Ой толғаныс
Миға шабул
Топтарға тапсырма
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Әдебиетті оқу
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мен не үйрендім?
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Жалпы мақсаты: Өткен тарауды қайталау
Оқу нәтижесі: Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну, ойлану, талқылау.
Мұғалім оқуға бағыттап отыру
Оқушылардың өзін - өзі бағалау мүмкіндіктері
Тапсырмалар: Топқа бөліну, сауалнама, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бағалау парағы.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Тасбақаның шөбі мәтінін есіңе түсір.
|
|
Мағынаны тану
|
Көктем айларын ата? жаз.
Шыбық дегеніміз не?
Ана тілі эссе жазу
Ф.Оңғарыснова өлеңін жатқа айт
|
|
Ой толғаныс
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Тест тапсырмаларын құрастыру
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасы
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
С Мұқанов Жылқы
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, портрет, кесте.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жылқы қандай мал?
Оның адамға қандай пайдасы бар?
Өзің жылқы бағып көрдің бе?
|
|
Мағынаны тану
|
Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жылқы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса. Сөздік жұмыс.
Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп - қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?
Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?
2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.
Жылқының пайдасы Дәлел
1. Еті Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.
2. Сүті (қымызы ) Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.
3. Терісі Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.
|
|
Ой толғаныс
|
Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз.
1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).
|
|
Үйге тапсырма
|
Жылқы туралы мәліметтер жинақтау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
Универсалды кері байланыс
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Тексерілді: 15.03.2016ж
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Ш.Құдайбердіұлы Еріншек. Жаз келер
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1. Қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып. «Еріншек» өлеңімен танысу.
2. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді таныту және оқушылардың өзіндік көзқарасын дамыту.
3. Адамгершілік құндылықтарды адам бойына сіңіру.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Әдісі: СТО, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау
Көрнекілігі: слайд, сызбалар
Болжамдап отырған нәтиже: Адамгершілігі мол, биік тұлға қалыптастыру.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Үй тапсырмасы
- Ендеше үй тапсырмасына кезек берейік. Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқып, мазмұндау болатын және тақырыпқа байланысты ізденіс жұмыстары, шығармашылық тапсырма берілген еді.
- Қане, олай болса, 1 тапсырма бойынша кім айтады? (Балалар бөліктерге бөліп мазмұндайды)
1 – топ Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
2 – топ Жылқы баққан адамның үйі қалай аталады? Қос туралы не айтылған?
3 – топ Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқы терісі жөнінде не айтылған?
4 – топ Мақан жылқышының сөзі. Бұл сөзінде ол не дегісі келді?
Сонымен, қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?
2 – тапсырма
Шығармашылық жұмыс
1 – топ – Жылқыға байланысты өлеңдер
2 – топ – «Жылқы жайында эссе»
3 – топ – Мәтін бойынша суреттеу
4 – топ – Жылқыға байланысты мақал - мәтелдер.(Мағынасы қандай?)
3 – тапсырма
Ізденіс жұмысы
1 – топ Жылқының жасына қарай атаулары
2 – топ Жылқы етінен дайындалатын тағамдар
3 – топ Жылқы терісінен жасалатын бұйымдар. Жылқыға байланысты ойын.
4 – топ Жылқы жүрісі.
- Қазақта мынадай мақал бар екен: «Мал баққанға бітеді»
- Ол үшін не істеу керек?
- Еңбектену керек
- Еңбектенбеген адамды қалай атайды?
- Жалқау, еріншек дейді
|
|
Мағынаны тану
|
Олай болса, бүгін біз Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңімен таныс боламыз.
1. Ой қозғау
- Балалар, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білесіңдер?
- Шәкәрім Құдайбердіұлы 24. 07. 1858 жылы Қазіргі ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ол 02. 10. 1931 жылы дүниеден өткен.
Шәкәрім қазақ ақыны
Ойшыл
Сазгер
Аудармашы
Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген.
Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, өмірінің соңына дейін ағартушылық бағыт ұстанған.
Шәкәрім шығармалары сан – салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлеңдері Абай үлгісінде жазылған.
- Сондай шығармаларының бірі «Еріншек»
- Еріншек сөзінің мағынасы қандай?
-
- Жалқау,........
2. Өлеңді мәнерлеп оқу
3. Ой өрбіту
Еріншектік неден пайда болады?
Салақтықтан
Еріншектік
Надандықтан
|
|
Ой толғаныс
|
4. Түртіп алу
Харекет - Әрекет
Ғибадат - Өнеге
Кесел – сор, дерт
5. Мәтінді тізбектеп оқыту
6. Сұрақ-жауап тәсілі.
Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?
- Өзі таза жүре алмас
- Кір – қоңын жуа алмас
- Төсекке мойнын бұрғызар
- Өз бойынан ұялмас.
«Ер еңбегімен озады,
Еріншек езілумен тозады», - деген мақалды қалай түсінесіңдер?
7. Автордың ойы қандай? Қай шумақтан байқаймыз?
1 – тапсырма
Әр топқа сөздер беріп, буын түрлеріне талдау жасау.
1 – топ. Еріншек. Үш буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, үшінші буын – бітеу, жіңішке буынды сөз
2 – топ. Салақ. Екі буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
3 – топ. Надан. Екі буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
4 – топ. Адамдық. Үш буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, үшінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
2 – тапсырма
1 – топ «Жұбын тап» ойыны
Арам -.... Еріншек -....
Таза -.... Салақ -....
2 – топ «Жалғасын тап»
1. Еріншектің..........
2. Талаптыға..........
3................... өрге жүзер
4. Еңбек түбі -..................
3 - топ «Топтастыру»
салақ
талапсыз
кір
надан
4 – топ Жағымды, жағымсыз әрекеттерді жазу
Ішіне Сыртына
ІV Жаңа сабақты бекіту.
3 - тапсырма
Екі жақты жазба күнделігі
І – топ
Үзінді Пікір
Еріншектен – салақтық
Салақтықтан – надандық
Бірінен – бірі туады
Жоғалар сөйтіп адамдық
ІІ – топ
Үзінді Пікір
Іс қалдырмас еселі
Ең білімнің кеселі
Кірсе бойдан шығу жоқ
Күн сайын өсер бес елі
ІІІ – топ
Үзінді Пікір
Даулассаң желдей еседі
Өзі айтып, өзі шешеді
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі
ІV – топ
Үзінді Пікір
Еріншек, ашу, құмарлық
Бұларды істен шығардық
Жамандықтың басы осы
Кісі болса ұғарлық
- Осы тақырыпқа ұқсас Абай аталарыңның қандай өлеңі бар? «Ғылым таппай мақтанба»
- Абай атамыз қандай – қандай бес нәрсеге асық бол, бес нәрсеге қашық бол дейді?
Бес нәрсе
Асық -------------- Қашық
Талап -------------- Өсек
Еңбек -------------- Өтірік
Терең ой --------- Мақтаншақ
Қанағат ----------- Еріншек
Рақым ------------ Мал шашпақ
V Қорытынды
Абайдың қара сөзінде былай делінген:
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар
- надандық
- еріншектік
- зұлымдық
Еріншек – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі неден шығады?
ЕРІНШЕКТІКТЕН
VІ Үйге тапсырма
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. «Еріншек» туралы өлең шығару
3. Әңгіме құрастыру
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Тексерілді: 16.03.2016ж
Достарыңызбен бөлісу: |