Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Әке мен бала . А-Ә дыбыстары.
|
Мақсаты
|
Әңгімені оқи отырып , алған білімдерін пысықтау.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік
қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкенді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер, мақал-мәтелдер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
IV. Мақсат қою кезеңі:Балалар мәтінді оқиық. Мәтін Әке мен бала туралы
болмақ.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
V. Жаңа сабақ. Мұғалім мәтінді өзі оқып береді.
1.Әңгімедегі әке мен баланың іс-әрекетін кім маған сипаттап береді?
2. Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?
3. Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?
4. Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
5. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Жаңа материалды пысықтау. Әке мен баланың іс-әрекетін суреттеу.
49-жаттығу 1. Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқыңдар.
Ар- әр аз -әз дау-дәу сал -сәл
Ал -әл дал- дәл сат -сәт сан -сән
Дәптермен жұмыс. Мақалдар.
1.Еріншек екі істер.
2.Еріншектің ертеңі бітпес.
Бекіту кезеңі. Балалардың «Әке мен бала» мәтінінен түсініктерін талдау.Әке мен балаға сипаттама беру.
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұнын айту 57-58 бет.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Көкемнің ақылы. О-Ө.
|
Мақсаты
|
Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін
пысықтау, мамандықтар туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік
қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Әр мамандықтың пайдасы туралы айта отырып , әр
мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік,сұрақ-жауап,
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу, зейіндерін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау. «Әке мен бала» мәтіні бойынша оқушылардан
мазмұнын сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын
қорытындылау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Мағынаны тану
|
V. Жаңа сабақ.
50-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Д... рігер ауруға д...рі берді. 2....скер күзетте тұр.
3. Әбішұлы Әріп-т..ртіпті, ұқыпты оқушы. Әріп д..птерлерін таза ұстайды.
4. Әсем с...нді киініп жүреді.
Ә жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу ерекшеліктерін байқаңдар.
51-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.
От-өт ор-өр он-өн оң-өң тол-төл қол-көл
тоқ-төк тор-төр тос-төс
2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.
3. Сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.
|
Ой толғаныс
Үйге тапсырма
|
Оқулықпен жұмыс.
«Көкемнің ақылы» өлеңін мәнерлеп оқып әке тілегін теріп оқып, мәнін түсіну.
VI. Жаңа материалды пысықтау. Жуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстарға
мысалдар келтіру.
VII. Бекіту кезеңі.Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Тізбектей оқыту.
|
Өлеңді мәнерлеп оқып келу 61 бет.
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |