Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, ой қозғау, болжау әдісі,топпен жұмыс



бет4/4
Дата26.06.2018
өлшемі7,84 Mb.
#44468
түріСабақ
1   2   3   4

ІҮ.Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс:

Шын мәнісінде әңгіме не жайында болды , ол үшін ЖИГСО-1 стратегиясы қолданылады.

Жаңа мәтінмен таныспас бұрын сөздік жұмыс жүргіземін: мына сөздерді қалай түсінесіңдер?

(Ұлы ғалым,оқыған адам,ұлы адамдар)

Зеректік мәтінін таратамын.Мәтін үш бөлімнен тұрады.Ол үшін оқушыларды үш топқа бөлемін.Әр бөлімді аяғына дейін оқып шығасыңдар.Яғни сендер зерттеуші топ боласыңдар.

-Енді сарапшылар тобын құрайық , әр бөлімді оқыған оқушылар топтасып,мәтіннің мазмұнын ашады. Қайтадан өз топтарына барып, бір-біріне мәтінді бөлім бойынша түсіндіреді.

Ортада қаламсап.

Әр топтан бір нөмірлі бала тақтаға шығады ,оған әр топтан сұрақтар қойылып ,жауап алынады.



Сергіту сәті

Ү. Ой толғаныс.

1.Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.

Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.

Мәтін қалай басталады?

Шоқанды оқытқан кім?

Мәтін қай кейіпкерге қатысты айтылған?

Шоқан неге ойланып қалды?

Дәптермен жұмыс.

Мәтіннен Шоқанның күнделігіне жазып қойған сөзін тауып оқы.Сенде осы сөзді жазып ал.



Бажайлап- мән беріп

2.Әңгіме кестесі.

І-ІІ топтар

1

Әңгіменің аты

Зеректік

Кітап оқу

2

Әңгіменің авторы







3

Кейіпкерлер







4

Әңгіме немен аяқталды?







5

Негізгі ойы? Не үйретті?







.

ІІІ топ.Сен сабағыңды қалай оқыр едің? Егер сен асқан білімді болсаң , не істер едің?



ҮІ.Сабақты қорытындылау. Зеректік әңгімесі саған қандай ой тудырды.

ҮІІ.Үйге тапсырма. Зеректік мәтінді оқып мазмұндау.Ш.Уалиханов туралы реферат жазу.

ҮІІІ.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Әнуарбек Дүйсенбиев . Ақылшым мұғалім.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды білімді,ақылды,іздемпаз етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, Ә.Дүйсенбиев суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы,ассоциация,салыстыру,түртіп алу жүйесі.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

Кел , балалар ,ойнайық,

Ойнайық та,ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық

Алға қарай самғайық,

Екілікті алмайық.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Зеректік мәтінін оқушыларға әңгімелету.Бір оқушы оқиды.Ш.Уалиханов туралы реферат оқиды.

.Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.



ІІІ.Қызығушылықты ояту.

«Күн шұғыласы» ойыны Оқу , білім деген сөздер көз алдыңа нені елестетеді?

оқулықты



ОҚУ,БІЛІМ

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.Қолыңа қалам ұстатып,жазуды үйреткен кім?Оқытып білім берген кім?


ІҮ.Мағынаны тану.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Ақылшым мұғалім» Әнуарбек Дүйсенбиев.

Автор туралы мағұлмат беру.

Дүйсенбиев Әнуарбек

(1931 – 1979)

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және ДЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген.






Ү. Оқулықпен жұмыс.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

а).Мәтінмен жұмыс. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

в)Өлең бойынша сұрақтар қою.

1.Өлең не туралы?

2.Өлеңде ақын кім туралы айтады?

3.Ақынның ойы қандай шумақтарда айқын байқалады?

4.Өлеңде қандай іс-әрекеттер туралы айтылған?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Эссе жазу.

«Сүікті мұғалім», «Алғашқы ұстазым», «Ақылшым мұғалім» тақырыптарын таңдау арқылы жазады.



ҮІ. Ой толғаныс.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақын туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау.



ҮІІІ .Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Суретпен жұмыс:А.Құнанбаев. Күз.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды білімді,ақылды,іздемпаз болуға туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, сюжетті суреттер, Абай Құнанбаев суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы,,ассоциация,салыстыру,түртіп алу жүйесі.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Ақылшым мұғалім өлеңді жатқа айтқызу. Эссе жазған оқушыларға оқыту . Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.

ІІІ.Қызығушылықты ояту. Суретпен жұмыс:


«Күн шұғыласы» ойыны Күз деген сөз көз алдыңа нені елестетеді?

Жапырақтар сарғаяды



Күз

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.



ІҮ.Мағынаны тану.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Күз» Абай Құнанбаев



Автор туралы мағұлмат беру.




Ү. Оқулықпен жұмыс.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

а).Мәтінмен жұмыс. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

в)Өлең бойынша сұрақтар қою.

1.Өлең не туралы?

2.Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеп айтады?

3.Ақынның ойы қандай шумақтарда айқын байқалады?

4.Өлеңде қандай мезгіл туралы айтылған?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Эссе жазу.

«Жаз», «Күз», «Қыс», «Көктем» тақырыптарын таңдау арқылы жазады.



ҮІ. Ой толғаныс.

Вен диаграмасы


ЖАЗ

КҮЗ



ҚЫС

КӨКТЕМ

Жыл мезгілдерін салыстыр,ортақ белгілерін тап.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақын туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.



ҮІІ.Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау.



ҮІІІ .Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс Қашқынов. Ұнатам күзді мен.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды білімді,ақылды,іздемпаз болуға туған жердің табиғатын сүюге,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, сюжетті суреттер, Жеңіс Қашқынов суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы,ассоциация,салыстыру.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.А.Құнанбаев. Күз өлеңін жатқа айтқызу.Оқушыларға мәнерлеп оқыту.А. Құнанбаев туралы қысқаша түсініктерін сұрау. Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.

ІІІ.Қызығушылықты ояту.

«Күн шұғыласы» ойыны Күз мезгілі деген сөздер көз алдыңа нені елестетеді?


Күз

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.



ІҮ.Мағынаны тану.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Ұнатам күзді мен» Жеңіс Қашқынов



Автор туралы мағұлмат беру.



Қашқынов Жеңіс (Тоқырауын) (1942—2006) — 4 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы "Қуаныш" деген колхозда туған. 1964 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 

Алғашқы кезде республикалық "Лeниншіл жас" (бугінгі "Жас Алаш") газетінде істеп, 1965—1985 жылдары қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарады. Кейін қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, "Мектеп" баспасында жұмыс атқарады.

Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық "Пионер" журналы мен "Қазақстан пионері" газетінде жарық көрді.

Он алты жыр кітаптарын шығарған. Өлендері орыс, украин, өзбек, молдован, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын аударған.

Әдеби газет-журналдар мен бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.



Ү. Оқулықпен жұмыс.

а).Мәтінмен жұмыс. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

в)Өлең бойынша сұрақтар қою.

1.Өлең не туралы?

2.Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеп айтады?

3.Ақынның ойы қандай шумақтарда айқын байқалады?

4.Өлеңде қандай мезгіл туралы айтылған?

5.Сен өлеңді қандай әуенмен айтар едің?

6.Күз мезгіліндегі ойындардың қайсыларын жақсы көресің?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жаз.Ол үшін сызбадағы сұрақтарға жауап бер.

Өзіңе ұнаған күзгі ойынның суретін сал.

ҮІ. Ой толғаныс.



Сұрақ

Жауап

Даланың түсі қандай?

Алма қалай пісті?

Аспанды не қаптады?

Жел қандай?

Тырнасы қайткен?





Екі өлеңнің ұқсастығы неде?

Екі өлеңнің ерекшеліктері неде?

Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлеңнен байқайсың?



Вен диаграмасы КҮЗ


А.Құнанбаев

Күз

Ж.Қашқынов

Ұнатам күзді мен

Жыл мезгілдерін салыстыр,ортақ белгілерін тап.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақындар туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.



ҮІІ.Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау.Күз мезгілінде ойнайтын ойын түрінің суретін салу.



ҮІІІ .Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағанбетов. Бидай мен Қаңбақ. (Мысал)

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды мысалдың мазмұнымен таныстыру. Мысалдағы негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу,диалогпен оқу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды іздемпаз болуға тәрбиелей отырып,адамның мінез құлықтары жайлы ойларын дамыту.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, сюжетті суреттер, Асқар Тоқмағанбетов суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,рөлге бөліп оқу,әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы,ассоциация,салыстыру Вен диаграмасы,түртіп алу жүйесі.Эссе жазу.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Жеңіс Қашқынов. «Ұнатам күзді мен» өлеңін жатқа айтқызу.Оқушыларға мәнерлеп оқыту.Ж.Қашқынов туралы қысқаша түсініктерін сұрау. Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.

ІІІ.Қызығушылықты ояту.

Жұмбақты шеш.

1.Ұзын мұртты сарылар, 2.Шеңбер жасап өседі,

Қойынында наны бар. Желмен бірге көшеді.

«Күн шұғыласы» ойыны. Жұмбақтың шешуі Бидай,Қаңбақ деген сөздер екен ендеше ол сөздер сенің көз алдыңа нені елестетеді?


Бидай



Қаңбақ

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.

(Бидай дән.ұн,нан,береке,молшылық,тоқшылық), (қаңбақ шөп,тікен,далада өседі,түйе жейді,мақтаншақ)

ІҮ.Мағынаны тану.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Бидай мен Қаңбақ» А.Тоқмағанбетов



Автор туралы мағұлмат беру.



Асқар Тоқмағамбетов(19.9.1905, Қызылорда облысы, Терең өзек ауданы, бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар — 21.8. 1983, Қызылорда қ.)туған — ақын, жазушы.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

а).Мәтінмен жұмыс. Мысалды түсініп мәнерлеп оқу, мысалдың мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

в)Мысал бойынша сұрақтар қою.

1.Мысал не туралы?

2.Мысалда ақын Бидай мен Қаңбақты қандай адамдар мінезіне теңеп айтады?

3.Ақынның ойы қандай шумақтарда айқын байқалады?

4.Мысалда Бидайды қандай адамға теңейді?Ал Қаңбақ ше?

6.Күзде бидай не істейді ?



Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Бидай мен Қаңбақ жайлы эссе жазу.



ҮІ. Ой толғаныс.

Төменде берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айт:Бидайға ма , Қаңбаққа ма?




Сұрақ

Жауап

Онда қандай салмақ болсын!
«Уф» десе,ұшасың,

«Суф» десе ,қонасың.


Ұшарыңды жел біліп,

Қонарыңды сай біліп,

Сайран салып жүргенің.
Көктемде шығып,

Күз болса бұғып.


Жинағанымыз дән,

Айналамыз толған ән.


Абырой да даңқ та,

Ерлік те ,жеңіс те-

Барлығы осы егісте.




Вен диаграмасы Өсімдік


Бидай

Қаңбақ

Бидай мен Қаңбақты салыстыр,ортақ белгілерін тап.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақын туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.



ҮІІ.Үйге тапсырма.

Мысалды мәнерлеп оқып, жұмбақ құрастыру. ҮІІІ .Бағалау




Сабақтың тақырыбы: Абай. «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың білімін бекітіп , Абай Құнанбаев туралы түсінік беру.2. Олардың мәнерлеп оқу,әңгімелеу,талдау қабілеттерін дамыту. 3.Тілді құрметтеуге, сүюге, адамгершілікке , достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, сюжетті суреттер, Асқар Тоқмағанбетов суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік стратегиясы,ассоциация,салыстыру Вен диаграмасы,түртіп алу жүйесі.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтағы Білім , оқу , ғылым туралы нақыл сөздерді айтқызу.Абай атаның нақыл сөздеріне мән беріп оқу.

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.
Адам баласының ең жаманы – талапсыз.

Берілген сөз

Оған қарама-қарсы мағынадағы сөз

Білімді
Талапты
Ақылды


Білімсіз
Талапсыз
Ақымақ

Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.



ІІІ.Қызығушылықты ояту.

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-деп сабақты бастаймыз.

«Сөзжұмбақ шешу» ойыны.

1.Адамдарды алдайтын кім? (Алдар Көсе

2.Сиырдың төлі не? (Бұзау)

3.Қойдың пірі кім? (Шопан ата)

4. «Ұр, тоқпақ» ертегісіндегі байдың аты кім? (Қазбай)


















А

Л

Д

А

Р
















Б

Ұ

З

А

У







Ш

О

П

А

Н

А

Т

А

Қ

А

З

Б

А

Й






ІҮ.Мағынаны тану.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Ғылым таппай мақтанба» Абай.



Автор туралы мағұлмат беру.



Абай –ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы өшпес ерекше тұлға.Абай сөздері қыр-сыры мол дүние.

Абай 1845 жылан жылында туып , 1904 жылы , ұлу жылында,60 жасында Семей уезінің Шыңғыс тауында дүниеден қайтқан.Шын аты Ибраһим болса да , әжесі Зеренің еркелетіп қойған Абай деген есіммен аталып кеткен.

Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайланған.Абайдың шешесі Ұлжан бошан руынан тарайды.Абай 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресінде оқуға түседі.

Абай аудармашы Әжесі Зере

Ақын


АБАЙ

Шешесі Ұлжан Атасы Өскенбай

1904 жылы дүние салды 1845 жылы туған Кемеңгер,дана
Ү.Оқулықпен жұмыс

а).Мәтінмен жұмыс. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә) оқулықпен жұмыс.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.



Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:


Абай ата сөзі



Бес асыл іс

Бес дұшпаның (жаман іс)




Талап

Еңбек

Терең ой

Қанағат

Рақым

Малшашпақ

Еріншек

Мақтаншақ

Өтірік

Өсек

Әрқашан жақсыдан үйреніп , жаманнан жирене білейік.



ҮІ. Ой толғаныс.

«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»



Вен диаграмасы

Жағымды қасиеттер Жағымсыз қасиеттер


1.Ізденгіш

2.Ұқыпты

3.Инабатты

4.Талапты

5.Қайырымды


1.Еріншек

2.Жігерсіз

3.Салақ

4.Талапсыз

5.Рақымсыз

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақын туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.

ҮІІ.Үйге тапсырма.


Менің бойымдағы ұнамды қылықтар

Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар






Өлеңді мәнерлеп оқу. ҮІІІ .Бағалау



Сабақтың тақырыбы: «Білім керек бәріне» Фариза Оңғарсынова.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың Фариза Оңғарсынова туралы білетіндерін жаңа мағұлматтармен кеңейте отырып,өлеңді түсініп оқуға дағдыландыру.Өлеңдегі негізгі ойды анықтау.Автор туралы мәлімет беру.

2) Сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту,шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, сюжеттісуреттер,Фариза Оңғарсынова суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме,көрнекілік стратегиясы,ассоциация,салыстыру,эссе жазу .

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтағы Абай өлеңі «Ғылым таппай мақтанба» туралы әңгімелету.Абай атаның нақыл сөздеріне мән беріп оқу.Үйде толтырып келген кестені оқыту.Жақсы істер мен жаман істер жайлы айтқызу.Абай кім?

ІІІ.Қызығушылықты ояту:


Кім болам

(Ұстаз,дәрігер,құрлысшы,тәртіп сақшысы,жол полициясы,тоқ жөндеуші,ғалым,шахтер,т.б.) ІҮ.Мағынаны тану.Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Білім керек бәріне» Фариза Оңғарсынова.



Автор туралы мағұлмат беру.

1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.Ақын ,жазушы.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

Ү.Оқулықпен жұмыс:

а).Мәтінмен жұмыс. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә) оқулықпен жұмыс.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

б ) Оқушыларға іштей оқыту.

Өлеңді екі бөлімге бөліп оқушыларға оқуға беру (ЖИГСО әдісі),түсінбеген сөздеріне белгі қою ескертіледі (түртіп алу әдісі),оқу барысында мазмұнын әңгімелейді , әр бөлімге талдау жасалады.

Сөздік жұмысы:

Корабльді басқарып,мұхиттарды жалғасам.(түртіп алу әдісі:қойын дәптерге түсіру)



Сергіту сәті

ҮІ. Ой толғаныс.

«Фариза қыз» әнін тыңдату.

Осы өлеңді тыңдағанда көзіңе не елестейді? (Эссе жазылады)

Несібек Айтовтың «Оқулық» , «Білім керек бәріне» Фариза Оңғарсынова. Өлеңдерін салыстыр,айырмашылығы,ерекшелігі,ұқсастығы неде?

Несіпбек Айтов Фариза Оңғарсынова
Білім

Оқу

Оқулық

Дәрігер

Құрлысшы

Шахтер

ұшқыш

БІЛІМ

Біз бүгінгі өлеңді оқу барысында адамға жақсы білу үшін не қажет екен?

Яғни дұрыс айтасыңдар «Білім» қажет бәріне.



ҮІІ.Үйге тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқу.

ҮІІІ .Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың осы Білім керек бәріне бөлімін оқып алған білімдерін тексеру,бағалау.

2) Сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту,шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітап, сюжетті суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,тест.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтағы Фариза Оңғарсынованың өлеңі «Білім керек бәріне» туралы әңгімелету,өлеңді жатқа мәнерлеп айтқызу.

ІІІ.Жаңа сабақ:

ІҮ.Оқулықпен жұмыс: Тест сұрақтарымен оқып танысады.

Дайндалып әкелген тест сұрақтарына жауап жазу.

Ү.Дәптермен жұмыс:

1.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

А)Ахмет Байтұрсынұлы

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ыбырай Алтынсарин

В) Шоқан Уалиханов
2.Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А)Кел , балалар , оқылық

Ә) Бір аллаға сиынып

Б) Оқысаңыз балалар

В) Оқығанды көңілге
3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

А ) Қарызың

Ә) Тәртібің

Б) Білімің

В) Қылығың
4.Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А) Жыршы

Ә) Суретші

Б) Әнші

В) Ақын
5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Ахмет Байтұрсынұлы

Б) Абай Құнанбаев

В) Жүсіпбек Аймауытов
6.«Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?

А)Ілияс Жансүгіров

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ахмет Байтұрсынұлы

В) Жүсіпбек Аймауытов
7.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

А)Ыбырай Алтынсариннің

Ә) Ахмет Байтұрсынұлының

Б) Ілияс Жансүгіровтың

В) Жүсіпбек Аймауытовтың
8.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Жүсіпбек Аймауытов

Б) Сапарғали Бегалин

В) Ахмет Байтұрсынұлы
9.Абайдың нақыл сөзін аяқта.

«Адам баласының ең жаманы - ...»

А) Білімсіз

Ә) Ақылсыз

Б) Әдепсіз

В) Талапсыз
10.Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

А) Өсек,өтірік,талап,еңбек,білім

Ә) Өсек, өтірік, қанағат, ұрлық , бірлік.

Б) Өсек, өтірік ,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

В) Өсек, өтірік, ұрлық, салақтық, әдепсіздік.
ҮІ.Сабақты қорытындылау.

ҮІІ.Үйге тапсырма. Тест сұрақтарына дайындалу.

ҮІІІ. Бағалау.

Түсінік хат
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі,қоғам дамуындағы жаңа бағыттар мен нарықтық қарым-қатынастар еліміздің болашағы,бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңаша міндеттер қойып отыр.Мұның өзі оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлермен ұтымды ұштастыруды қажет етеді.

Оқытудың дәстүрлі түрінен басқа форма бар ма екен? Оқушыны қызықтыру үшін не істеуге болады? Оқушыны неге білім неге білім алсам деген ой бірінші емес? Оқушы неге баға үшін оқиды? деген сұрақтар мазалады.Сонымен қатар оқытуды жазу түрлерін меңгерсем , жаңа әдіспен жұмыс істесем , ерекше формамен таныссам деген құштарлығым басым болды. Кейінен сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының толық курсын бітірдім.Сабағыма әр қырынан қарауды ,жоғарыдағы сұрақтарға жауапты оқыту барысында үйрендім , білдім. Мүлдем сабақтың құрылымын өзгертуге жол ашылды.



Сабақ жоспары.

Бағалау. Нәтижені қалай тексеріп көруге болады?

Құралдары. Ненің көмегімен оқыту, жазу керек?

Мазмұны. Нені оқыту, жазу керек?

Мақсаты. Не үшін оқу мен жазуды білу керек?

Бұл СТО бағдарламасының философиясын түсінуді талап етеді. Оқушыларға стратегиаларды ұсына отырып, жана ақпаратты өз бетінше меңгеруге жұмылдыру жолына әрекет болып табылады. Ол үшін сабақтың бұрыңғы алгаритімін өзгертіп үш кезеңнен тұратын модельге көшу тиімді.



  1. Қызығушылығын ояту.

  2. Мағынаны ашу.

  3. Толғаныс бөлімі.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудын басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегиалардың әр сабақтың мақсат – міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Өз айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.

Өйткені, Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды.

Бала оқытқан мұғалім,

Бала болып ойлайды, - дегендей, «Мен бала болуды үйрендім».

Әр тақырыптың идеясының оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиалдайды, жағымды жағын алады.

Бұл бағдарламаның әдістерін пайдалана отырып өткізген сабақтарым қызықты , тартымды, әсерлі болды.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, өздеріне берілген сұрақтарға тынымсыз жауап іздеп, күннен- күнге талпына бастады.

Енді өзімнің 2- сыныптағы әдебиеттік оқу пәніндегі «Білім керек бәріне» тарауы бойынша өткізген сабақ жоспарымды ұсынамын.

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының нәтижесі мынандай:

1.Оқушының сабаққа белсенділігі артты.

2.Мәтінді оқуға қызығушылығы артты.

3.Өз пікірін дәлелдей алады.

4.Шығармашылықпен сұрақ қоя біледі.

5.Достарының ойын тыңдауға тырысады.

6.Болжам жасау арқылы елесі ,қиялы дамыды.

7.Оқушының сезімі дамыды.



8.Ұйымшылдыққа үйренеді.

Міне ,осындай жетістіктерді көре отырып, өзім де әрі қарай жұмыс жасауды жөн көрдім.
Каталог: uploads -> doc -> 0318
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0318 -> Ақтөбе орта мектебі Пән мұғалімі: Анаев Нурлан Нурадинович


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет