Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық



Дата21.11.2016
өлшемі42,22 Kb.
#2245
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Астана. К Ахметова.

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларды еліміздің астанасы Астана қаласымен және тарихымен таныстыру. Еліміздің бұрынғы астаналары Алматы, Орынбор, Қызылорда туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру.

2)Оқушылардың сөздік қорын, тілін және ойлау қабілетін дамыту.

3)Елжандыққа, шапшаңдыққа, түсінгенінен нәтеже шығара білуге тәрбиелеу.

Түрі : Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап Венн диограмма

Көрнекілігі:компютер, слайд, Қ Р картасы

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қазақпыз, қонақжай елміз. Бүгін бестік баға алып, қонақтарымызды қуантайық. Ал сабағымызды аутотрентпен бастайық.



1-слайд .Хор: Ойға толып санамыз,

Бестік баға аламыз

Баласындай әр үйдің

Тату болсын арамыз.



2-слайд. II.Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар бүгін үй тапсырмасын саяхат жасау арқылы сұраймыз. Ол үшін өзіміздің Алға қаласынан бас қаламыз Астанаға саяхат жасау арқылы баруымыз керек. Әр қаланың сұрақтарына жауап береміз.



Алға «Кімнің мекені жақсы» мәтінің авторы кім?

Ақтөбе. Кімнің жақсы мекені жайлы қонысы бар екенін білу үшін нелер жолға шықты.

Қостанай. Көкқұтанның мекені қандай жер? Ол жер саяхатшыларға ұнады ма?

Торғай. –Шіркін, жауынды жерге не жетсін? Жердің ылғал тартып тұрғаны қандай рахат- деп мәз болып жатқан не?



Арқалық. Мәтін кейіпкерлерін ата?

III. Жаңа сабақ

3- слайд. Ребусты шеш
Ой қозғау.

Астана туралы не білеміз?

Біздің елордамыз қалай аталады?(Астана)

4-слайд

- Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыздың аты- Астана. Астана өлеңінің авторы-

Күлаш Ахметова.

. Ол 1946 жылы 4- сәуірде Қырғыстан қаласы, Талас ауданында, Киров ауылында дүниеге келген. Күлаш Ахметова – қазақтың көрнекті ақыны. Ол Жамбыл медициналық училищесін және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Жалын баспасында бөлім меңгерушісі әрі редактор болып қызмет істеген.Биыл Күлаш апамыз 65 жаста. (Слайдтан суретін,қысқаша өмірбаянын көрсету.)



5-слайд.

1.Өлеңді мұғалімнің дауыстап оқуы.

2.Оқушылардың іштей оқуы.

3.Оқушылардың дауыстап әрі тізбектей оқуы.

4.Сұрақ-жауап (6- cлайд)
(7-слайд)

Елордамыз Астанамен таныспас бұрын,Қазақстанның бұрынғы астаналарымен танысып өтейік.

Қазақстанның бұрынғы астанасы – Орынбор (1920-1925)

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.


1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.

Басын қар басқан Алатаудың етегінде орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстанның Республикасының орталығы болуға лайық еді. Алайда, 1997- жылдың 20- қазанында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6-мамырында Елбасының жарлығымен Қ Р астанасы –Астана қаласы болып атанды. Ал 20- мамырда Қ Растанасының мәртебесі туралы Қ Р заңы қабылданды. Міне, содан бері жылдан-жылға көркейіп, бүкіл дүние жүзі таныған, мемлекетіміздің мәйегі,дербестігіміздің дәйегі болған Елордамызды мақтан тұтайық!



8-слайд

Еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет.

-Астана есілдің жағасында орналасқан.

- Қ.Р Президентінің резиденциясы.

-Нұр Астана мешіті.

-Тәуелсіздік монументінің биіктігі 91 метр.

-Бәйтерек есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы өнер туындысы. Еңсесі биік, көркем Бәйтерек бас қаламыздың символы. Егемен мемлекетіміздің бойтұмары. Ескеткіштің биіктігі-97см.

IV.Сабақты бекіту:

Венн диограмасы толтырылады.

Астана және Алматы. (9-слайд)
Ребусты шеш ( 2-слайд)


V. Сабақты қорытындылау.

«Қазақстан» сөзжұмбағын шешу. (10-слайд)

1.1925-1929 жылдардағы Қазақстан астанасы. (Қызылорда)

2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)

3. Астана қаласындағы биіктігі 91 метр болатын монумент. (Тәуелсіздік)

4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында ? (Алматы)

5.Астананың бұрынғы аты қалай аталады? (Ақмола)

6. Астана қай өзенің бойында орналасқан?(Есіл)

7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаламыздың символы. ( Бәйтерек)

8. Мемлекетіміздің мәйегі,

Дербестігіміздің дәйегі........ (Елорда)

9.1920-1925 жылдардағы Қазақстанның астанасы. (Орынбор)


VI. Бағалау.

Оқушылар ды жинаған ұпай санына байланысты оқушылады мадақтау.


VII. Үйге тапсырма

«Астана» өлеңін мәнерлеп оқу және астана туралы рефарат дайындау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет