Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Малдың төлін сүюі. Жуан және жіңішке айтылатын сөз.
|
Мақсаты
|
а) жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы түсінік
беру.Төрт түлік туралы түсіндіру.
ә) Оқушылардың сөздік қорын дамыту, логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
–Үйге берілген тапсырмаларды талдау, мәтінді оқыту
III. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс
болдық,кім айтады?
|
Мағынаны тану
|
IV. Жаңа сабақ-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «малдың төлін сүюі»оқулықтан дауыстап оқимын.Тақтада екі шумақ өлең жазылған плакат
39-жаттығу (ауызша) Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?Олар қалай айтылады? Жуан ба? Жіңішке ма?
ЕРЕЖЕ. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады
Дәптермен жұмыс.40-жаттығу . Өлеңді оқып жуан айтылған сөздерді теріп дәптерге жазу.
Маған, қолғап, қой, қалпақ
|
Сергіту сәті
|
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс
(Тақтаға әр түліктің суретін іліп, олардың төлдерін қалай атайтынын сұрай отырып, өлеңмен таныстыру.) Өлеңді тізбектей оқыту.
Малды құрметтеу қажет екені туралы түсінік
VI.Жаңа сабақты қорыту. Төрт түлік мал туралы білген болсақ , ендеше олардың төлдерін топтастырайық.
|
Үйге тапсырма
|
Өлеңді мәнерлеп оқып келу 44-45 бет.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Әлди-әлди. Шаңырақ шуағы.
|
Мақсаты
|
а) Ананың әлдиі, әже өлеңдеріне түсінік беру
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын,
сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Әжені құрметтегу, ананы аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, әже, отбасы суреті.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Пәнаралық байланыс: музыка
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың
сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын
сабаққа аудару.
II. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, ұйықтар алдында аналарың сендерге бесік жырын айтады ма? - Қандай өлең жырларын білесіңдер?-Аналар туралы не айтамыз?Анамызға қалай көмектесеміз?- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырып «Аналарға» арналады.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулығымызға қарайық,Әлди -әлди
Әлди,әлди,ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама ,бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Жілігіңнің басына
Үкі тағып берейін
2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар жуан ба, жіңішке ме?
ЕРЕЖЕ: сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер,терезе, киік, өзен, күрек.
Суретке қарап әңгіме құрастыру . Шаңырақ шуағы
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Жаңа материалды пысықтау. Әже туарлы әңгіме құрастыру.
Бекіту кезеңі. Әже, ана туралы өз ойларын айтқызу
|
Үйге тапсырма
|
Оқу 45 бет.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |