Сабақтың жоспары: Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Дидактиканың негізгі міндеттері



бет7/20
Дата06.02.2022
өлшемі71,89 Kb.
#79990
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Дидактиканың негізгі ұғымдары

4. Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Дәстүрлі оқыту жүйесінде сабақ беру, яғни мұғалімнің іс-әрекеті басым қарастырылады. Бұл жүйеге Я.А. Коменскийдің, И.Г. Песталоц-цидің, И.Гербарттың және неміс классикалық гимназиясының дидактикалық тұжырымдамалары кіреді. Дәстүрлі оқыту жүйесіне қатысты И.Гербарттың (1776-1841) оқыту жүйесіне ерекше тоқталуға болады. Гербарт ілімі бойынша оқыту мақсаты интеллектуалдық біліктерді, түсініктерді, ұғымдарды, теорияларды калыптастыру болып табылады. Сонымен бірге ол тәрбиелей окыту идеясын тұжырымдады. Ол оқыту тэрбиелік сипатта болуы керек деп есептеп, білімдерді окушының сезімін, еркін дамытумен байланыстыру қажет деп тұжырымдаған. Бұл идеяны казір тұлғаның мотиваңиялық-қажеттілік сферасын калыптастыру деп түсінуге болады. Гербарт идеясының тағы бір ерекшелігі — ол оқытуды кұрылымы бойынша төрт сатыға бөледі: түсініктілік сатысы — материалды бөлін және оны тереңдете қарастыру; ассоциация сатысы — жаңа материалды өткен білімдермен байланыстыру; жүйе сатысы — қорытындыларды, ұғымдар мен заңдарды түжырымдау; әдіс сатысы — теорияны түсіну, оларды жаңа күбылыстарға, ситуацияларға қолдану. Қазіргі тілмен айтқанда баяндау, түсіну, жалпылау, колдану элементтері жиынтығы оқыту қүрылымын қүрайды. Шынында, бүл теория оқыту үдерісін мүғалімнің тиімді іс-әрекетін қүру ретінде түсіндірді. Гербарт дидактика үшін қажеттілік ретінде мүғалімнің іс-әрекетін үйымдастыруға жэне жүйелеуге үмтылды. Гербарттың этикалық және психологиялық түсініктері идеалистік және метафизикалық сипатта болды. Бүл оның дидактикалык жүйесіндегі кемшіліктердің байкалуына алып келді. Мүндай кемшіліктер қатарына көпсөзділік, жаттандылық, интеллектуализм, баланың қажеттіліктері мен мүддесінен жэне өмірден алшақтык жатады. Сондыктан бүл жүйенің басты мақсаты дайын білімдерді беруге үмтылу, ақыл-ой белсенділігін оятпай, ойлау қабілетін дамытпауы, өктемшілдік сипатына байланысты окушының өз бетінше жүмыс істеуін дамытпауы сынға алынды.
XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой жұмысымен көп айналыстырмағаны, баланың қажеті мен қызығушылығын ескермегені, өктемдігі, үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдың басында жаңа оқыту тәсілдері пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет