Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет22/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Е, К, І дыбыстары мен әріптерін қайталау 1

Мақсаты

Аталған дыбыстарды қайталау. Топта,жеке жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту. Ой белсенділігін,сауаттылығн тексеру.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақтар шешейік» ойыны: жұмбақ шешіп, жауабын тақтаға, дәптерге жаздыру. 
Шалада бар, 
Айда жоқ. 
Салада бар, 
Шарда жоқ.(Л) 
Сағатта бар, Қарада бар, 
Жанатта жоқ. Балада жоқ. 
Салемде бар, Қалада бар, 
Болатта жоқ.(С) Далада жоқ.(Қ) 
Сақинаға қарайық, Шалғыға қарайық, 
Ұөсайды оған қай әріп? (О)

Ұқсайды оған қай әріп?(Ғ) 



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Дәпремен жұмыс.

Қосымша тапсырма.

- Балалар, біз сендермен алғаш мектептің табалдырығын аттағанда әріп, дыбыс танымай, Президентіміздің сендерге жолдаған жолдауын мен оқып берген болатынмын. Ал енді бүгін сендер барлық дерлік әріптерді өттіңдер, сол себепті өздерің жолдауды оқи аласыңдар. Алдарыңда Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауы. 


- Қане, кім оқимын дейді? 
-Ойынға да кезек келді. «Сиқырлы сандарды сөйлет» ойыны. «Елін сүйген Елбасы!» сөйлемін фонетикалық карталар арқылы құрастыру. 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

«Мен білетін әріптер» топтастыру құрастыру.

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы: дауысты әріптерді бір жолға, дауыссыз әріптерді бір жолға теріп жазу. 

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Зз дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Жалпы мақсаты: З дыбысы мен әрпін таныту. З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.

Топқа бөлу

Психологиялық тренинг.
Айтыңдаршы балалар,
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Топқа бөлу.
Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қызығушылықты ояту

I - топ. Сөздерді оқу, буынға бөлу.
II - топ. Сөздерді оқу, дыбыстық талдау жасау.
III - топ. Мәтінді тізбектеп оқыту.
IV - топ. Мәтін мазмұнын сұрау.
Қызығушылығын ояту
От шашады жалындап,
Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)
Топтастыру.
Төрт топ зымыран туралы білетіндерін жинақтап қағазға түсіреді.
Ой қозғау.
Қазақ ғарышкерлері кім?
Олар туралы не білесіңдер?
Егер мен ғарышкер болсам... (Оқушыларын өз ойларын айтады)
Топтық жұмыс.
Зымыран, жұлдыз, қарбыз, зырылдауық суретін әр топқа беру. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс.
I - топ. --------------II - топ.------------ III - топ. -----------------IV - топ
Таза --------------- Зығыр ------------- Жалбыз ---------------- Қобыз
тазы --------------- қызыл ------------- қарбыз ----------------- тоғыз
қозы -------------- қымыз ------------- жұлдыз----------------- сызғыш
Мәтінді іштей оқыту.
Мәтінді бір оқушыға оқыту.
Мәтін мазмұнын төрт оқушыға айтқызу.

Сергіту сәті

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?


Ой толғаныс

Қорытынды. “Сиқырлы таяқша”
Қолдарына таяқша ұстап «З» дыбысы бар сөздер айтып шығу

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Зз дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:кеспе әріптер,касса,суреттер,текшелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

қу іс-әрекетінің мақсаты:сөзге дыбыстық талдау жасау жасай білуге уйрету,сөздерді буынға дұрыс бөле білу,сурет арқылы заттың атауын білу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Жазу дағдысына үйрету.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.

Жаңбыр басталады.

Күн ашылады.



Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу.
    Ләзатта бар,
    Жанатта жоқ.
    Азатта бар,
    Қанатта жоқ.(З әрпі)
Жауабын айтқан бала сол З дыбысына сөз ойлап айтады.
«Сөз ойла,көп ойла» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты:Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып,доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.(Сөздің басында,ортасында,соңында З дыбысы).Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
Зәуре сөзін шапалақ  ұру арқылы буынға бөлу.
2.Тіл ұстарту жаттығуы.
    Ыз-ыз-ыз
    Анар –сүйкімді қыз.
3.Дәптермен жұмыс.
Жүзік,зымыран,жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы З          дыбысының  орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне З дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында,келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.Балығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы:педагог З дыбысын  ауада жазып  көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң  дәптерге жазу .
  Дәптерде берілген сызба  бойынша бірнеше сөйлем құрату.
Мысалы:Атам қарбыз өсірді.Қарбыз бақшада өседі.
Сөзжұмбақ шешеді.Шешуі:қазына.Қазына сөзіне  сөздік  жумысын  жүргізу.
Қазына- түрлі бағалы заттар ,дүние мүлік,байлық.

Мағынаны тану


Сергіту сәті

Ұзын қанат инелік ,
 Инелікке тимелік, 
 Ұшақты біз жасадық 
 Инеліктен үйреніп.
    Зу-зу,зу-зу,зу-зу.    (Қимылмен көрсету)

Ой толғаныс

1.Тақтаға әріптер тізбегі  жазылған плакат ілінеді.Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше Сөз құрату.
Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р--е-з-е
2.Құрастырған сөздердің ішінен З дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
3.Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ө дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Сызбалар, суреттер, кеспе әріптер, топтастыру кестесі, оқулық суретінің көшірмесі, дыбыстар ұяшығы, мониторинг бетшесі.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



Білімдік мақсаты: Ө дыбысы мен әрпін таныту, сауатты жазуға, дұрыс оқуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтағы әдіс – тәсілдер: талдау, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын.

Топқа бөлу




Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық
Оқушылардың сабаққа дайындығын өлең арқылы қалыптастыру.
Жаңа сабақ: 1. Жұмбақ арқылы Ө дыбысын таныстыру
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.
2. Ойын «Буын құра». бө -....,...- рік,....- лең,....- не - ге,...- нер,....- сім -.....
3. Ойын: « Сөз ойла, тез ойла» (өткен әріптерді қайталау)
А........, о......., р.........., л....., ш........., с........, у........., м......., ж........., т......, ә.........
4. Сурет бойынша жұмыс
Әлім, Өміржан, Шырын, дәмді, тәтті сөздерін пайдаланып әңгіме құрау.
5. Ө дыбысына сипаттама беру, өнім сөзіне дыбыстық талдау.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану


6. Оқулықпен жұмыс
Сөздерді буын жігімен оқу, тұтас оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау:
сөл, шөл, төл, өмір, өріс.
7. Дәптермен жұмыс
*Ө әрпін ауада жазу
*Ө әрпін тақтада жазу
* Ө әрпінің салыну жолдарын басып жазу арқылы дәптерге жазу.
8. Оқулықпен жұмыс
а) Сурет бойынша сөйлем ойлау, сөйлемге талдау жасау ( интерактивті тақтамен жұмыс).
ә) Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу
Оқулықтағы « Шырын» мәтіні бойынша тұтас оқып, сөйлем жігін ажырату.

Сергіту сәті

Ө дыбысына арналған өлең шумағын айту, қимылмен көрсету

Ой толғаныс

б) Сөздер қатарын толықтыр: дәмді, тәтті,........( тағамға байланысты сөздердің қатарын жалғастыру)
в) Сөздер тізбегін жалғау: ор, өр, оң, өң, тол, төл.........( о, ө әріптеріне байланысты сөздердің мағыналық өзгерістерін анықтау, мағынасын түсіндіру)
Сабақты бекіту: Семантикалық картадағы сөздердің ішіндегі жоқ әріптерді дұрыс орналастыру, орындалған жұмысты интерактивті тақтада тексеру.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үү дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасату.
2. Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, тілін дамыту.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Орнымыздан тұрайық

1,2 деп бастайық, топ-топ басайық

Сәл дем алып болған соң

Орнымызға барайық.



Қызығушылықты ояту

Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады: Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.

Мағынаны тану


Дәптермен жұмыс
Ауада жазу
Тақтада жазу.
Оқушылардың жазуы
Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі


Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
- Мынау не? - Үкі
- Үкі - түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын)
- Үзеңгі сөзін (үзеңгінің мағынасын ашып кету) буынға бөле қойыңдар.
- Ү - зең - гі (үш буын бар)
- Үкі, үзеңгі, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?
- Сөздің басқы буындарында жазылады.
Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Суретпен жұмыс
Суретте салынған «үйрек» туралы айту. Үйректің пайдасы және оны өсіру.
Дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй - рек..-...
Тірек - сызба бойынша сөздерді оқыту, мағынасын айту. (үн, үш, үр, үз, үк, үй)
Ү - н, з, й, р, ш, к

Сергіту сәті

Ойын «Сөз ойла, тез ойла» доппен ойналатын ойын (допты балаларға бергенде алып тұрып ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)

Ой толғаныс

Тірек – сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
Тақтадағы сөздерді оқыту
Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі
Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.
«Өз орныңды тап» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ү, т, л, і, к - түлкі і, к, ү - үкі р, к, е, й, ү - үйрек

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Гг дыбысы мен әрпі туралы 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, буындар, интер тақта

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Г г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Түрлі-түсті стикерлер арқылы топтарға бөліну

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық
Ой – жүйрік, тіл шебер
Танытса шындықты
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.

Қызығушылықты ояту

«Гүлдер, гүлдер көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер» - деген өлең не туралы айтылған?
Гүл жайында айтылған екен. Гүл сөзі қай дыбыстан басталады ?
Бірге айтайық. Г - г - г
Г- дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен белгілейміз.Тағы да қандай сөздерде
г дыбысы бар. Назар салып тыңдайық. (газ, кереге, гүл, көгершін)

Мағынаны тану


1. Жұмбақ шешу.
Қыр басында әрқилы,
Сары теңіз толқиды.
(егін)
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
(жүгері)
Егін, жүгері сөздерін буынға бөлу.
е - гін, жү - ге - рі
екінші буында қандай дыбыс естіліп тұр? Г г
Г г дыбысымен таныстыру.
Г - дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысына ұқсас.
г - жіңішке, ғ - жуан, ұяң.

Сергіту сәті

«Ақ көгершін» әнін тыңдап, билеп бойды сергіту.

Ой толғаныс

Бір, екі, үш
Дем аламыз жинап күш
Қолға қалам аламыз
Көркем етіп жазамыз.
Дәптермен жұмыс
Г әрпін ауада жаздыру
Балаларға қол шапалақтау арқылы сөздерді буынға бөлгізу. Гүл, көгершің, кереге,гармон .
-Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде гүлдің суретін салып,бақшадан гүл тереміз. Деп сабағымызды қорытындылаймыз. Балалар бүгін сабағымыз ұнады ма?
- Қандай әріппен таныстық?
- Г қандай дыбыс? – деген сұрақтар арқылы балалардың түсінгендерін тағы бір пысықтаған соң, өте жақсы деп бағалау,мадақтау айтылады.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет