Сабақтың аты М. Мағауин. Бір атаның балалары (повестен үзінді) Жалпы мақсаттар



Дата25.12.2016
өлшемі111,13 Kb.
#5203
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар 1.04.14ж

6-сынып

Әдебиет

1-сабақ

Сабақтың аты

М.Мағауин. Бір атаның балалары (повестен үзінді)

Жалпы мақсаттар

АКТ-ны қолдану арқылы жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып шығарма мазмұнын меңгеру, идеясын түсіну, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық орнату. Пікірлесу, сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту

Сілтеме

Жоспар, слайд, бейнебаян (http://videoscope.cc/76915-gerojam-velikoj-otechestvennoj-vojny.html)

Оқыту нәтижелері

Жазушының өмірі, шығармашылығымен танысады, ой білдіріп, ортақ пікірге келеді, шығарма мазмұнын ашады, жоспарлайды, ізденушілігін артады, ой түйеді

Негізгі идеясы

Халық басынан кешкен қиын кезеңдерді, соғыс зардабын біле отырып бейбітшілікті бағалау.Қазақы болмысты жоғалтпау, салт-дәстүрді дәріптеу. Адамгершілік асыл қасиеттерді бағалау

Тапсырмалар

1-тапсырма.Миға шабуыл.

Соғыс кезеңі туралы бейне баян ұсыну, қолдану



2-тапсырма.Топтастыру. Берілген тапсырма бойынша, автормен, шығармашылығымен танысу.




3-тапсырма.Мәтінді меңгеру арқылы постермен жұмыс

4-тапсырма.Жоспарлау. Үзіндінің сюжеттік жоспарын құру.

Кейінгі тапсырмалар

Үйге. «Сонау соғыс жылдары» Шығармашылық жұмыс.

Ой толғау








Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

1-сабақ.

1- әрекет.

Сыныпты сабаққа ұйымдастырып, түрлі –түсті қағаздар арқылы топқа бөледі.



2- әрекет.

Сабақтың қызығушылықты ояту кезінде АКТ арқылы бейнебаян көрсетіліп миға шабуыл жасалады.




3- әрекет. Повесть мәтіні бойынша топтарға тапсырма берілді.Уақыт белгіленді.


4- әрекет

Топтар өз беттерімен үзіндінің сюжеттік жоспарын құрып, қорғады.



5- әрекет.

Балалар, біз сендермен қандай жаңа тақырып өттік? Шығармада не туралы айтылды? Бүгінгі сабақтан нені білдік, нені үйрендік?

Сабақ бойындағы бағалауларды қорытындылап, пішіндер арқылы жиынтық бағалау жүргізілді.

6- әрекет.

Үй тапсырмасына «Сонау соғыс жылдары» тақырыбына ой толғау жазып келу тапсырылды.



Оқушылар түстерді таңдап алып орындарына отырады.

Мағынаны тануда көріністен көргендері арқылы пікірлерін білдіріп жаңа сабақтың тақырыбын ашып, топтастыру бойынша автор шығармашылығымен танысады.

Мәтін мазмұнын меңгеру арқылы постермен ойларын жазып,баяндады.

Оқушылар пікірлерін айта отырып, жинаған түрлі –түсті пішіндерін көтереді



Қысқа мерзімді жоспар 5.04.14ж

6-сынып

Әдебиет

2-сабақ

Сабақтың аты

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі

Жалпы мақсаттар

Жаңа тәсілдерді қолдану арқылы кейіпкерлер бейнесін талдау. АКТ-ны пайдалану арқылы қабылдауын жеңілдету. Диалог әдісі арқылы өткен сабақты қорыту. Дарынды балаларды анықтау үшін кейіпкерлерді сахналау. Сәйкес мақалдарды табу арқылы оқыту үшін бағалау. Адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіру.Пікірлесу, сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту

Сілтеме

Оқулық, мақал-мәтелдер кітабы, слайдтар

Оқыту нәтижелері

Кейіпкерлерді сахналау арқылы жақсы қасиетке ие болуы артады.Сұрақ-жауап арқылы шығарма мазмұнын толық меңгереді. Мақал табу арқылы сабақты қорыта алады, эмоциялық жағынан қалыптасады.

Негізгі идеясы

Кейіпкерлер бейнесін талдай отырып жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жақсы мен жаманды ажырата білу.Зекен бейнесі арқылы өз бейнесі жайлы ойлану. Қилы кезеңдердің адам тағдырына әсерін білу арқылы бейбіт күннің қадір-қасиетін түсіну.

Тапсырмалар

1-тапсырма.Қас қағым сәт Алдыңғы сабақтан мәтін бойынша сұрақтар қою


2-тапсырма. Интерактивті тақтада кейіпкерлер бейнесін талдау. Топтастыру




3-тапсырма.Кейіпкерлер бейнесі мен өз бейнесі бойынша постермен жұмыс

4-тапсырма.Топтар берілген тапсырма бойынша кейіпкер бейнесін сахналайды.

Кейінгі тапсырмалар

Үйге. Болжау. «Зекен тағдыры»





Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

2-сабақ.

1- әрекет.

Сыныпты сабаққа ұйымдастырып, сабақтағы туыстық қатынас арқылы отбасы мүшелері арқылы топқа бөлу (Ата, Әже,Әке,Ана)



2- әрекет.

«Қас қағым сәт» әдісі. Диалог арқылы алдыңғы сабақтан сұрақтар қою



3- әрекет.

Топтарға кейіпкерлер бейнесі бойынша тапсырмалар берілді.



4- әрекет.

Постермен тапсырма берілді




5- әрекет.

Топтар берілген тапсырма бойынша кейіпкер бейнесін сахналайды. (1-топ.Басқарма мен Дәуренбек, 2-топ.Зекен мен Ахмет, 3-топ.Қонақ бала мен Зекен, 4-топ.Дәуренбек пен Ахмет)



6- әрекет.

Сабақ бойындағы бағалауларды қорытындылап, белгішелер арқылы жиынтық бағалау жүргізіледі.



7-әрекет.

Үй тапсырмасына Болжау әдісі бойынша әрі қарай Зекен тағдыры қалай болғандығын жазып келу тапсырылады.



Оқушылар топқа бөлініп орындарына отырады

Оқушылар жауап береді

Топтастыру әдісі арқылы интер. тақтада топтар кейіпкерлер бейнесін талдады
Өз бейнесі мен Зекен бейнесін венн диаграммасы арқылы постермен ойларын баяндады.

Оқушылар бір-бірінің көріністеріне пікір айтады.



Қысқа мерзімді жоспар 8.04.14ж

6-сынып

Әдебиет

3-сабақ

Сабақтың аты

Үзінді мәтінімен жұмыс

Жалпы мақсаттар


СТО әдістері арқылы ой-қиялын дамыту, оқушылардың қабылдауын байқау. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып білімді бағалау. Қабілеті дамиды, көркем шығарманы өмірмен байланыстырады. АКТ арқылы танымы артады. Тарихты, ұлт өнегесін қастерлеу


Сілтеме

Оқулық, интернет арқылы теледидар бағдарламасын көру, Өмірмен байланыс


Оқыту нәтижелері

Жеке жұмыс жасап үйренеді, көркем шығарманы жан-жақты талдай алады, пікірін айта алады, өмірден түйген ойын ортаға салады. Адамгершілік қасиеттерді бағалай біледі, әлеуметтік жағынан қалыптасады

Негізгі идеясы

Мәтінді меңгере отырып көркем шығарма мен өмірді байланыстыра білу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі тұту. Отбасын, ата-ана мен бала арасындағы махаббатты құрмет тұту.


Тапсырмалар

1-тапсырма. Әңгімеден түрткі болуға арналған сұрақтар қою


2-тапсырма. Әдебиет үйірмесі әдісі бойынша рөлдерді бөліп беру. Мәтінмен жұмыс жасау

Сергіту сәті






3-тапсырма.

Тақтадан теледидар бағдарламасын (Жан жылуы) көру арқылы көзқарасын айтады



4-тапсырма.«Кітап туралы сөйлесу».Повесть туралы ойларын ортаға салу.

Кейінгі тапсырмалар

Үйге. «Зекен және оның отбасы» тақырыбында әңгіме жазу.






Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті

3-сабақ.

1- әрекет.

Сыныпты сабаққа ұйымдастырып, киіз үй бөліктері арқылы топқа бөлу


2- әрекет.

Түрткі болуға арналған сұрақтар қойылады



3- әрекет.

«Әдебиет үйірмесі» әдісі бойынша тапсырмалар беріледі.


4- әрекет.

Сергіту сәті. «Киіз үй құру». Шаңырақ дегенде қолдарын жоғары көтереді, уық дегенде теріс қарайды, кереге дегенде топ қолдарын бір-біріне айқастырады.



5-әрекет.

АКТ арқылы «Жан жылуы бағдарламасынан» үзінді көрсетіледі



6- әрекет.

«Кітап туралы сөйлесу» әдісі



7- әрекет.

Сабақ бойындағы бағалауларды қорытындылап, бағалау критерийі арқылы жиынтық бағалау жүргізіледі.



8-әрекет.

Үй тапсырмасына «Зекен және оның отбасы» тақырыбына әңгіме жазып келу тапсырылады.





Киіз үй бөліктерін біле отырып топтарға бөлінеді
Жауап берді.

Топ мүшелері рөлдер бойынша жұмыс атқарады.

1.Сілтеме табушы(мәтіннің ең қызықты жерін табады), 2.Сұрақ қоюшы(мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындайды), 3.Сөз тапқыш(жаңа сөздер табады), 4.Дәнекер(бүгінгі өмірмен байланыстырады), 5.Жазушы (қатысушылардың іс-әрекетін жазып шығады)

Ой түйіп, пікір білдіреді

Повесть туралы ой-пікірлерін ортаға салды


Қысқа мерзімді жоспар 12.04.14ж

6-сынып

Әдебиет

4-сабақ

Сабақтың аты

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндіні қорытындылау

Жалпы мақсаттар

СТО әдістері арқылы , тест әдісі арқылы білім бекіту, білімді бағалау.Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылыққа, адамгершілікке баулу. Бейбітшілікті, халықтар достығын бағалау,АКТ арқылы ізденушілігін, қызығушылығын арттыру,ой-танымын, қабілетін дамыту


Сілтеме

Оқулық, тест құру,слайд,суреттер

Оқыту нәтижелері

Тақырыпты қорытындылап, білім бекітеді. Шығармашылығы артады, ойы дамиды. Өз еңбектерін бағалай біледі, кейіпкер бейнесінен ой түйеді, құрметтейді. Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.Тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстыра алады

Негізгі идеясы

Қиындықпен күресе білу, еңбекқор, адал азамат болу.Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.Жақсы қасиеттерді үлгі тұту. Бейбітшілік пен бірлікті бағалау

Тапсырмалар

1-тапсырма.

Сурет бойынша өлшем жасау әдісі. Сурет бойынша пікірлерін білдіреді



2-тапсырма. «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» 5 минуттық эссе жазу.

Сергіту сәті






3-тапсырма. Тест әдісі арқылы білім байқау

4-тапсырма.Кейіпкерге хат. Зекенге хат жазу

Кейінгі тапсырмалар

Үйге. «Болмасын соғыс болмасын» шығарма жазу.




4-сабақ.

1- әрекет.

Сыныпты сабаққа ұйымдастырып, қасиетті ұғым атауларымен топқа бөлдім. Отан, Отбасы, Бейбітшілік,Ынтымақ



2- әрекет.

Қызығушылықты ояту кезінде слайд арқылы 2 сурет көрсетілді (соғыс кезіндегі балалар, қазіргі бейбіт өмірдегі балалар)


3- әрекет.

«Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір»тақырыбында халықтар достығы туралы «5 минуттық эссе» жазу тапсырылады


4- әрекет.

Сергіту. «Гүлдей жайқалу»Түрлі гүлдердің көрінісіне қарап тұрып ырғала билеу



5-әрекет.

Тест әдісі арқылы білім байқау үшін тапсырма беріледі


6- әрекет.

«Кейіпкерге хат» әдісі.


- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілі кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.

7- әрекет.

Сабақ бойындағы бағалауларды қорытындылап, алма ағашы арқылы жиынтық бағалау жүргізіледі.




8-әрекет.

Үй тапсырмасына «Болмасын соғыс болмасын» тақырыбында әңгіме жазып келу тапсырылады.



Оқушылар топқа бөлініп орындарына отырады.

Сурет бойынша пікір білдірді. Әдемі, салмақты ойлар көрініс берді.


Жазып, түрлі деңгейдегі эсселерін оқиды

Оқушылар түрлі қимыл жасайды.


Тестті белгілеп жауабын ортаға тастайды

Зекенге хат жазып,оқиды



Сабақ бойынша білім деңгейлерін ағашқа ілу арқылы бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет