Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет17/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Р дыбысы мен әрпі

Мақсаты

Р дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Білімділігі: Сауатты жазуға дағдыландыру. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ой тұжырым жасауға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, буындар, ара макеті, жұмбақ.
Типі: ашық сабақ.
Түрі: аралас сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, бекіту, қайталау - жинақтау.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Іші толы әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықтап сақтаймыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бүгін біз «Р» дыбысының екінші сабағын өтеміз. Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық.
Ол үшін тиінге көмектесіп шыршаның бүрін жинаймыз.
1. Әріп дегеніміз не?
(Әріпті жазамыз және көреміз)
2. Әріптің қандай түрлері бар?
(баспа, жазба және бас әріп, кіші әріп)
3. Дыбыс дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз және айтамыз)
4. Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
(Екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар)
5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
(Екіге. Жуан және жіңішке)
6. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
(Үшке. Қатаң, ұяң, үнді)
7. Буын дегеніміз не?
(Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады)
8. Сөз неден құралады?
(Сөз әріптерден құралады)



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Қосымша тапсырмалар.

Төменгі тапсырмамен жұмыс:


Сөз құрату:
- р дыбысының қай буында тұрғанын анықтату.
Ғ – дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау.
Радио,ракета, ара,арпа, теледидар, қар сөздерін айтып р дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін айту.
Ендеше Р-дыбысы сөздің басында да ортасында да және соңында да кездеседі екен. 
Дәптермен жұмыс:
- дәптердегі әріптерді бастырып, әрі қарай жалғастырып жазу;
- астындағы суреттердің атын жазып, бояу.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

сонымен Р дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- басында кездесетін сөз айт!
- ортасында кездесетін сөз айт!
- және соңында кездесетін сөз айт!

Үйге тапсырма

Жазу дәптерімен жұмыс.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Рр дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Әдістемелік құрал

Сабақтың жабдығы

Кеспе әріптер, магнит тақта, тірек сабақ, дидактикалық ойын, ғажайып кезең, буындар текшелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік мәні: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру. Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық мәні: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиешілік мәні: Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

А а дыбысынан басталатын,аяқталатын сөздер тізбегін жасау.

Қызығушылықты ояту


Балалардың бір - бірлеріне жүрек жылуларын сыйлау.
Темірлан сен ұқыпты баласың. Дарина сен әдепті баласың. Шарапат сен еңбекқор баласың.
Балалардың А, Т, П, Н, Ғ - алдарында таңбалары жазылған әріптерімен шеңбердің ішінде тұрады.
Р әріпі жазылған бала А, Т, П, Н, Ғ таңбалары бар балаларға қосылмақшы болады. Р әрпінің таңбасы жазылған бала шеңберде тұрған балалардан сұрайды, сендер кімсіңдер?
«А» Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай - ау алақай
«А» дыбысын білеміз
Мен «А» әріпімін

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Т, П, Н, Ғ бір - бірлерінен сұрайды бізге Р әрпі керек пе? Жоқ керек емес. А әрпі ойланып тұрып неге бізге Р әрпі керек емес? Мысалы: Раушан, ара, тарақ, шар деген сөздерде р әрпі бар. А әрпі дұрыс айтады бізге Р әрпі өте қажет. Қазір біз сол Р әрпімен танысамыз. Балалар орындарына отырады. Р әрпі дауыссыз дыбыс, р әрпін айтқанда тіліміз, тісімізге тиіп р дыбысы шығады. Тісімізге, тілімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз. Қолымызға айнаны алып өзіміз айтып көреміз.
Р әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кезігеді. Р әрпі бар сөздерді айтамыз. Радио, домбыра, жаңбыр, көгершін т. б
1 - тапсырма: Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасайық а - р - а деген сөзде 2 дауысты 1 дауыссыз 3 әріп, 3 дыбыс бар.
2 - тапсырма: Р әрпі бар сөзге сөйлем құрастырайық. Сөйлем бас әріптен басталып, сөздің соңында нүкте қойылады.
Балалар сендер әріптерді өткенде соларға байланысты тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді? А, Т, П, Н дыбысына байланысты 3 - 4 бала тақпақ айтады.

Сергіту сәті

3 - тапсырма:
Енді тақтаға қарап мына жол тақпақты жаттайық.
Ракета зымрап
Ғарышқа оны ұшырам.
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
4 - тапсырма: Тірек сызба арқылы сөз құрайық.
а - та, а - па т. б
5 - тапсырма
Р әрпі кездесетін суреттерді шеңбердің ішіндегі қызыл қалтаға саламыз, р әрпі жоқ суреттерді шеңбердің сыртындағы көк қалтаға саламыз.
Екінші шеңбердің ішіндегі қалтаға сандарды саламыз, шеңбердің сыртындағы қалтаға р әрпі жоқ суреттерді саламыз.

Ой толғаныс

6 - тапсырма:
Алдындағы тақтайшаға өткен әріптерді ризинка тарту арқылы жазамыз, оған бүгін өткен р әрпін жазу керек. Р әрпін жоғарыдан төмен таяқша етіп басынан ортасына дейін сопақша етіп жазамыз тақтаға жазып көрсету.
Дидактикалық ойын: Р әрпі бар сөздерді айтқанда қол шапалақтау, р әрпі жоқ сөздерді айтқанда қолдарын тығу.
Қорытындылау:
Бүгін қандай әріппен таныстық. Қандай текшемен белгілейміз?
Р әрпі дауыссыз дыбыс.
Барлық әріп бағалы.
Айтып әділ бағалы.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
А, Т, П, Н, Ғ әріптері бар 1 қызыл, 5 көк шарды аспанға ұшыру.

 Бағалау

Мадақтау


Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет