Сабақтың атауы
|
С.Сейфуллин Наурыз
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1) Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
С.Сейфулиннің өмірімен таныстыру.
2) Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, танымдық
ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3) Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: тірек-сызба, С.Сейфуллин суреті, ребус, Наурыз көрінісі
|
|
Психологиялық ахуал
|
Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан 3 топқа бөлініп отырамыз
І топ Наурыз
ІІ топ Сәуір
ІІ топ Мамыр
Топ басшыларын сайлап аламыз.
Ітоп ұраны:
Наурыз – шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
ІІ топ ұраны
Сәуір болмай-тәуір болмас
ІІІ топ ұраны
Көктем шуақты болсын!
Күні қуатты болсын!
Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау. Шығарманы оқыту «Наурыз»
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру
Өлең не жайында екен?
Наурызда қандай өзгерістер болады екен?
Жыл басы
Жан-жануарлар Ұлыстың ұлы күні
ұйқысынан оянады
Көктемнің алғашқы айы Күн мен түн теңеледі
|
|
Мағынаны тану
|
Ендеше балалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз
- Биыл қандай жыл келіп тұр? (Ұлу)
- Сендер қазақша жыл аттарын айтып беріңдерші
Бүгін біз С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.
С.Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді таспадан тыңдату.
- Оқушылардың шумақтап оқуы.
- Сұрақ-жауап
- Өлеңде не жайында айтылған
- Көктемде қандай өзгерістер болады екен?
Тапсырмалар
Наурыз тойын барлық мұсылман халқы тойлайды екен. Наурызда әр түрлі ұлттық ойындар ойналады, түрлі өнер көрсетеді.
Ендеше сендер де екі ауыл жастары болып бөлініп, наурыз тойына қатысасыңдар.
І. Сәкен ауылы. ІІ. Міржақып ауылы
Ендеше тойымызды әнмен бастайық.
«Наурыз» туралы ән
Келесі кезекте ақындар сайысы
«Көктем», «Наурыз» туралы өлең шығару.
2. Енді ортаға палуандарымызды шығарамыз.
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар» - демекші біз білімімізбен сынасамыз. Ребус шешу. (наурыз көже)
Наурыз көже туралы айта кету.
|
|
Ой толғаныс
|
«Орамал тастамақ» ойыны.
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді) қайтеді? деген сұрақ бойынша жауап беру.
Жаз → құшақтайды, беттен сүйеді
Су → жүгіреді, асығады, күледі
Құстар → шаттанады, жырлайды
Мал → жадырайды, жаңа жылды қарсы алады.
4. «Бәйге» ойыны
Ұяшықтарды ашып сұрақтарға жауап беру
V. Бекіту
Венн диаграммасы
С.Сейфуллин М.Дулатов
«Наурыз» «Наурыз»
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәнерлеп оқу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|