Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Төлдер .Жіңішке дауысты дыбыстар.
|
Мақсаты
|
а) Оқушыларға мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты
дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындату.
ә) Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы алған
білімдерін дамыту.
б) Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды
ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу
Үй тапсырмасын тексеру. –Үйге қандай тапсырма берілді?-Үйге берілген
тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III. Мақсат қою кезеңі. -Балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске
түсірейікші?-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?
-Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?
-Кім атап береді?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
IV. Жаңа сабақ.-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Төлдер», әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.
Жіңішке дауыстылар: ә, е,ө, і, ү.
35-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мен даланың ұланымын
Жас тұүлектің бірімін
Көкірегін аймалап,
Көктеп шыққан гүлімін
Мен сүйемін даланы
Дәнге толы алабы С.Жиенбаев
Сөздерден ә, е, ө, і, ү әріптерін оқып , олардың жіңішке болып дыбысталуын аңғарыңдар.
Дәптермен жұмыс.
36-жаттығу. Жаңылтпаш.
Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
V. Жаңа материалды пысықтау. Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».
Өлеңді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей оқыту.
2. Құрамында жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді атау.
VI.Жаңа сабақты қорыту
1.Малды күту үшін не істеу керек?
2.Малдарды бұрыннан ата-бабаларымыз қалай қастерлеген?
3. Оқушылар: «малды бастан теппе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
|
Үйге тапсырма
|
«Төлдер» өлеңін мәнерлеп оқу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Әнші төлдер.Бөрте лақ.
|
Мақсаты
|
Оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуге
Үйрету
ә) Оқушылардың жаттығулар орындау арқылы ойлау
қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларды төрт түлік малды қастарлей білуге, қорғауға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу.
Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген
тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс
болдық,кім айтады?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
IV. Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Әнші төлдер», «Бөрте лақ» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.
1. Ешкі қандай жануар?
2. Ешкінің төлін қалай атайды? Мәтінді тізбектетіп оқытамын. Түсінгендерін
сұрақ қою арқылы мәтінді талдатамын.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
V. Жаңа материалды пысықтау. Бөрте лақ.Лақ қай малдың төлі?
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме , деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
«Мәә-мәә» деген әні бар, «Мөө-мөө» деген әні бар,
Жібек тоны – сәні бар: Үй маңынан табылар.
Қошақаным момақан, Мөңірегіш бұзауым–
Сүйкімді бір жануар. Маған үйір жануар.
|
Үйге тапсырма
|
Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |