Мақсат қою:
Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін топта қандай ережелерді сақтауымыз керек:
тәртіп,
ұйымшылдық,
бірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді ?
3-4 оқушыға Қ. Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жолында құрбан болған батырларымыз туралы әңгімелеу.
-Осы «Қазақстан» өлеңі бойынша білетіндерімізді еске түсіріп,сөзжұмбақ шешейік.
Сөзжұмбақты шешу үшін мына сұрақтарға жауап бер.
1. Қазір қай ай?
2. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны
3. Сертің осы ....жігіт,.....қыз!
4. Біз қандай жанбыз?
5. Соғып тұр ғой туған дала......
6. Жеріміз бар қасиетті .....
ІІІ .Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
- Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ қандай сөз шықты?
-Ертегі сөзі шықты
-Ертегі деген –халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
- Ертегінің неші түрі бар?
-Балалар қараңдаршы бізге не келіпті?
-Біздің Отанымыз басқа елдермен достық қарым –қатынастамыз.Сондай дос елдің бірі - Монғолия.Бұл хатты сол елдегі сендермен қатарлас достарың жолдапты.Хатты ашып оқиын.
-Сәлем,достар!Біз Моңғолия елінде тұрамыз.Бізде 2-сыныпта оқимыз.Достар сендерге қызық ертегі жолдап отырмыз.Сендерге ұнайды деген ойдамыз.Ертегі туралы өз ойларыңды күтеміз.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Ой-шақыру.
-Бұл ертегі не жайлы екенін білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.
-Қане жұмбақты кім оқиды? (2-оқушыға оқыту.)
1)Жұмбақ шешу.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады. Тышқан
-Түйе мен тышқанның не екенін білесіңдер ме?
-Түйе қандай жануар?
-Ал тышқан қандай?
Оқулықпен жұмыс.
-Балалар,бүгінгі ертегіміздің тақырыбы «Түйе мен тышқан»деп аталады екен.
*Мұғалімнің оқуы.
*Оқушыларға тізбектей оқыту
* Мәтінді талдау.
–Сонымен ертеде адамдар әр жылды нелердің атымен атауды ұйғарыпты?
-Олар неше жылға атаулар берген?
-Ал 12-ші жылдың атауына нелер өз аттарын ұсынған?
-Олар бір-бірімен қалай айтысты деп ойлайсыңдар?
-Ал адам мәселені қалай шешіңдер деген?
-Ал түйе мен тышқан не деп келісті?
-Түйе не істеді?
-Ал тышқан ше ?
-Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды?
- Неге тышқан бірінші көрді?
-Ал ұтылған түйе не істеді ?
-Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?
- Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
*Оқушыларға мазмұндату.
-Балалар түйе мен тышқанның іс-әрекеті арқылы ертегі бізге неге үйретіп тұр?
-Ертегінің негізгі ойы- мақтаншақтық жағымсыз қасиет екенін айтады.
*Мәтіннің бөліктерін анықтату.
-Балалар осы мәтіннің бөліктерін анықтайықшы?
- Басы,негізгі бөлімі,соңы.
- Балалар мәтіннің қандай түрлері бар?
-Балалар осы ертегіде мәтіннің қай түрлері кездесіп тұр?
3)Сергіту сәті:
4)Суретпен жұмыс:
-Суретке зер салып, жыл аттарынан не артық екенін айту.
-Қай жануар артық? Неге?
• Балалар, биыл қай жылды қарсы алайын деп отырмыз?
• Неше жыл бар?
Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі.
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тойма именіп ділмәрдан.
-Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпімен басталады. Тышқан, Сиыр,Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.
• 12 жыл-бір мүшел.Мүшел-уақыттың өлшем бірлігі.Адам жасын мүшелмен есептеген.
Видео
-Осыған ұқсас халқымыздың «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегісі бар.Сол ертегіні тамашалайық.
4)Дәптермен жұмыс: Ойын «Сөзді тап»
-Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадыңдар ма?
-Берілген нақыл сөзді аяқта,есіңе сақта.
Бойыңа сенбе ,ойыңа сен.
-Бойына сенген қайсысы?
-Ойына сенген не?
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
6)Топтық жұмыс:
1-топ: Түйе туралы не білетінімізді тірек сызба арқылы топтастырып көрейік.
2-топ: Жылдан құр қалған түйеге сипаттау мәтінін жазу.
3-топ: Тышқанға сипаттама бер.
4-топ:Тышқан мен түйенің суретін сал
|