5. Педоцентристік тұжырымдама. Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі.
Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнердің еңбек мектебі, (1854-1932), В. Лай реформалар кезеңі теориясы жатыр (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту емес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы.
В. Лай окыту үдерісінде қабылдау, өңдеу жэне байқату тэрізді үш кезеңді бөліп қарастырды: . Байқатуды біліхмдер негізіндегі түрлі іс-әрекет ретінде түсіндіреді. Бүларга шыгарма жазу, сурет салу, театр қою, практикалық жүмыстар жатады. Әрине, мүндай жұмыстар танымдық іс-әрекетті жандандырып, ойлау қабілетін дамытуға, проблеманы шешуді үйретуге, оқу үдерісін кызықты ұйымдастыруга мүмкіндік береді. Бірак бүл дидактикалык жүйеде балалардың үйымдаспаган өзіндік іс-эрекетіне ерекше мән беру жэне тек олардың гана мүдделерін ескеріп отыру материал іріктеуде жүйеліліктщ бұзылуына, уақыттың көп жұмсалуына, мүгалімнің екінші орынга ысырылуына, сол себепті окыту деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сәйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
Жаңа педагогика өкілдері оқу үдерісінде оқушының белсенділігін арттыруды дидактиканың басты проблемасы ретінде қарастырды. Бұл идеяға сәйкес окыту үдерісі қүрылымы: іс-эрекет барысында қиын-дықтарды сезіну, қиындықтар мәнін жэне проблеманы түжырымдау, проблеманы шешуге қатысты болжамды жасау жэне оны тексеру, корытынды жасау және меңгерілген білімдерге сэйкес жаңа іс-әрекет жасау деп көрсетіледі. Оқыту үдерісі кезеңдері зерттеушілік ойлау мен ғылыми ізденісті тудырады.