Сергіту сәті
|
|
Ой толғаныс
|
|
Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мен не үйрендім?
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Оқушылардың өткен бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Шығармашылық тапсырма
Постер жасау
|
1-топ
«Елтаңба мен Ту»
2-топ
«Туған жер туралы жыр»
3-топ
Алматы
|
|
Ой толғаныс
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Тест тапсырмаларын құрастыру
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Қ.Баянбаев Араша
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру. Диалог жайлы білімдерін кеңейте түсу.
2) Әлсіздерге әлімжеттік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Көрнекілік: слайд (жануарлардың анимациялық суреттері), карточка, кесте
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
|
|
Психологиялық ахуал
|
І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Құрап келген мысалдарын оқып беру. Жақсы шығарманы мадақтап, кем қателік болып жатса түзету.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. Ребус шешу. (Ара суреті (құрал), шана суреті көрсетіледі)
шешуі: АРАША
- Араша сөзін қалай түсінесіңдер? - деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек
2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
3. Өлеңді оқып беру. Оқу барысында слайд көрсетіліп тұрады.
4. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас,
5. Оқушылар тізбектей оқиды.
6. «Сәйкестендір» ойыны Шарты: Тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарларға қатысты екенін тауып, суретінің тұсына қою.
Шыбын: бөрткен дәндей әлсіз жәндік
Торғай: кәдімгі ашулы бейшара
Мысық: мұртын талдап тараған, үстін сәндеп жалаған, шапшаң әрі епті, маубас
Төбет (ит): жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, ашу қысқан арландай
Құнан (ат): құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, жымиған қос құлағы
7. Сергіту сәті
(Слайдтан көрініс көрініп тұрады).
Торғай, торғай, торғайсың, таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал, сонда аязға тоңбайсың.
Бар менің мысығым, көрсең оның пысығын.
Қақпалақтап ойнайды, ол әжемнің ұршығын.
Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.
Күшік қуса жетпессің, машина басып кетпесін!
Атқа ерін саламын, секіріп мініп аламын.
Жүйрік желдей шабамын, бәйгеден мен озамын!
8. Қосымша материал. «Артық болмас білгенін»
- Ал енді, балалар, осы жануарлар қанша жыл өмір сүретінін білесің бе?
Шыбын үш апта, мысық пен ит 15 - 20 жыл, жылқы 30 жыл өмір сүреді. Ал кәдімгі торғай тіршілік ету жағдайына байланысты 2 - 3жыл қала ауыл ішінде, ал жабайы жағдайда 10 жыл өмір сүреді екен.
9. - Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?- деп оқушылардың ойын тыңдап, қорытынды шығару
10. Диалог туралы анықтаманы жазып алу
11. Өлеңді рөлге бөліп оқу.
ІV. Қорытынды..
12 Сабақты бекіту мақсатында слайдтан ұяшықтар шығады. Балалар ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған?
2. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата
3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт
4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір
5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата
6. Диалог дегеніміз не?
Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:
1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.
VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, отырған оқушыларды мадақтау.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |