Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет163/181
Дата06.02.2022
өлшемі15,85 Mb.
#34550
түріСабақ
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   181
Психологиялық ахуал

Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Бүгін бізде ертегілер елі қонақта. Олай болса, балалар, ертегілер елінде болатын «Ертегі сабағымызға» қош келдіңіздер!
- Балалар, «Алтын балық» туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?




Қызығушылықты ояту



Ертеде өте кедей балықшы бала болыпты. Ол ұстаған балығын тамақ қылып өзінің еңбегімен күнелткен екен.
Бірақ соңғы уақыттарда оның құрған торына ешқандай балық түспей бала әбден қиналған екен. Бір күні баланың құрған торына анау – мынау емес алтын балық түсіпті. Бала қатты қуанып балықты қуырып жемекші болғанда алтын балық: ей, балақай егер мені босатсаң мен саған күнде таңертең бір сыйлық жасап тұратын боламын деп сөйлеп қоя беріпті. Қарны аш бала балықты босатқысы келмепті. Сонда балық: ол жай ғана сыйлық емес. Сыйлықтар сені бар бақытыңа жеткізетін болады. Ол үшін сен тапсырмалар орындап отыруың қажет – дейді. Бала әрі ойланып, бері ойланып балықтың қойған шартына көніпті. Таңертең ұйқысынан тұрған бала есіктің алдында құлыптаулы сандықты көреді. Оның іші толған ақша еді. Сандық ашылу үшін мынандай тапсырма бар екен: «Оқу мен еңбек - егіз» дегенді қалай түсінесің?
- Кәне, балалар, балықшы балаға кім көмектесе алар екен?(оқушылардың жауабы тыңдалады)
- Өте жақсы жауап беріп балаға көмектескендеріңе рахмет.
Келесі күні есіктің алдында сыртында суреті бар үлкен кітап (кітап, мұқабасында Ахмет Байтұрсыновтың суреті) тұрады. Егер бұл кітаптың тапсырмасы орындалса, бала білімді болады екен. Оқу, білім, еңбек адамды бар бақытқа жеткізеді.
Тапсырма: Кітаптың сыртындағы суреттегі кім? Және оның «Оқуға шақыру» өлеңін жатқа айтып бер.(Оқушылардың жауабы тыңдалады.) Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі: Ахмет Байтұрсынов 1872 – 1937 жылдары өмір сүрген. Қоғам қайраткері, ақын, лингвистік аудармашы, ағартушы ғалым, ұлт ұстазы. Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған. Балаларға арнап та бірнеше өлеңдер жазған. Бұл жолы да балықшы балаға жақсы көмектестіңдер. Осылай күнде сыйлық алған балықшы бала бақша мұратына жетіпті.
Бүгін Ахмет Байтұрсыновтың: «Балықшы мен балық» ертегісімен таныс боламыз.
• Ертегі – қиял мен арманға негізделген шығарма. Ертегілер әңгіме, өлең түрінде айтылады, жазылады. Онда халықтың арманы, әдет – ғұрпы, мұңы баяндалады.
1. Қызығушылықтарын туғызу.
Бүгінгі біздің сабағымыздың ой ашары:«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың». Сөйлемнің мағынасын түсіндіру.
Қазір мына суретке назар аударыңдар.
Сурет балықшы мен балық жайында. Сондықтан әр топқа тапсырма беріледі.
Стратегия: «Автор орындығы».
Әр топтап бір оқушы автор орындығына келіп құрастырған ертегісін айтып береді.
І – топ: Суретке қарап өз ойынан ертегі құрастырып айтады.
ІІ – топ: «Егер мен балықшы болсам...»
ІІІ – топ: «Егер мен балық болсам...»
ІV – топ: Осы тақырыпқа сәйкес келетін сурет салады.
Әр топтан келісіп бір оқушы шығып, өз тақырыптарын қорғайды.
2. Мағынаны тану.
1. Ертегінің мазмұнын айтып беру.
- Бұл ертегі сендердің құрастырған ертегілеріңе ұқсай ма? Мәтінде не туралы айтылған?
- Балықшы балықтың айтқанымен неге келіспеді?
- Сен балықшының орнында болсаң не істер едің?
«Көп пайдадан дәметіп, аз пайдадан айырылу ақылдының ісі емес» - деген сөйлемнің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Балықшы бала туралы айтылған ертегіден айырмашылығы неде?
2. Венн диграмасын құрайық. Екі ертегіні салыстырайық
алтын балық...........
ортақ қасиеті............
балықшы мен балық..........





Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет