Атырау облысы, Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уринбаева Камшат Еркиновнаның
Қысқа мерзімді жоспары
5 «ә» сыныбы
|
|
оқушының саны 20
|
|
|
|
|
Сабақтың атауы
|
Тақырыбы: «Аяз би» ертегісі
|
Сілтеме
|
Әдебиет Авторлары: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, слайдтар, сабақ жоспары.
|
Жалпы мақсаты
|
1. Қазақ халқының бай қазынасы-ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгісі- «Аяз би» ертегісінің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау, ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтату;
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, негізгі мәселені анықтай білу, сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
3. Аяз бидің жақсы қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарытуға, кейіпкерден үлгі ала білуге тәрбиелеу.
|
Міндеттер
|
1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;
2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;
3.Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтау;
4. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдау;
5. Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу.
|
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
|
1. Жеке, жұппен, топтаса отырып шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3.Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау.
|
Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері
|
Білімді жүйелеу.
Сұрақ –жауап, ішінара ізденіс, жинақтау, қорыту, талдау,
«Интервью», «Топтастыру», «Теріп алу» , «6 қалпақ» стратегиялары
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру,
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар,бағалау парағы
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;
2. Ертегі мазмұнын біледі;
3. Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтайды;
4. Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз қасиеттері бойынша бөле біледі;
5.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере біледі;
6. Бір-біріне сұрақ қояды;
7. Ой қорытады;
8. Пікірлерін айтады;
9. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
1. Сәлемдесу;
2. Алдын ала № 1,2,3,4,5 деп топқа оқушыларды топтастырамын.
3. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушыларға ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттерін келесі оқушыға айтқызу. Мысалы: «Сен Ер Төстік сияқты батырсың»т.б.
2 мин
|
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
1-сабақ. «Аяз би» ертегісінің тақырыбы мен идеясы
Жаңа сабақ
|
1. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.Оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын:
«Интервью» стратегиясы арқылы
А) Оқушылардан ертегі желісі бойынша құрған жоспарларын сұраймын;
Ә) Ертегінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау үшін әр топқа сұрақтар қоямын:
1. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алды?
2. Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп шешті?
3. Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
4. Жаман гауһар тастың ішінде құрт барын қайдан білді?
5. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қайдан білді?
6. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді?
|
1.Оқушылар ертегі желісі бойынша құрған жоспарларын оқиды.
2. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Сабақтың барысы
|
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті 28 мин
|
1. Ертегі мазмұны бойынша топтарға тапсырма беремін:
І топ-ертегіде кездесетін кейіпкерлерді бойындағы қасиеттеріне қарай жағымды, жағымсыз деп топтастыру («Топтастыру» стратег);
ІІ топ- басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жаз «Теріп алу» стратег;
ІІІ топ-Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жетті?
IV топ- Диалог құрау сурет бойынша
V топ- Ертегі желісі бойынша сұрақ дайындау
VI топ- Өлең құрау
2.Әр топқа ойларын айтқызу, дәлелдету;
3. Қорытынды жасата отырып, ертегінің тақырыбы мен идеясын ашуға жетелеймін.
|
1. Оқушылар өз топтарында кезек-кезек жауап береді.2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен дәлелдейді, флипчарттарға жазады.
1-топ Ертегіде кездесетін кейіпкерлерді бойындағы қасиеттеріне қарай жағымды, жағымсыз деп топтастырады, қорғайды.
2-топ Басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жазады, қорғайды.
3-топ Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жеткенін тізбектеп жазады.
4-топ Сурет бойынша диалог құрайды.
5- топ Сұрақ дайындайды.
6- топ Өлең құрайды
4. Қорытынды жасай отырып, ертегінің тақырыбы мен идеясын ашады.
|
4. Білім дәрежесі түрлі деңгейдегі оқушыларға тапсырма беремін. «6 қалпақты ой әдісі» стратегиясы бойынша сабақты ұйымдастыру.
1. «Ақ қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар «Аяз би» ертегісі туралы айтады
2. «Сары қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушыларға Аяз би ертегісінде кейіпкерлер бейнесін беріп, оларды анықтатады.
3. «Қара қалпақ» тапсырмасы. Шарты: Жаманның жасаған іс-әрекетіне қарсы шығару
4. «Қызыл қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушыларға Аяз би ертегісінен көрініс көрсетуді тапсырады.
5. «Жасыл қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушыларға ой тастау.
6. «Көк қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушыларға Аяз би ертегісін толық талдату.
5. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысына бағалату;
6. Берілген бағалау парағына топ басшысының бағалауы бойынша бағаларын қоюын қадағалайды.
|
Білім дәрежесі түрлі деңгейдегі оқушылар берілген тапсырманы орында
1. «Ақ қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Аяз би ертегісі туралы айтады
2. «Сары қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Аяз би ертегісінен берілген кейіпкерлер бейнесін оқып, олардың кім екенін анықтатайды.
3. «Қара қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Жаманның іс-әрекетіне қарсы шығады.Жауаптарын тексереді.
4. «Қызыл қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылара Аяз би ертегісінен көрініс көрсетеді.
5. «Жасыл қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар берілген сұрақ төңірегінде ой өрбітеді.
6. «Көк қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Аяз би ертегісін «Әңгіме кестесі» стратегиясы арқылы толық талдайды.
6. Берілген бағалау парағына топ басшылары өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қояды, айтады
|
Бекіту 5 мин
|
3. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар жауабын бағалау;
|
Топ басшылары бағалайды.
|
Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин
|
4 .Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Рефлексия
|
Ойларын жазады.
|
Бағалау 2 мин
|
5. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Берілген бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорыту
|
Бағалау парағындағы ұпайлар есептеледі.
|
Үйге тапсырма 1 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті“
«Бала би”
“Ғажайып адам”
“Менің досымның басынан кешкендері”
|
Оқушының іс-әрекеті
Ертегі жазып келу
|
Достарыңызбен бөлісу: |