнайық. Ойынның аты: Кім жылдам, тез тап.
Мақсаты: тақтада тұрған қағаздарда әріптер жасырылған. Сол қағаздағы әріпке сөз құраңдар. Айтылған әріпке сөз құраймыз. Қай бала тез әрі дұрыс айтқанға жұлдызша беремін. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, М, У, Ш, Й, О, Қ, Д, Б, С, Ы, Ж, Ы, Ұ, Ң, Е.

Оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

Қызыл, сары, қоңыр, көк

Алуан-алуан көбелек.

Торға түсіп қалмашы

Торғайға жем болмашы.



Ой толғаныс

Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)

-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)



 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

І дыбысы мен әрпі

Мақсаты

Білімділік: І і дыбысы мен әрпін таныту; І і әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік алады.
Дамытушылық: І дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: Сауатты, көркем, таза жазуға тәрбиелеу;
Типі: жаңа білімді игеру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік;
Көрнекілігі: І і әрпінің жазба және баспа түрі, буындар, сөздер, кеспе әріптер, суреттер, интерактивті тақта;
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, музыка

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

. Қар жауғанда орманға барсаң, қардың беті толған жазу. Ол жазуды кез - келген адам оқи алмайды. Ол жазуды ормандағы аңдар мен құстар жазады. Ол не жазу? (Із)
Алыстан түлкі кетіп бара жатыр еді, кенет жоқ болып кетті. Ол қайда кіріп кетті екен? (ініне кірді)
- Із, ін сөздерінде қандай дыбыс естіп тұрмыз?
- І і дыбысын дыбыстап көрейік. «і» дыбысын әндетіп айтып көрейік.
А - а - а - а - а - а - а
Ә - ә - ә - ә - ә - ә - ә
О - о - о - о - о - о
І - і - і - і - і - і - і - і - і
Ендеше дауыстылар қатарына тағы бір дыбыс қосып, оған қызыл көйлек кигіземіз.
Дыбыс пен әріп айырмашылығын еске түсіру.
Дыбысты айтамыз, естиміз.
Әріпті жазамыз, көреміз.
Ендеше, І і дыбысының әріп таңбасымен танысайық. («І і»әрпін көрсету.)
- Оқушылар, і әрпіне л, ш, т, с, н әріптерін қосып, сөз құрайық.
Іш, іс, тіс, іні, ін, тіл

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сурет бойынша әңгімелеу. (Ормандағы аңдар ізі)
Мақалдармен жұмыс(мазмұнын ашу)
Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Дәптермен жұмыс.
А) «І і» әрпін жазып үйрену;
Ә) Көшіріп жазу;
Ы – і дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату.
Бекіту.
- Бүгін біз қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- І дыбысымен.
- І дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты.
- Дыбысты біз не істейміз? (естиміз, айтамыз)
- Әріпті біз не істейміз? (оқимыз, жазамыз)

Үйге тапсырма

Жазу дәптерімен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет