3) Негізгі дидактикалық тұжырымдама. Оқыту үдерісі дидактикалық жүйелер деп аталатын бірқатар психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе бірыңғай тұтас құрылымды құрайтын және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін элементтер жиынтығы болып табылады. Жүйені сипаттау білім беру мақсаттарын, мазмұнын, дидактикалық үдерістерді, әдістерді, құралдарды, оқыту формалары мен принциптерін анықтауды кажет етеді.
Осы кезге дейін қолданылып жүрген барлық дидактикалық тұжырымдамаларды үш топқа жіктеуге болады. Олар дәстүрлік, педоцентрикалық және казіргі жүйелер деп топталады. Бұлай топтау окыту үдерісі объектісі мен пэніне қатысты жүргізілді.
Әрқайсысының негізгі бағыттары, ғалымдардың теориясы бар.