Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
I. Кіріспе
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық.
Балқашым – балбұлағым
Мақтанар туған жерім.
Алаңсыз боп құшағыңда,
Ер жетіп өсіп келемін.
1. Топқа бөлу.
«Сурет қиындылары»
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді.
1 - топ: «Балқаш»
2 – топ: «Алматы»
3 – топ: «Астана»
4 – топ: «Көкшетау»
2. Топ ұстанымын қайталау
3. Үй жұмысын тексеру
1, 2, 3 – топтар «Көкшетау» өлеңін тізбектей жатқа айтады.
4 – топ: Ментальды карта құрады.
- Өлеңнің мазмұнын айтқызу.
II. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
1) Жарасқан Әбдірашев кім? (слайд көрсету)
) «Түрткі болу сұрақтары»
- Қандай тарауды өтудеміз? Оқыған шығармаларды атаңдар.
- Алматы қаласы туралы не айта аласыздар?
- Астана қаласы жайлы не білеміз?
- Қазақстанның астаналарын атаңдар?
3) Оқулықпен жұмыс
- мұғалімнің оқуы;
- оқушылардың тізбектей оқуы;
4) Сөзжұмбақ
1. қ а р а
2. б а с
3. т а у ы
4. С а р ы а р қ а
5. к е р і л г е н
6. б о л а ш а ғ ы
1. Қарт Алатауды автор кім дейді?
2. Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?
3. Елге несі бар қала жарасады дейді?
4. Алашаны еске түсіретін қай өлке?
5. Астана қандай даланың сәні?
6. Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?
5) Сергіту сәті
Сергіту сәті «Әнге билету»
«Алматы – бас қалам, Астана – жас қалам» туралы ән.
III. Қорытынды
1) Топтық жұмыс
1 – топ: «Ментальды карта» құру.
2 – топ: «Бес жолды өлең» құрастыру.
Зат есім(1)
Сын есім, сын есім(2)
Етістік, етістік, етістік(3)
Сөйлем(4)
Зат есім
3 – топ: «Эссе жазу» Туған қалам
4 – топ: «Венн диаграммасы» Алматы мен Астананы
2) Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
3) Бағалау
«Критерийлер бойынша бағалау»
1. Үй жұмысына жауап беру
2. Сұрақ – жауапқа қатысу.
3. Өлеңді мәнерлеп оқуы.
4. Пікірталасқа түсу, өз ойын жеткізе алуы.
5. Топтық жұмыста белсенділік танытуы.
4) Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау, мазмұндау.