Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Сабақ №__50_
Күні:______
Сынып:_11___
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Дұрыс көпбұрыштар анықтамасын және қасиеттерін қайталау, есептер шығару дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау..
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Творчествалық ізденіс, практика
Сабақтың түрі: Топтық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және топтарға бөліп отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушының жан – жақты білімін тексеру:
Мына суреттегі көпбұрыштың түрлерін анықта
3. Қайталау. Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді.
1) Оқушылардың әрқайсысы дөңес көпбұрыш сызады.
2) Тең қабырғалы үшбұрыш салады
3) Шаршы салады
Тең қабырғалы үшбұрыштың және шаршының анықтамаларын, қасиеттерін айта отырып әр топтан бір оқушыдан шығып тақта берілген суретті пайдаланып жазып шығады.
Қабырғалары,бұрыштары тең
Тақтада барлық қабырғалары және бұрыштары тең бесбұрыш, алтыбұрыш алып, қабырғалары мен бұрыштарын өлшейміз.
Анықтама: Барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды.
Дұрыс n бұрыштың қабырғасын аn деп белгілесек, барлық қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі Pn = n• аn болады.
Дұрыс n бұрыштың бұрыштары тең, ал барлық бұрыштарының қосындысы 180˚(n – 2) болғандықтан, оның әрбір бұрышы
α = болады.
1 – мысал. Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек.
Шешуі. n = 15 деп алып, α = формуласын пайдаланамыз.
Сонда α = •180˚ = 156˚
Жауабы: 156˚
2 – мысал. Бұрышы 144˚ болатын дұрыс n бұрыштың қабырғалар санын анықтау керек.
Шешуі: α = формуласының көмегімен α = 144˚ деп алып, дұрыс көпбұрыштың n бұрыштар санын табамыз:
144˚ = , n = 10
Жауабы: n = 10(он бұрыш)
Достарыңызбен бөлісу: |