Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Әдептілік әліппесі.
|
Мақсаты
|
а) Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік
қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкенді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер, нақыл сөздер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.Алған білімдерін пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі:- Бүгінгі сабақ «Үлкенге құрмет-кішіге міндет». Үлкендерді қалай сыйлаймыз?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс.
45-жаттығу. Өлеңді оқып, үшінші шумағын көшіріп жазу. Бесік жыры
Жуан айтылатын сөздердің астын-бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Әдептілік әліппесі
Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әрқашан
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бар.
Өлеңді тізбектей отырып, кезектестіріп оқыту.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Жаңа материалды пысықтау.
1. Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
2. Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?
3. Саған ата-анаң қандай ақыл айтады?
4. «Менің атам» тақырыбына әңгіме айтыңдар?
5.Өлеңнен атаның ақыл сөздерін теріп жазу.
Дәптермен жұмыс.
Кішіпейіл бол деген, бауырмал бол, тіл алғыш, мейірімді, ынтымақшыл.
|
Үйге тапсырма
|
Оқу 51-53 бет. «Менің атам» тақырыбына әңгіме жазу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Ақсақалдың ақ батасы. Жұп дауыстылар
|
Мақсаты
|
а) Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын
дамыту, логикалық ойлауын
б) Үлкенді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
II.Үй тапсырмасын сұрау. «Менің атам» тақырыбына жазған әңгімені оқытып,
өлеңді талдату.
III.Өткен материалдан білімдерін тексеру. Ережелерді еске түсіру.
IV. Мақсат қою кезеңі:- Дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?-
Дауыссыз дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шаршағандары
Басылады
|
Мағынаны тану
|
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
46-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар .сан-сән от-өт ыс-іс ұн-үннан-нән боз-бөз тыс-тіс тұс-түс
ЕРЕЖЕ. А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара
ұқсас дыбысталады.
47-жаттығу. Жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар.
Дән-дәулет.
Дәулет-дән
Сән-сәулет
Сәулет-сән
Сөздердегі ә дыбысының жіңішке естілуін байқау.
48-жаттығу1. Сөйлемдерді көшіріп жазамыз Біз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық, таза.2. ауа, әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан , қайсысы жіңішке айтылған?
|
Пысықтау
|
Жаңа материалды пысықтау. «Әке көрген оқ жонар» деген
нақыл сөз беріліпті кім қалай түсінеді?
Ақсақалдың ақ батасы
Оқуда алғыр бол,
Ойлауға даңғыл бол.
Өмірде әділ бол,
Ашуда сабыр бол.
Ісіңде шебер бол,
Ақылға кемел бол.
Қиынға батыл бол,
Еңбекте батыр бол.
Уәдеңе берік бол,
Ауылыңа көрік бол.
VII. Дәптермен жұмыс. Мақалдарды көшіріп жазу.
Ата балаға сыншы
Ата-бәйтерек
Бала-жапырақ
Батаменен ер көгерер
Жаңбырменен жер көгерер
Атадан бала туса игі,
Ата жолын қуса игі
|
Үйге тапсырма
|
48-жаттығу. Жаттау 55 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |